Байланысты: 1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік
23. Терминдерге анықтама беріңіз: тератогенді әсері, эмбриотоксикалық әсері, мутагенді әсері және канцерогенді әсері Тератогенді әсер-Дәрілік заттардың болуы мумкін тератогенді әсерлеріне бірқатар елдерде талидомидті қолданумен байланысты қайғылы оқиға назар аудартты. Бұл препарат медицина практикасына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш зат ретінде енгізілген болатын. Бірақ, анықталғандай талидомидтің айқын тератогенді қасиеттері бар. Оны қабылдаған кезеңдерде бірнеше мыңдаған балалар әртүрлі аномалиялармен (фокомелия2, амелия, беттегі гемангиома, асқазан-ішек жолы жағынан аномалиялармен және басқалар) туылды. Бұл оқиғалар тек жаңа препараттарға емес, сонымен бірге бұрыннан белгілілеріне де ерекше сақтықпен қарауға мәжбүр етті.
Эмбриотоксикалық әсер-Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүкгіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін пайда болса, оларды эмбриотоксикалық1, өте кеш мерзімдерде -фетотоксикалық2 деп атайды.
Мутагенді-Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.
Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).
Канцерогенді әсер-Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.
Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).