№1 дәріс Фармакологияға кіріспе. Жалпы фармакология. Афференттік жүйке



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата18.12.2021
өлшемі245,93 Kb.
#102717
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
135 110 184 лекция стом №1
oxides Zhanar, oxides Zhanar, 135 110 184 лекция стом №1
Дәрінің кері әсерлері:

  

Дәрінің  уытты  әсерлері  –  ең  көп  мөлшерден  болады,  жағымсыз  әсерлер  –  емдік 



мөлшерден,  аллергиялық  жағымсыз  әсерлер    -  дәрінің  кез  келген,  соның  ішінде  ең  аз 

мөлшерден де пайда болады.  

Кумуляция  –  дәрінің  организмде  жинақталуы:  материалдық  кумуляция  –  дәрінің 

организмде жинақталуы; функциялық кумуляция – дәрі әсерінің жинақталуы.  

Дәрілердің  жағымсыз  әсерлері:  1)  арнамалы  –  дәрі  қасиетіне  байланысты,    2) 

бейарнамалы  –  организмнің  ерекшелігіне  байланысты,  ол  аллергиялық,  генетикалық 

себептерден болуы мүмкін, идиосинкразия. 

   

Дәрілерді стоматологияда ішуге жақ-бет аймағында орналасқан ауруларды емдеу 

үшін  резорбтивті  мақсатта  қолданады.  Мысалға,  флегмона,  остеомиелит,  стоматитте 

ішуге сульфаниламидтер, антибио- тиктер, витаминдер, гистаминге қарсы және басқа да 

препараттарды  та-  ғайындайды.  Алайда,  стоматологтар  тітіркендіргіш  қасиеті  бар 

дәрілерді  (антибиотиктер,  салицилаттар,  ментол,  т.б.)  ішуге  бергенде  ауыз  қуысының 

зақымдау мүмкінділігін (стоматит, хейлит, “валидолды тіл”) ескергені жөн. 

    


Инъекцияны  жиі  хирургиялық  стоматологияда  (жергілікті  анестетиктер, 

анальгетиктер,  наркозға  қолданатын  дәрілер,  антибиотиктерді  егу),  сирек  терапиялық 

стоматология (витаминдік препараттарды, биогенді қуаттандырғыштарды парадонтозды 

емдеу үшін егу) мен ортопедияда қолданады. 

    

Стоматологияда  көбіне  қайтымды  әсері  бар  дәрілерді  (жергілікті  анестетиктер, 



тұтқыр  дәрілер),  кейбір  жағдайларда  ғана  қайтымсыз  әсерлі  дәрілерді  (мысалға, 

резорцин өлген тіндерді күйдіру және алып тастау үшін) қолданылады. 

    

Тіс  аурулар  саласында  әртүрлі  фармакотерапиялық  әсер  ететін  дәрілерді 



қолданады.  Мәселен,  ауыз  қуысы  кілегей  қабығының  ауыратын  инфекцияланған 

жараларын  жергілікті  анестетиктің  ерітіндісімен  өңдегенде  дәрігер  симптомдық 

(ауырғандықты  басу),  ал  микробтарға  қарсы  дәрілерді  қолданып  этиотропты  әсерді 

пайдаланады. 

    

Таңдамалы  және  таңдамалы  емес  әсерлердің  мысалдарын  келтіретін  болсақ,  бұл 



жергілікті  анестетиктер  таңдамалы  сезімтал нерв  ұштарына  әсер  ететіндігін, ал  тұтқыр 

дәрілер  кез  келген клеткаларға  біртекті  әсер  ететіндігін  (белоктарды ұйытып,  қабықша 

түзуі) атаған жөн. 

    


Дәрілерді  стоматологияда  қолданғанда  міндетті  түрде  олардың  физика-химиялық 

қасиеттерін ескеру қажет. Мысалы, диэтилді эфирдің ұшқыштығын және этил спиртінің 

гигроскопиялығын  кариозды  қуыстар  мен  түбір  каналдарын  кептіру  үшін  қолдануға 

болады. 



    

Сутегінің  асқын  тотығын  тіс  пульпасынан  қан  кетуді  тоқтату  үшін  қолдануын 

мысалға  келтіріп,  дәрінің  алғашқы  фармакологиялық  реакциясын  (белоктың 

коагуляциясы,  ұйықтың  пайда  болуы)  және  фармакологиялық  әсерді  (қан  кетуінің 

тоқтауы) көрсетуге болады. 

    


Стоматология  практикасында  дәрілердің  синергизмі  кеңінен  қолданылады. 

Мысалға, жергілікті анестетиктерді органикалық еріткіштермен (хлороформ, эфир) және 

хелатондармен (ЭДТА) қосып қолданады. Бұл жағдайда анестетиктер тудыратын беткей 

анестезияның деңгейі едәуір жоғарылайды. 

    

Дәрілердің  негізгі  және  жанама  әсерлері  қолданған  жағдайға  қарай  алмасып 



отырады.  Мысалға,  эпилепсияны  емдеуге  дифенинді  қолданғанда  гипертрофиялық 

гингивит  атты  жағымсыз  әсер  пайда  болады.  Алайда  препараттың  бұл  қасиеті 

стоматологияда  ауыз  қуысының  кілегей  қабатының  зақымдалған  регенерациясын 

жылдамдату және жазу үшін қолданылады, яғни дәрінің жанама әсері бұл кезде негізгі 

болады. 

    


Стоматологияда дәрілерді емдеумен қатар аурудың алдын алу үшін де қолданады. 

Мысалға, Д витаминінің препараттарын балаларда кариестің алдын алу үшін қолданады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет