14 ДӘРІС.Ірі жаттықтыру циклдерінің құрылымы
Жоспар: 1. Спорттық жаттығуды кезеңге бөлу негіздері.
2. Спорттық жаттығуларды дайындық кезеңінде құру ерекшеліктері.
3. Спорттық жаттығуларды сайыс кезеңінде құру ерекшеліктері.
4. Спорттық жаттығуларды өтпелі кезеңде құру ерекшелік-
тері.
№ 14.1.Спорттық жаттығудың үлкен циклі үшін жылдық жаттықтыру циклінің құрылымы неғұрлым типті болып табылады. Оны үш кезеңге бөледі: дайындық, сайыс және өтпелі. Көрсетілген кезеңдер спорттық пішінге ие болу, оны сақтау және жоғалту заңдылықтарына сәйкес бөлінеді.
Спорттық пішін спортшының жоғары спорттық нәтиже көрсетуге оңтайлы дайындығын білдіреді. Ол физиологиялық, психологиялық және интегральдық белгілер кешенімен (мысалы, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерінің жақсы функционалдық жай-күйімен, ұрыс дайындығы немесе жоғары техникалық-тактикалық дайындық жай- күйімен) сипатталады. Спорттық пішіннің негізгі және жанама өлшемдері. Спорттық пішіннің негізгі өлшемдері ресми спорттық сайыстар кезінде көрсетілетін спорттық нәтиженің өзі болып табылады.
Спорттық пішіннің жанама өлшемдері техникалық, тактикалық, психологиялық дайындық көрсеткіштері, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, бұлшықет жүйелерінің және т.б. функционалдық жағдайының көрсеткіштері болып табылады. Цифрлық бейнесі бар спорттық пішіндердің өлшемдері екі топқа бөлінеді:
– ілгерілеу өлшемдерінің тобы;
– тұрақтылық өлшемдерінің тобы. Ілгерілеу өлшемдері өсу дәрежесі мен спортшы жетістіктерінің абсолюттік деңгейі бойынша спорттық пішінді сипаттайды. Ондағы көрсеткіштер екеу.Олар:
– жаттығудың өткен цикліндегі үздік жетістіктер мен жаттығудың ағымдағы цикліндегі қарастырылатын нәтиже арасындағы айырмашылықтар шамасы (айырмашылық қаншалықты көп болса, спорттық пішінге ие болу мүмкіндігі де соншалықты);
– бақылау сайыстары мен бірінші старттар нәтижелері арасындағы айырмашылық шамасы (айырмашылық қаншалықты болса, спорттық пішінге ие болу мүмкіндігі де соншалықты). Тұрақтылық өлшемдері ие болған спорттық пішіннің мықтылық дәрежесін сипаттайды. Ондай өлшемдер бар болғаны үшеу.
Олар:
– спорттық нәтижені есептік аймақ шегінде көрсету. Спорттың циклдік түрлерінде төменгі шекара ең жоғарғы жеке нәтиженің 98%, ал спорттың циклдік емес түрлерінде ең жоғарғы жеке нәтиженің 95-97% шегінде анықталады;
– спорттық пішіннің есептік аймағына сай келетін спорттық нәтижелер арасындағы уақыттың орташа аралығы (аралық неғұрлым аз бол- са, соғұрлым спорттық пішінде болу мүмкіндігі артық);
– спорттық нәтиже есептік аймақтан төмен түспейтіндей аралықта уақыттың жалпы ұзақтығы (уақыт неғұрлым ұзақ болса, спорттық пішінге келу мүмкіндігі соғұрлым жоғары).
Спорттық пішіннің жоғарыда көрсетілген өлшемдерінің ақпаратты- лығы сайыстарға түсу жиілігіне тәуелді. Спорт практикасында апта сайынғы старттар неғұрлым объективті ақпарат алуға ықпал етеді. Сабақты спорттық жаттығудың әр кезеңі шеңберінде өткізе отырып, спецификалық талаптарды ескеру, іске асырылатын міндеттер ерек- шеліктерінің неғұрлым толық ескерілуін сақтау қажет. Сондықтан спорттық жаттығудың әр кезеңі шеңберінде ұйымдас-тырылатын жаттығу үдерісі спецификалық белгілерімен сипатталады.
Спорттық жаттығуды дайындық кезеңінде құру ерекшеліктері Спорттық жаттығудың дайындық кезеңі спорттың көптеген түр- лерінде екі кезеңге бөлінеді: жалпы дайындық және арнайы дайындық кезеңдері. Сонымен бірге жоғарыда көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында өткізілетін сабақтар төмендегі белгілерімен сипатталады: а)
Жалпы дайындық кезеңі. Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішін қалыптасатын ба- зада алғышарттарды құру, кеңейту және жетілдіру.
Міндеттер:
– ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің жалпы деңгейлерін арттыру;
– дене сапаларын жан-жақты дамыту; – қозғалыс дағдылары мен іскерліктер қорын кеңейту. Қолданылатын құралдар. Жалпы және арнайы дене дайындығы құралдарының айрықша арақатынасы белгіленеді. Жаңа келгендермен жұмыста ол 3:1, спортшы-разрядшылармен жұмыста 3:2 және жоғары білікті спортшылармен жұмыста 1:1 арақатынастарында белгіленеді.
Жаттықтыру сабақтарының белгілері:
– спорттық жаттығуда жалпы дене дайындығының әртүрлі құралдары кеңінен қолданылады;
– спорттық жаттықтыруда сайыс жаттығуларын қолдануға біраз шектеу қойылады;
– дене жүктемесі көлемінің артуы оның қарқын-дылығының өсу екпінін қамтуы тиіс;
– жаттықтыру үдерісінде базалық және тартатын мезоциклдер жиі қолданылады.
б) Арнайы дайындық кезеңі Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішіннің тікелей қалы- птасуын қамтамасыз ету.
Міндеттер:
– оңтайлы дайындық компоненттерінің үйлесімді бірлігіне қол жеткізу;
– арнайы жаттықтырушылықты жоғары дәрежеде дамыту. Қолданылатын құралдар. Жалпы және арнайы дене дайындығының қолданылатын құралдарының арақатынасына түзетулер енгізілуде. Жалпы дене дайындығының көлемі жаңа бастаушы спортшыларда 50%- ға дейін, спортшы-разрядшыларда 40%-ға дейін және жоғары білікті спортшыларда 30%-ға дейін төмендейді.
Жаттықтыру сабақтарының белгілері:
– жаттықтыру үдерісіне психологиялық дайындық қосылады;
– сайыс жаттығуларын қолдану біртіндеп арттырылады;
– жаттықтыру үдерісіне бақылау старттарына қатысу да жатады;
– жаттықтыру үдерісі оның қарқындылығы есебінен өсу үрдісіне ие;
– орындалатын жұмыс қарқындылығын арттыру салдарынан жүктеме көлемін қысқарту жалпы дайындық жаттығуларының төмендеу үлесі есебінен қамтамасыз етіледі;
– жаттықтыру үдерісінде базалық, бақылау-дайындық және сайыс алдындағы мезоциклдер жиі қолданылады.