1-Дәріс. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


І. 1. 4 – тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің білім мазмұны



бет2/7
Дата10.12.2021
өлшемі72 Kb.
#78957
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 1. Қазақ тілі оқыту әдістемесінің қалыптасуы, дамуы.

І. 1. 4 – тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің білім мазмұны

Тілді оқыту әр сатының (бастауыш, орта, жоғары) өзінің ерекшелігіне байланысты дамып, өзгеріп отырады. Оқыту – білім алушыға білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Осы мәселелерді негізге алатын жоғары оқу орнындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің білім мазмұны – адамзат жинақтаған тәжірибенің болашақ маманның білім беру саласында жұмыс істеуіне қажетті және арнайы меңгерілетін бөлшегі. Яғни, ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыратын қор жиынтығы.

Әдіскер-ғалымдар оқыту үдерісінің бірнеше мәнін айқындап көрсетеді. Жоғары оқу орнындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша ұсынылатын білім мазмұнында бұл мәселелерге ерекше назар аударуды қажет етеді. Болашақ маманның қазіргі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар мен әлеуметтік сұранымды өзінің кәсіби әрекетінде үнемі ескеріп, басшылыққа алуына бағыт беретін білім мазмұнының жүйесі қазақ тілін оқытудың үдеріс ретіндегі ерекшелігі мен олардың жалпы сипатына негізделіп құрылады. Сондықтан төменде осы үдерістің ең маңызды қырлары сараланады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет