1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация). Дәрілердің өзара әрекеттесуі



бет8/31
Дата09.02.2023
өлшемі146,17 Kb.
#168190
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік

15. Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация). Дәрілердің өзара әрекеттесуі.
Дәрілік препараттардыкайта пайдаланудан:

  • кумуляция (жинақталу) — дәрілік заттар әсерінің оларды қайталап колданғанда артуы. Кумуляцияны 2-ге бөліп карастырамыз:

  1. материалды — фармакологиялық агенттердің (мысалы, жүрек гликозидтері) жинақталуы;

  2. функционалды «жинақталу» заттардың емес, тек фармакологиялық әсерлердін жинақталуы (мысалы, этил спиртін қабылдау);

  • сенсибилизация — кайталап қабылдағанда алдыңғы қолдануға қарағанда әсері (әдетте аллергиялық сипатка ие) артық болуы;

  • үйрену — қайталап пайдалануда әсердің азаюы; үйрену баяу (мысалы, айдағыш заттар, барбитураттар) және тез, тіпті бірнеше минут болуы мүмкін (мысалы, эфедрин сияқты); тез үйрену тахифилакция деп аталады;

  • дәріге тәуелділік (құмарлық) — ағзаның қалыпты жұмыс істеуі нашарлағандықтан, препаратты қабылдауга ұмтылу болуы мүмкін.

Дәріге тәуелділік:

  • психикалық;

  • физикалық болып бөлінеді.

Психикалық дәріге тәуелділік — бұл препаратты тоқтатқан кезде тек эмоционалдық ыңғайсыздыктың болуы (мысалы, кока­ин, галлюциногендер).
Физикалық дәріге тәуелділік — препаратты тоқтату (мыса­лы, морфин, героин т.б.), немесе антагонистерді енгізу кезінде абстиненцияның дамуы (соматикалық-вегетативті және неврологиялық бұзылулар, косымша психикалық өзгерістермен қатар жүретін ауыр жағдай).
Фармацевтикалык өзара әрекеттесу ағзаға енгізу алдында, оларды бірге қосқанда дәрілік заттар арасындағы физика-химиялық реакциялардың нәтижесінде орын алады. Дәрілік зат­тарды бірге қолданғанда (шприцтегі араласу кезінде, сақтау кезінде, рецепті дүрыс тағайындамау кезінде) өзара қолайсыз әрекеттесупайда болады. Нәтижесінде, тұнба түзіліп, ерігіштік езгереді, түсі және иісінің өзгеруі — фармацевтикалық сәйкессіздікті, сондай-ақ негізгі фармакологиялық қасиеттердегі өзгерістер немесе уыттылығын, жанама әсерін күшейтеді — бұл формакологиялық сәйкессіздік.
16.Органикалық және бейорганикалық тұтқырлаушы дәрілер (вяжущие). Қаптаушы дәрілер. Адсорбциялаушы дәрілер. Тітіркедіргіш дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.
Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы препараттарға жатады. Қармаушы дәрілер шырыш қабығына, теріге қолданғанда белок қабыршығын құрып, сезгіш нерв талшықтарын тітіркендіргіш заттардан қорғайды.Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады.
Қаптағаш заттардың стоматологияда қолданылуы стоматит, гигивит және басқа ауыз қуысының қабынуларында ауыз – қуысын шаю үшін қолданылады.
Тұтқырлаушы заттар вакуольдің жасуша шырынындағы күрделі органикалық заттарға жатады. Иілік заттарды медицинада дененің, шырышты қабығы қабынғанда емдеуге пайдаланса, тері илеу өнеркәсібінде теріні жұмсарту үшін қолданады.
Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Қолдану көрсеткіштері.Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды.
Адборбциялаушы заттар Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Сорғыш дәрілер суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет