1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Фармакологияның аңықтамасы, бөлімдері. Фармакологияның мазмұны және оның медициналық- биологиялық ғылымдар арасындағы орны



бет2/31
Дата09.02.2023
өлшемі146,17 Kb.
#168190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік

4.Фармакологияның аңықтамасы, бөлімдері. Фармакологияның мазмұны және оның медициналық- биологиялық ғылымдар арасындағы орны.
Фармакология — (рһагтасоп — дәрі, logos — ілім) дәрі ретінде қолданылатын химиялық заттардың тірі ағзамен әсерлесуін және жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестірумен айналысатын ғылым.
Фармакология дәрілік заттардың әсері олардың физика- химиялық құрылымына, мөлшеріне, концентрациясына, ағзаға енгізу орны мен әдісіне, және ағзаның алғашқы қалпына және т.б. жағдайларға тәуелді болатынын айқындайды.
Фармакологияны 2 бөлікке бөліп қарастырамыз: жалпы және жеке. Жалпы фармакология дәрілік заттардың ағзамен әрекеттесуінің жалпы заңдарын зерттесе, жеке фармакология нақты фармакологиялық топтар мен жеке препараттарды қарастырады.
Фармакологияның бір басты саласына фармацияжатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.

5.Дәрілердің әсерлері. Жергілікті, рефлекторлы, резорбтивті, талғамды, тікелей, жанама, жағымсыз әсерлері. Этиотропты, патогенездік және симптомдық терапия түрлері.
Этиотропты ем аурудың себебін тоқтатуға бағытталған.
Симптоматикалық емнің басыты мәселесі жағымсыз симптомдарды жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда сипмтоматикалық ем патогенетикалық рөл атқарады.
Дәрілік заттардың жағымсыз (теріс) әсерлерінің түрлері.
Көптеген дәрілік заттар терапиялық әсер көрсете отырып, жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, нәтижесінде ауыр асқынулар, тіпті өлімге әкеледі.
Жанама әсерлер терапиялық дозада пайда болып, әдетте ағзаға колайсыз болып табылады. Бірақ кейде жанама әсерлердің өзі емдік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жергілікті әсер – дәрілік препараттың қолданылатын жері.
Резорбтивті әсер – препараттардың қанға еніп, бүкіл ағзаға әсер етуі.
Рефлекторлы әсер - сезімтал рецепторларға тітіркендіргіш препараттарды қолданып, орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш импульс өткізеді, ал орталық жүйке жүйесінен дертке шалынған органға барады, сол арқылы оның жұмысын өзгертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет