1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет47/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

1.3. Дала өсімдіктер динамикасы
Орманды дала алқабының солтүстігіндегі шөптесін өсімдіктер бөлігін Е. М. Лавренко далалық жабындықтар деп атады. Ал оңтүстңгңнде шабындық дала орналасқан.
В. В. Алейхин бұл орманды даланың солтүтігіндегі өсімдіктер типін солтүстік әртүрлі шөпті (шабындық) дала деп атады және оларды үш вариантқа бөлді:
1) Гигрофильді, солтүстікте орманды аймаққа ұласатын ;
2) Орталық –нағыз типтік дала;
3) Ксерофильді-оңтүстік алқабы қаулы далаға ауысады.
В. В. Алехин (1950) Стрелцк даласында (Курск жанында) үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді оның нәтежиелері ғылыми әдебиеттерде толық берілген. В. В. Алехин жұмыстарды классикалық ғылыми тұрғыдан өте құнды жұмыстар. Оларға толық анализ жасауға мүмкіншілік жоқ болғандықтан, тек мысал ретінде В. В. Алехиннің сипаттаған Стрелецк даласындағы аспектілердің ауысу фазаларын келтіріп кетейік.
І. Көктем алды фаза – қар ерігеннен кейін, көкек айы соңында мамырдың басында, дала өткен жылғы өсімдіктер қалдықтары және мамырдың басында, дала өткен жылғы өсімдіктер қалдықтары және «қыстық» өсімдіктердің жас өркендермен күңгірт кеңістік тәрізді көрінеді.
ІІ. Құндызшөп (Pulsatilla patens - прострел) және қияң көлең (Carex - соска) фазасы. Бірнеше жылы күндерден кейін деуге болады. Қазақстан далаларында төбешіктер бар (мысалы, Ақтөбе аймағында), ал Ишим бассейнінде және оның шығысында – ұсақ шоқылар бар. Бұл аймақта сирек те болса ірі төбелер де бар (мысалы, Ұлытау, Баянауыл, Қарқаралы) әртүрлі шөпті бетегелі-қаулы далалар климаты далаға тән. Жазы жылы, құрғақ жаз айларының орташа температурасы +20˚С –тан төмен емес: Ең жылы айлардың орташа ылғалдылығы сағат 13˚˚-те 35-45% жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 400 мм, ал оңтүстігінде 250 (200)мм шамасында. Жауын-шашынның ең көп болатын айлары маусым—лде кейде ұзақ уақыт жазда жаңбыр болмай құрғақшылық болады.
Қардың қалыңдығы батыста 20см шамасында, шығыста 30см, ал Қара теңіз, Азов теңізі аймағында 10см шамасында.
Бай әртүрлі шөпті далаларындың топырағы орманды далаға қарағанда негізінде оңтүстік типті қара топырақтар.
Е. М. Лавренко (1949) бұл аймақ тармағының топырақ ерекшеліктеріне сәйкес эдафикалық варианттарды бөледі:
- Галофитті
- Петрофитті (Донецк адырлары Қазақ ұсақ шоқылары)
- Псаммофитті (өзендер алқабындағы террасалар құмдары).
Бұл далалар құрамында, мысалы, Қара теңіз бассейннінде және Заволжьеде, Солтүстік Қазақстанда және Батыс Сібірге жақын райондарда айтарлықтай айырмашылықтар болуына байланысты Е. М. Лавренко (1956) әртүрлі шөпті-бетегелі-қаулы далалардыекіге бөлды: 1) Қара теңіздік; 2) Заволжско-Қазақстандық деп олардың шекаралары Волга алқабына дейінгі жерлерді алып жатыр.
Бұл даланың жер алқабы Прут және Днепр арасында шығысында Влогаға дейін өте кеңейеді. Азов теңізінің шығысында бұл далалар «Азовтық» деген атпен оңтүстігінде Кавказ тау етегінде, Кубан бассейіне түседі. Бұл даланың бәрі айдалып тасталған, үлкен учаскелері тек қорықтарда (Стрелецк, Хомутовск далаларында) сақталған.
Бай әрі әртүрлі шөпті қаулы даланың жақсы мысалы ретінде Страбельск даласына келтіруге болады. Страбельск даласы Донна өзені бассейінінде. Өсімдікте жабыны негізінен ксерофильді енсіз жапырақты шымды қоңырбасты – қаулар (Stipa lessingiana, S. Capillata, S. Zalesskii) және бетегелер, кейде Koelleria cristata қатысады. Домминанттар қатарына кейде Bromus riparius, субдоминант ретінде – Heliictotrichon schellianum болады. Әтүрлі шөптер түрлері өте көп бірақ олар субдоминанттар рангісінде қалады. Мезофиттік солтүстік әртүрлі шөпті даладан Myosotis sylvatica,, Filipendula vulgaris, Trifolium montanum, Polygala comosa және т. Б. Атауға болады. Ал ксерофиттік «оңтүстік әртүрлі шөпті даладан» - Salvia nemoroso, Adonis wolgensis, Jurinella linearifolia, Sarratula radiuta және т.б. атауға болады. Өте сирек кездесетін Caragana frutex кездеседі.
Старобельск даласында Е. М. Лавренко, Г. И. Дохман зерттеу жұмыстарын жүргізіп, вегетациялық және аспектілерінің алмасуында 7 кезеңдерден бөліп көрсетті.
1.Ерте көктемгі (наурыз айының екінші жартысы – сәуір айының бірінші жартысы ). Өткен жылғы шөптердің күреңделген қалдықтары арасында Tortula ruralis мүгі және Stratonostoc commune балдырлары көгеріп көріне бастайды.
2. Орта көктемгі (сәуір айының екінші жартысы). Дала көгереді. Далаларда шашыраған әртүрлі көк, күлгін, сары Iris pumila гүлдерін, Adonis wolgensis, Gageo




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет