1957жылыдың өзінде Корнель университетінен Р.Холли тРНҚ-ның бар екені жөнінде хабар жариялаған. Ал 1961 жылдың қарсанында клеткаларда тРНҚ-ның әр түрлі типтерінің болатыны анықталды, олар тиісті ферментер болған кезде белгілі бір амин қышқылдарымен қосылады. тРНҚ-мен осылайша аралық күйде қосылған амин қышқылдары белоктардың жинақталу орнына ауысады деп жорамалдаған еді. 1956 жылы Холи аланинді ауыстыруға бейімделген тРНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасуын анықтады. Тағы бір үлкен жаңалық американдық үнді ғалымы Х.Г. Корана болды. Ол РНҚ тізбегін химиялық жолмен қолдан жасап алу әдісін тапты. Соның нәтижесінде 2жыл ішінде барлық амин қышқылына сәйкес келетін 61 кодон толық анықталды. Төменде әр түрлі амин қышқылдарына сәйкес кодондардың кестесі берілген (жақша ішінде ДНҚ-дағы сәйкес негіздер көрсетіледі).
Ескерту: Амин қышқылдарының аттары жалпы қабылданған қысқартулармен берілген.
Сөйтіп амин қышқылдарына сәйкес келетін кодондар иРНҚ тізбегі үшін анықталады. Бұдан ДНҚ-дағы сәйкес кодондарды табу әрине өте оңай. Амин қышқылдарының кодондармен осылай белгіленуі барлық организмдерге тән екенін кейінгі зерттеулер көрсетті.
Генетикалық кодты зерттеу жалпы биологиялық зор маңызы бар жаңалық ашуға мүмкіндік берді. Кодтың негізгі қасиеттері белгілі болды.