Анестетиктер жергілікті сезімталдықты жояды. Біріншіден олар ауырсыну
сезімін жояды, сондықтан оларды жергілікті анестезияға қолданады. Сезімтал нерв
ұштарына және нерв талшықтарына әсер етіп, анестетиктер қозудың
шоғырлануына және өтуіне кедергі болады. Жергілікті анестетиктер нерв
талшықтарының мембранасына әсер етіп, натрий иондарының клеткаға өтуіне
кедергі болады. Әсер потенциалы пайда болмайды да, импульс өтпейді. Яғни,
анестетиктер натрий каналдарының тежегіштері болып табылады. Алай-да
анестетиктердің әсер ету механизмі толық зерттелмеген. Сондай-ақ, анестетиктер
нерв талшықтарының мембранасының натрий иондарына өткізгіштігін реттейтін
кальций иондарына конкурентті әсер етеді деген де болжам бар.
Достарыңызбен бөлісу: