1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Фитоценоздағы өсімдіктер жабынын бағалау: жалпы проективті жабын, ярустық жабын, проективті молдық



бет14/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
1.2.Фитоценоздағы өсімдіктер жабынын бағалау: жалпы проективті жабын, ярустық жабын, проективті молдық
Алаңшалардың жабыны немесе проективті жабын дегеніміз – топырақтың бетіндегі барлық өсімдіктердің немесе популяциядағы түрлердің, жеке өсімдіктердің көлденең (горизогтальды) проекциясы. Ол жербетілік алаңшаның жалпы жабынының пайыздық 100% көрсеткішімен есептеледі. Шөптесін өсімдіктер үшін проективті жабынды анықтау әдісін Л.Г. Раменский ұсынды.
Проективті тығыздық немесе жалпы проективті жабын – топырақты жауып тұрған өсімдіктердің проценттік мөлшері.
Ярустық жабын – өсімдіктің жербетілік және жерастылық жабынының деңгейі. Мысалы, біз өсімдіктің төменгі ярусы-13% , ал жоғарғы ярусы 7%, яғни жлғарғы және төменгі ярустардың жабыны 6%-ды құрайды.
Проективті молдық – жеке түрлердің немесе топтардың проективті жабыны.зеркальды тор немесе тармалық әдіспен нақты зерттеледі. Өте нақты зерттеуде нақтылығы 0,1-0,05% немесе 0,3-0,5-1,0% анықталады. Түрлерді немесе топтардың проективті молдығының жиынтығы, проективті тығыздық пен ярустық жабынға сәкес келу керек. Шалғындық 1 м² жердегі өсімдіктердің проективті молдығына Раменский бойынша анықтау үшін шамамен 30 минут , ал бірнеше алаңшаны қарау үшін 5 сағаттай уақыт керек. Сондықтан көптеген зерттеушілер көзбен өлшеу әдісін пайдаланады.
Аған тектес өсімдіктерді көзбен және проекциялық өлшеуде 10 балдық шкаламен анықтауға болады. Проекцияның жалпы қосындысы 100% көрсеткішпен белгіленеді
5-кесте
Өсімдіктер жамылғысының проективті жабынын анықтау көрсеткіші

Балл

Өсімдіктер жабын деңгейіне сипаттама

Жабын (процент немесе бөлшекпен)

10







10

Толық жабылған

100-90

9

Өте мол жабын

90-80

8

Мол жабын

80-70

7

Айтарлықтай мол жабын

70-60

6

Жеткілікті

60-50

5

Байқалатын бөлшектенген

50-40

4

Өте қатты бөлшектенген

40-30

3

Аз жабынды

30-20

2

Өте аз жабынды

20-10

1

Жабын жоқ деуге боларлық

10 төмен





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет