№1 дәріс Фармакологияға кіріспе. Жалпы фармакология. Афференттік жүйке



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата18.12.2021
өлшемі245,93 Kb.
#102717
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
135 110 184 лекция стом №1
oxides Zhanar, oxides Zhanar, 135 110 184 лекция стом №1
Дәрінің  биосіңімділігі

  –  қан  плазмасында  өзгермеген  дәрінің  берілген  мөлшерімен 

салыстырғандағы көлемі (пайызбен көрсетіледі).   

 

Фармакодинамика

 - дәрінің организмге тигізетін әсері. Ол әсер екі реакциядан тұрады: 

1.  алғашқы  фармакологиялық  реакция  (АФР);  2.  екінші  фармакологиялық  реакция 

(ЕФР).    АФР  (дәрінің  әсер  ету  механизмі)  -  дәрінің  организмдегі,  клеткадағы 

рецепторлармен әрекеттесуі. Дәрінің әсер ету механизмі көзге көрінбейді -  молекулалық 

деңгейде  жүреді.  Оны  зерттейтін  фармакологияның  саласы    -  молекулалық 

фармакология деп аталады. Молекулалық фармакология - дәрінің организмге клеткалық, 

субклеткалық,  молекулалық  деңгейде  әсерін  зерттейтін  ғылым.  АФР  нәтижесінде  ЕФР 

пайда  болады.  Ол  адамның  көзіне  көрінетін  немесе  медициналық  аспаптар, 

биохимиялық  зерттеулер  арқылы  анықталатын  организмдегі  өзгерістер.  Оны  басқаша 

айтқанда  фармакологиялық  әсер  дейді.  Рецепторлар  (қабылдағыштар)  –  клеткалар 

макромолекуласының  белсенді  орталықтары  (белок,  пептид,  нуклеин  қышқылы). 

Рецепторлар  клетка  мембранасының  сыртында,  ішінде,  ядро  ішінде,  ядроның 

мембранасында,  цитоплазмада,  органеллаларда,  яғни  клетканың  барлық  жерінде 

орналасуы  мүмкін.  Түрлері:  1.  арнамалы  рецепторлар  -  дәрі  сол  рецептормен 

әрекеттескенде  негізгі    әсерді  қамтамасыз  етеді  (холин,  серотонин,  дофамин, 

бензодиазепин, пурин, т.б. рецепторлары) 2.бейарнамалы  - олармен дәрі ешқандай әсер 

туғызбай  байланысады,  үнсіз  рецепторлар  (қан  плазма  белоктары,  дәнекер  ткань 

мукополисахаридтері жатады).  

Дәрінің  рецептормен  байланысу  кезеңдері:  1/комплементарлық  кезең,  2/дәрінің 

рецептормен  соғылысуы,  3/дәрінің  рецепторға  жабысуы.  Аффинитет  –  дәрінің 

рецепторға жақындығы нәтижесінде онымен комплекс түзуі.  

Дәрінің  рецептормен  байланысуға  әсер  ететін  факторлар:  1/клеткада  белсенді 

орталықтың  барысы,  2/комплементарлық,  3/аффинитет,  4/дәрілік  заттың  биофазадағы 

концентрациясы,  5/дәрілік  заттың  агреганттық  жағдайы.  Әрекеттесу  нәтижесінде 

мынандай  өзгерістер  болады:  каналдардың  иондық  өтімділігі  өзгереді,  екінші  реттік 

өткізгіштіктердің қызметі артады, ДНК молекуласының транскрипциясы өзгереді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет