3 ДӘРІС. Әлеуметтік зерттеулер 1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Кез келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгісіз деген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан әлеуметтану проблемасын ғылыми тұрғыдан әлеуметтану жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Әлеуметтану жөніндегі қазіргі әдістемелік әдебиеттерде әлеуметтану проблемаларын екі типке: ғылыми проблемаларға (олар жауаптары әлеуметтанушы-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын әлеуметтану ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін әлеуметтанушы-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі. Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушы-зерттеушінің нақ базалық әлеуметтанушылық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда әлеуметтану проблемасының өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің әлеуметтану проблемасының мәні жөнінде нақтылы ештеңе айта алмайтындай, әлеуметтанушы да еш нәрсе түсінбейді). Әлеуметтанушының мұндай базалық білімі зерттелетін әлеуметтану проблемасының пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Әлеуметтанушының әлеуметтану пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтанушыға зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
2. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер әлеуметтану тұрғысынан зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің міндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
3. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады. Мынадай мысал келтірейік: қайсыбір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының басшылығы бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтанушыларды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде әлеуметтанушылардың әрекеттері келесідей: олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, әлеуметтанушылар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады. Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратты анықтап алу қажет. Жиынтық - соларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы (7). Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген кіші тобы. Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Танымның жалпы теориялық және әдістемелік принциптерін түсіндіріп беріңіз
2. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?
3. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты (теориялық, қолданбалы) неде?
4. Әлеуметтік зерттеудің міндеттері (негізгі және негізгі емес) қалай жасалынады?
5. Зерттеу объектісі мен пәні таңдауға қойылатын талаптарды атап өтіңіз
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиет:
1. Абдикерова, Г.О. Қазіргі қоғамдағы тұлға. Алматы, Қазақ университеті, 2012, 124б.
2. Әбдікерова, Г.О. Әлеуметтану, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 132б. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 166б.
3. Биекенов К.Ү. Әлеуметтану тарихы, Алматы, 2010, 214б.
4. Нұрбекова Ж.А. Отандық әлеуметтану тарихы, Алматы, 2012, 112б. 5. Маулшариф М. Әлеуметтану, Алматы, 2010, 115б.
6. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности.М., 2011, 258с.
7. Смехнова, Г.П.Основы прикладной социологии.М., 2009, 211с.
Қосымша әдебиет:
1. Аванесов В.С. Тесты в социологическом исследовании. - М., 1982.
2. Аварьянов Л.Я. Искусство задавать вопросы. - М., 1987.
3. Андреенков В.Г., Маслова О.М. Методы сбора социологической информации: Методическое пособие. - М., 1985.
4. Белановский С.А. Фокусированное интервью. - М., 1994.
5. Бутенко И.А. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. - М., 1989.
6. Горшков М.К. и др. Как провести социологичекое исследование. - М., 1990.
7. Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований.- М., 1988.
8. Гуревич Л.Я. Социологические и маркетинговые исследования: современные методики. – Алматы: Республиканский Издательский Комитет, 1997.
9. Гуров Ю.С. Методология и методика социологических исследований. - Чебоксары, 1995.
10. Давыдов А.А. Респондент как источник информации. - М., 1993.
11. Дмитриева Е.А. Метод фокус-группы. - М., 2000.