1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Фитоценоз туралы түсінік. «Экотоп», «биотоп», «биоценоз», «биогеоценоз» ұғымдары. Биогеоценоз компоненттерінің байланыс сызбасы. Фитоценоз құрамы



бет2/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

1.2. Фитоценоз туралы түсінік. «Экотоп», «биотоп», «биоценоз», «биогеоценоз» ұғымдары. Биогеоценоз компоненттерінің байланыс сызбасы. Фитоценоз құрамы.

Фитоценологияның негізгі объектісі – фитоценоз. Терминді 1915 жылы И.К.Пачоский ұсынған, ал 1918 жылы И.К.Пачоскийге байланыссыз Х.Гамс ұсынды.


Фитоценоз- (грек сөзі: «phyton» - өсімдік және «koinos» - жалпы) жер бетінің бір бөлігінде автотрофты және гетеротрофты организмдердің бірлескен тіршілік барысында қалыптасқан орнықты жүйе. Бұл жүйеге аталған организмдер немесе бұлардан бұрын тіршілік еткен организмдер қалыптастырған итоценотикалық ортасы кіреді. Табиғатта тек автотрофтардан немесе гетеротрофтардан ғана құралған фитоценоз жоқ. Фитоценоздың әр уақытта да өзіне тән фитоценотикалық ортасы болды. Сондықтан оның ішкі ортасы бөлінбейтін бөлік болып табылады. Фитоценоздарға теңіз, мұхиттардың, материктер немесе аралдармен түйіскен жерлердегі таяз сулар мен құрлық биоценоздары жатады. Фитоценоз деп нақты өсімдіктер топтарын айтамыз, яғни белгілі бір кеңістікті алып жататын сыртқы көрінісі салыстырмалы бірдей, флористикалық құрамы, құрылысы, тіршілік ету ортасы және өсімдіктердің бір-бірімен қарым-қатынас жүйесі салыстырмалы ұқсас болып келеді.
Фитоценоз – биогеоценоздың бір бөлігі, күн энергиясын өзіне сіңіретін, негізгі энергетикалық блогы.
Биогеоценоз – (грек сөзі: «bios» - тіршілік, «geo» - жер және «koinos» - жалпы) біртекті табиғи құбылстардың белгілі бір жер беткейіндегі жинағы (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар, микроогрганизмдер, гидрологиялық жағдайлар, топырақ). Бионеоценоз – өлі және тірі табиғаттың кешені.Биогеоценоздарды құрайтын компоненттер ерекше, олардың өздеріне тән энергия алмасу процесі және басқа да табиғи құбылыстары бар, ұдайы қозғалыста, дамуда болатын және олардың ішкі қарама-қайшылықтарын көрсететін диалектикалық бірлік. Бұл ұғымды алғаш 1942 жылы ғылыға енгізген академик Владимр Николаевич Сукачев болды (1.2-сурет).



эдафотоп

климатоп

микробоценоз

зооценоз




фитоценоз

1.2 – сурет.Биогеоценоз компоненттерінің байланыс сызбасы («Сукачев жұлдызшасы»)


Экожүйе – өлшемсіз функционалды жүйе, тірі организмдердің қауымдастығынан және онығ тіршілік ортасынан тұрады. «Экожүйе» ұғымын 1935 жылы ағылшын ғалымы геоботаник А.Тенсли ұсынды. Биогеоценоздың элементарлы бірлігі – консорция. Мұнда «биогеоценоз – экожүйе» және «фитоценоз - өсімдіктер қауымдастығы» аналогтар арасындағы қарым-қатынастарды айтуға болады. «Экожүйе» және «өсімдіктер қауымдастығы» түсініктері биогеоценологияның және геоботаниканың рангасыз жүйесі.
Биогеоценоз биоценоз және экотоптан тұрады.
Экотоп – биотоптың баламаы ұғымы, яғни тіршілік мекені. Биоценоздың сыртқы тіршілік жағдайларының жиынтығы: ауа, топырақ, су, температура, минералды қорек. Климатоптан және эдафотоптан немесе гидротоптан тұрады.
Биоценоз – (грек сөзі:«bios» - тіршілік, «koinos» - жалпы) біртекті абиотикалық факторлары бар белгілі бір жер бөлігін мекендеген, өзара тығыз байланыстағы қсімдіктер, жануарлар, микроорганиздер бірлестігі. Продуценттерден, консументтерден, редуценттерден және биотоптан құралатын бірлік биогеоценозды құрайды. Биоценоз биогеоценоздардың аса маңызды тіршілік бөлігі болып саналады. Жер бетіндегі тіршілік тікелей осы биоценоз компоненттерінің өзара қарым-қатынастарына байланысты жүреді. «Биоценоз» терминін алғаш рет 1887 жылы неміс биологі К.Мебиус енгізген. Биоценоз: фитоценоздан, зооценоздан және микробоценоздан тұрады.
Биотоп-(грек сөзі: «bios» - тіршілік, «topos» - жербөлігі ) – биоценоздардың бейорганикалық бөлігі. Биотоптың біркелкі жер бедері, климаттық жағдайлары жіне басқа да өзіне тән абиотикалық ісер-ықпалдары бар судағ немесе құрлықтағы белгілі бір биоценоздың тіршілік процесін жүргізетін мекен орны. Биотоптың жанама ұғымы – экотоп. Биотопқа тән кешендік жағдайлар ғана осы жер бөлігін мекндейтін организмдердің түр құрамдарын анықтайды.
Фитоценоз биогеоценоздың негізгі компаненті болып табылады.
Ол биогеоценоздың шекарасын анықтайды.
Жер биосферасында заттар мен энергияны негізгі сіңірушілер. Жер планетасында барлық биомассанығ 95-98%-ын фитомасса құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет