1.1.2 Эконометриканың анықтамасы, мақсаты мен міндеттері Эконометрика – математикалық және статистикалық әдістер мен үлгілердің көмегімен экономикалық объектілер мен үрдістердің (процестердің) нақты сандық және сапалық өзара байланыстарын оқытатын ғылым. "Эконометрика" термині екі сөзді біріктіреді: "экономика" – экономикалық жүйелер туралы ғылым және "метрика" - өлшеулер туралы ғылым.
Бұл ғылым 3-компонеттердің өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болған:
Экономикалық ілім
Эконометрикалық зерттеудің негізгі мақсаты – шынайы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді сипаттау, талдау және болжамдау үшін үлгі құрастыру.
Эконометриканың негізгі мәселесі болып үлгіні құрастыру және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді сипаттау, талдау және болжамдау үшін оның мүмкіндіктерін анықтау.
Эконометриканың міндеттері– экономикалық үлгілерді құрастыру және олардың параметрлерін бағалау, экономикалық көрсеткіштер мен олардың байланыс түрлерінің қасиеттерінің гипотезаларын тексеру.
Эконометриканы негізгі міндеттері (эконометрикалық зерттеудің кезеңдері):
эконометрикалық үлгілерді құрастыру, яғни оларды математикалық пішінде көрсету (спецификация мәселесі);
құрастырылған үлгінің параметрлерін бағалау (параметризациялау кезеңі);
үлгінің табылған параметрлерінің сапасын тексеру (верификациялау кезеңі);
құрастырылған үлгіні түсіндіру, болжамдау және болжау үшін және зерттелініп отырған экономикалық көрсеткіштерді жүргізу үшін пайдалану.
Экономикалық үрдістерді үлгілеу кезінде келесі мәліметтер типтері пайдаланылады:
а) cross-sectional data – кеңістіктік мәліметтер –әр түрлі экономикалық объектілер бойынша бір уақыт мезетінде алынған мәліметтер жиыны;
б) time-series data – уақыт қатарлары – әр түрлі кезеңдер немесе уақыт мезеттеріндегі бір экономикалық параметрді бақылау. Бұл мәліметтер табиғи түрде уақытпен реттелінеді. Инфляция, ақшалық эмиссия (жылдық), АҚШ долларының курсы (күнделікті);
в) panel data – панельдік мәліметтер– бірнеше уақыт кезеңдерінде әр түрлі экономикалық объектілер бойынша алынған мәліметтер жиынтығы (санақ жүйесі).