А жүйесі көптік аллельдер сериясынан тұрады, олар А, Д, Н және Z1 факторлар құрамын бақылайды. Ақырғы фактор батыс европалық кара мал тұқымдарында өте сирек кездесетін болғандықтан бұл жүйеге жуырда ғана қосылған.
В жүйесі 300-ден аса аллельдерді біріктіреді, олар 40-қа таяу антигендік факторлардың комбинациясын бакылайды.
Мысал ретінде В-жүйесінің: (l)В; (2)ВI; (3)BGK02Y1A'E'KO'Yжәне (4)GY2E\ антигендерін немесе феногруппаларын келтіруге болады. Бірінші антиген тек В-реагентімен әсерлеседі, ал екіншісі оған қосымша I-реагентімен әсерлеседі. В-фактор бұл жағдайда антигендік жиынтықтың бір бөлігі сияқты болады. Үшінші антиген оншақты антигендік факторлармен сипатталады. Ол қара малдың джерсей тұқымында кездеседі. Ұрпақтардың бірнеше тобын зерттегенде бұл антигеннің бірнеше ұрпақ бойы өзгеріссіз қалатыны анықталды. Төртінші антигеннің мысалымен В жүйесіндегі антигендердің міндетті түрде В-реагентімен әсерлеспейтінін көрсетуге болады.
Осы төрт түрлі антигендерге сәйкес гендерді Вв, ВВІ, ВBGK02Y1A'E'KO' Y жәнебейнелерімен белгілейді. Кейбір аллельдері бірін-бірі "жабатын" болғандықтан В локусының басқадай генетикалык жіктелуін беру мүмкіншілігі жоқ. Жиі кездесетін аллельдері белгілі тұқымдардың генотипін фенотипіне қарап тұжырымдауға болады.
С жүйесіне онға тарта антигендік факторлар белгілі. Мұнда да көптік аллельдер сериясы кездеседі, бірақ олар В-жүйесіндегідей соншама күрделі емес.
Ғ және V-антигендері FV жүйесінің FFжәне Ғ1' аллельдерімен анықталады. Батыс европалық мал тұкымдастарында осы екі аллель ғана кездеседі. Гетерозиготалыларда екі ген де көрінеді, сондықтан үш генотипті де айыруға болады.
J жүйесі әр тұрғыдан қызық. Сақа малдарда J -антигені болмайды, оларды J -антигенге қарсы антиденелер жиі кездеседі. Бұл антиденелер онымен қоса өзімен туыстас басқа түрлердің антигендерімен әсерлесе береді. Мысалы, адамның, шошканың 4-антигендерімен, солтүстік бұғының J және қойдың R антигендерімен. Басқа антигендерден өзгешілігі J -антиген жаңа туған бұзаулардың эритроциттарында болмайды. Ол алғашқыда қан сарысуында ертінді зат ретінде болады да, бірнеше аптадан кейін бірте-бірте плазмадағы эритроциттермен сорылады. J -затарының коюлығы кейбір өкілдерде әжептеуір мол мөлшерде болады, бұл құбылысты көптеген зерттеушілер I-локусында көптік аллельдің болуынан деп түсіндіреді.
L және М жүйесінде екі аллельден ғана болады. L гені бар (жалаң не екі қабат) өкілдер I -антиген кұрайды, М жүйесінде осы тәріздес.