Анестетиктерге қойылатын талаптар:
1) Тандамалы әсері жоғары және әсерінің спектрі кең болуы керек
2) Жасырын кезені аз болуы керек
3) Анестезияның әр түрінде тиімділігі жо-ғары болуы керек
4) Әсерінің ұзақтығы көп болуы керек
5) Қан тамырларын тарылтатын әсерлері болуы керек
6) Уыттылығы төмен болуы керек
7) Тіндерді тітіркендірмеуі керек
8) Стерилизацияға төзімді болуы керек
Қолданулуы бойынша жергілікті анестетиктер бөлінеді
:
І. Терминалды (беткейлі) анестезияда қолданылатын:
Кокаин
Дикаин
Анестезин
ІІ. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын:
Новокаин
Тримекаин
ІІІ. Жұлын анестезиясында қолданылатын:
Совкаин
ІУ. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын:
Лидокаин (ксикаин)
Терминалды анестезияда жергілікті анестетиктерді ерітінді, жағынды, сеппе
түрінде кілегей қабыққа, жара бетіне, ұлпаға, тістің қатты тіндеріне жағу түрінде,
тамызу түрінде жүзеге асады. Анестезияның бұл түріне тіндерге жақсы өтетін,
сезімтал нерв ұштарына әсер ететін препараттар қолданылады.
Инфильтрациялық
анестезия
тіндерді
қабат-қабат
жергілікті
анестетиктермен сіңіру арқылы жасалады, осы кезде сезімтал нерв ұштары мен
талшықтарының блокадасы пайда болады. Анестезияның бұл түрінде тек
уыттылығы төмен препараттар қолданылады
Өткізгіштік анестезия анестетикті нерв бойымен енгізу арқылы жасалады,
нерв бойымен импульс өтуі тежеледі, тіндер сезімталдығы жойылады.
Жұлын анестезиясына өте аз мөлшерде қолданылатын белсенді препарат
лидокаин, немесе новокаин. Совкаиннің уыттылығы жоғары болғасын, казіргі
уақытта шығарылмайды.
Химиялық құрылысы бойынша жергілікті анестетиктер бөлінеді:
І. Күрделі эфирлер:
Прокаин (новокаин)
Кокаин
Тетракаин (дикаин)
Бензокаин (анестезин)
Эфир байланыстары тұрақты емес, сондықтан бұл топтың анестетиктері
ферменттер арқылы тез ыдырып, әсерінің ұзақтығы аз болады.
ІІ. Амидтер тобы:
Тримекаин
Лидокаин
Бумекаин (пиромекаин)
Мепивакаин (мепивастезин)
Артикаин (ультракаин)
Бупивакаин (маркаин)
Амидтер тобының жергілікті анестетиктердің биотрансформациясы бауырда өте-
тіндіктен баяу инактивацияланады, әсері ұзақ болады.
Әсерінің ұзақтығына байланысты жергілікті анестетиктер 3 топқа бөлінеді:
І. Қысқа әсерлі (30-50 минут) – новокаин
ІІ. Орташа әсерлі (45-90 минут) – лидокаин, тримекаин, мепивакаин, ультракаин
ІІІ. Ұзақ әсерлі (90 мин және одан көп) – бупивакаин, этидокаин
Жергілікті анестетиктер әлсіз негіздер, суда нашар ериді, сондықтан оларды
қышқыл суда еритін тұздар түрінде (мысалы, гидрохлоридтер түрінде)
қолданылады,
олар
барлық
тіндерге
оңай
өтеді,
бірақ
жергілікті
жансыздандыратын белсенділігі жоқ. Олар тіндерде тұздар гидролизінен кейін,
анестетик – негіз босап шығады, ол липидтерде жақсы ериді, өйткені жүйке
тіндерінде липидтер көп.