1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары


Жылдамдық м/секундпен өлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың барлық нүктелерінде де тұрақты болса, онда қозғалыс бір қалыпты, егер ол өзгеріп отыратын болса, өзгермелі



бет7/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)

Жылдамдық м/секундпен өлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың барлық нүктелерінде де тұрақты болса, онда қозғалыс бір қалыпты, егер ол өзгеріп отыратын болса, өзгермелі деп аталады. Жылдамдықтың белгілі бір уақыт ішінде өзгеруі үдеу деп аталады. Ол оң да, теріс те болуы мүмкін. Қозғалысты орындау процесінде жылдамдық та, үдеу де өзгеруі мүмкін.
Егер қозғалыс жылдамдығы күрт өзгермей жай үдеумен орындалса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды, бірден жоғары жылдамдықпен басталатын қозғалысты – күрт қозғалыс дейді, сондай-ақ біркелкі үдемелі және біркелкі баяулайтын немесе кілт тоқтайтын қозғалыстар болады. Дене жаттығуларын орындағанда бүкіл дененің қозғалыс жылдамдығын және дененің жеке мүшесінің шапшаңдығы бөлініп алынады. Бүкіл дененің қозғалу жылдамдығы дененің жеке мүшелерінің шапшаңдығына және басқа факторларға (аяқ қолдың ұзындығына, сыртқы орта кедергісіне т.б.) тәуелді болады. Жылдамдық оптималды және максималы болып бөлінеді. Жылдамдық ұлғайған сайын нәтиже де жоғары болады. Дегенмен, мейлінше жақсы нәтижеге қол жеткізуде қозғалыс жылдамдығының әр адам үшін оптималды болуының маңызы зор. Қозғалыс жылдамдығы ықтиярлы (тауға шыққанда) және ықтиярсыз (таудан түскенде) болуы мүмкін. Дене тәрбиесі процесінде дене шынықтырумен айналысушылардың козғалыс жылдамдығын өзгерте отырып меңгерту, үйрету өте маңызды: мысалы («жылдамдықты сезінуді» дамыту, белгіленген жылдамдықты ұстану).
Уақыттық сипаттамаларға жаттығуды орындау ұзақтығы мен қарқыны жатады. Дене жаттығуларын орындаған кезде техниканың жеке бөлшектері әртүрлі ұзақтықта атқарылады (лақтыру кезінде құлаштау лақтырудан жайырақ орындалады). Жеке статикалық жағдайларды (тік тұру) жеке дене мүшелерінің қозғалыстарын орындауға әртүрлі уақыт бөлінуі мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бөлшектерінің ұзақтық өлшемін біле отырып, түсетін салмақтың жалпы ауқымын анықтауға және оны реттеуге болады.
Қарқын – уақыт бірлігінде қозғалыс циклдерін немесе қозғалыс санын қайталау жиілігін (жаяу жүру қарқыны минутына 120-140 адымға тең). Қозғалыс қарқыны дененің қозғалатын бөліктерінің салмағына тәуелді (мысалы, қолдың саусақтары секундына 8-10, ал кеуде 1-2 қозғалыс жасай алады. Қарқынның өзгеруіне қарай көбіне қозғалыстың барлық құрылымы сапалық өзгеріске ұшырайды. Мысалы, қарқын белгілі шектен асса, жүріс жүгіріске айналады (минутына 180-200 адым). Қозғалыс қарқынының өзгеруі денеге түсетін жүктің артуына немесе азаюына әкеледі.
Әр адамның қозғалысты атқаруының өзінше жеке қарқыны бар. Бұл ағза ерекшеліктеріне (бой, салмақ, жүйке жүйесінің типі) тұтас алғанда жеке адамдық қасиетке (жалпы белсенділік т.б.), сондай-ақ сол бір қозғалысты меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалысты орындаудың жеке дара қарқынын өзгертуге болады.
Ырғақ – бұл қозғалыстың күшті, айрықша бөліктерін, әлсіз, сылбыр бөліктерімен уақыт жүзінде үйлестіру. Қозғалыстың айрықша, күшті бөлігі бұлшық ет күшін мейлінше көп жұмсаумен орындалады, содан соң қозғалыс біраз уақыт инерция бойынша, сылбыр жүріп жатады (шаңғы таяқтарын бір мерзімде таяна серпу және қосаяқтап сырғанау). Айрықша кезең белсенді болған сайын қозғалыстың сылбыр бөліктері соғырлым толық пайдаланылады. Бұлшық еттің ширығуы мен босаңсуын дер кезінде кезектестіріп отыру дене жаттығуларын дұрыс орындаудың, қимыл-қозғалыс міндеттерін шешудің үнемді тәсілдерінің бірі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет