1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет38/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Коньюгация. Бактериялардың арасында тұқым қуалайтын информацияның өзгеруі көбею процесінде өтуі мүмкін. 1946 ж. Лебеберг пен Татум ішек бактериясының екі жаңа түрін ашты. Бірінші штамының жеке көбеюі үшін бактерия өсетін ортаны биотин, фенилалланин және цистинмен, ал екінші штамының дұрыс өтуі үшін треонин, лейцин және витамин В мен толықтыру керек болады. Яғни бактериялар жоғарыда аталған заттарды синтездей алмайды. Егер осы екі түрлі бактерияларды бірге өсірсе, онда ешқандай көбею ортасына қосудың қажеті жоқ. Бір ортада өсетін екі штамдар бұрын синтездей алмайтын заттарды енді өздері жасайды.
Егер бактерияда бірдей ұрықтану факторлары болса ( F+, F+ немесе F-, F-) онда бұндай клеткалар будандастырылмайды. Аталық клеткалардың жыныс факторы F+ аналық F- әрпімен белгіленеді. Екі бактрияның арасында цитоплазмалық көпір орналасса аталық және аналық клеткалардың бірі донор, екіншісі реципинет ретінде қалыптасады: донор ретінде F+ факторы бар клетка, реципиент ретінде аналық жыныс факторы бар бактерия болады.
Ұрықтану факторының (F+) құрамы ДНК – дан тұрады, ол клетканың цитоплазмасында жеке орналасады, немесе кейбір жағдайларда бактерия геномымен тығыз байланысты. транскрипция
Аналық бактериялар донордың F+ факторымен жалғасқаннан кейін, аталық клетканың қасиетіне ие болады да, өзі донорлық міндет атқара алады.


4. Микроорганизмдер селекциясы
Адам өмірінде микроорганизмдер маңызды рөл атқарады. Олардың көпшілігі өнеркәсіп пен медицинаның көптеген салаларында пайдалануға қажетті заттарды түзеді. Тамақ өндірісінде нан пісіру, спирт, кейбір органикалық қышқылдар, шарап жасау сияқты көптеген салалары микроорганизмдердің қызметіне негізделген.
Адамның денсаулығы үшін антибиотиктердің маңызы орасан зор. Олар ауру туғызатын микробтар мен вирустарды жоятын, кейбір микробтар мен саңырауқұлақтардың тіршілік әрекетінің өнімдері – ерекше заттар болып табылады. Антибиотиктерді қолданудың арқасында көптеген аурулар біршама айығып кетіп жүр, ал ертеректе осы аурулардан шығын көп болатын. Адам өміріне біршама қажетті витаминдерді өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер жасап шығарады.
Микроорганизмдердің неғұрлым өсімтал формаларын алу үшін селекция әдістерін қолданылады. Адам пайдаланатын өнімдерінің белгілі бір түрін тез синтездейтін микроорганизмдер түрлері сұрыптау арқылы шығарылады. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) микроорганизмдерге де тән қасиет. Сұрыптау арқылы олардан өте активті түрлер алады.
Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын микроорганизмдерге де селекция жұмысы кең түрде қолданылуда. Мысал: қамырды ашытатын ашытқы саңырауқұлақтарының қасиеттері де әртүрлі болып келеді. Селекция арқылы нанның сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін, өте өнімді формалар шығарылуда.
Адамды ауруға ұшырататын микроорганизмдер мен вирустар да мутациялар болады. Кейбір жағдайларда микробтың зиянды әсерін күшейтіп, адам өміріне қауіпті жағдайлар туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет