1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет9/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Хамефиттер - бүршіктер топырақ бетінен аздап қана жоғары (25 - 30 см) орналасқан. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.
Бұл тіршілік формасын автор (А. Раункиер) төрт тіршілік тип тармағына бөледі:
1. Жартылай бұта хамефиттер кезеңнің соңында өркенінің жоғарғы жағы өледі, қолайсыз кезеңге төменгі бөлігі ғана төзімді. Бұл түрге кейбір шөптесін фанерофиттер, кейбір нанофанерофиттер кіреді. Әсіресе, олар жерорта теңізінің климатына тән. Бұған ерінгүлдер, қалампырлар, бұршақтар және т.б. тұқымдастардың түрлері жатады. Осы типке өркені көтеріңкі өсе алатын, тіршілігінің соңында қурамайтын, бірақ өсуі шектелген түрлер де жатады.
2. Пассивті хамефиттер - вегетативті өркендері геотропикалық теріс және колайсыз кезеңнің басындаөзгеріссіз қалатындар. Олар әлсіз, арқаулық ұлпалары нашар жетілген, сондықтан сабақтары жер бетінде жатады. Өркендердің ұзарып өсуінің соңында сабақтары жатады. Өркендердің ұзарып өсуінің соңында сабақтары көтеріңкі өседі. Бұл тип тармаққа мәңгі жасыл жапырақтарын түсіретін, бүрші қабыршағы бар және жоқ түрлер жатады. Бұл өсімдіктердің кейбіреулері шөптесін немесе ағаш болып келеді. Олаар әсіресе Альпі таулары аймақтарында көп. Оларға ақшешек (Arabis), бозкілем (Sedum), тасжарған (Saxifraga), крупка (Draba), ал жазық жердің өсімдіктерінен айыл жұлдызшөп (Stellaria holestea) және т.б. жатады. (2.5-сурет).
3. Активті хамефиттер - қолайсыз кезеңдердің басында вегетативті өркендері өзгеріссіз қалады. Олардың өркендері жер бетінде жатады, сондықтан трансверсальді (көлденең) геотропизмді. Сондықтан пассивті хамефиттерден айырмашылығы өркендерінің көтеріліп өсуі болмайды. Бұл тип трмаққа жоғарыдағыдай мәңгі жасыл жапырақтарын түсіретін, бүршік қабыршағы бар және жоқ түрлер жатады. Бұл топқа қабыршөп (Vinsa), жебір (Thymus), сонымен қатар дәрілік бөдене шөп (Veronica officinalis) (2.6-сурет), терістік линнея (Linnea borealis) жатады.
4. Жастықша өсімдіктер - пассивті хамефиттер тәрізді геотропизм бағытында өседі, олар өте тығыз өседі, арқаулық ұлпаларының нашар жетілгеніне қарамастан, бір - біріне жанасып құдамайды. Өркендері қысқа. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, өркендері бір - біріне тығыздалып жатқандығын, өркендерінің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді.
Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында ылғал және жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тас аралдарының, теңіз жағалауларының өсімдіктеріне, арктикалық тундра өсімдіктеріне тән. Оларға ботакөз (Myosotis), соссюрей (Saussurea) жатады.

Гемикриптофит бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жамылып жатады. Қыстап шығатын Бүршіктерін өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қарғайды. Бұл өсімдіктер жылы және салыстырмалы ылғалды аймақтардан басқа жерлердің барлығында кездеседі.


Бұл тіршілік формасын автор үш тіршілік тип тармағына бөледі:

  • Протогемикриптофиттер - жандану бүршіктері орналасқан жеріне деін жыл сайын шіріп кететін, жер бетінде ұзарған өркені болатын өсімдіктер. Ірі жапырақтары өркеннің орта бөлігінде орналасқан, оның мөлшері жоғарыдан төмен қарай кішірейеді. Төменгі жағында жапырақтар қабыршаққа айналып, қолайсыз жағдайда бүршікті қорғайды. Олар жыл сайын гүлдемейтін ұзарған өркен береді, қолайлы жағдайда олар қыстап шығып, онда өсімдіктердің сыртқы құрылысы жартылай бұта тәрізді хамефитке ұқсас. Nepeta latifolia өсімдігінің күзгі кезеңіндегі өркен жүйесінен: соңғы жылда гүл берген өркеннің сақталған бөлігін; екінші жылы гүл беріп сақталып қалған өркеннің бөлігін; қыстап шығып қолайлы жағдайда жербетілік бүйірлік өркен берген бөлігін көруге болады. Қолайлы жағдайда өркеннің жер бетілік бөлігі қыстап шығады және өсімдік жартылай бұта хкмефиттер тәрізді өседі.

Бұл топқа көкжалбыздар туысының өкілдері жатады. Кейбір протогемикриптофиттерде столон болмайды (шайқурай – Hypericum, сүттігендер – Euphorbia, сабынкөк – Scrophularia және т.б.), басқа бір түрлерінде жетбетілік және жерастылық столондары бар, мысалы, орман қайызғақшөбі – Stachys silvatica (2.7-сурет). (Батпақ күреңот – Epilobium palustre, қосүйлі қалақай – Urtica dioica, кейбір сиякөк туыстарында - Linaria).
Таңқурай туысында (Rubus) тіршілігінің бірінші жылында вегетативті өркен береді, олар қыстағаннан кейін жанама гүл беретін бұтақтар шығарады. Жеміс бергеннен кейін өркен өледі. Олардың тіршілігі жер астында сақталатын вегетативті бүршіктерге байланысты. Бұл таңқурайлар туысын протогемикриптофиттерге жатқызуға мүмкіндік береді.
2. Жартылай розетка тәрізді гемикриптофит – бұл топқа А. Раункиер сабақтары бойынша қысқарған, жапырақтары розетка тәрізді орналасқан түрлерді жатқызады. Бұл өсімдік түрлері қоңыржай климатты, жазы құрғақ емес, топырағы ұзақ уақыт қармен жабылған аймақтарда кездеседі. Бұл топқа көпжылдық өсімдіктермен қатар, көптеген екі жылдық өсімдіктер де жатады. Өсімдіктердің көпшілігінде столондар түзілмейді (қалампырлар, сарғалдақтар, раушангүлділер, шатырлар, күрделігүлділерде және т.б.). Ал кейбір түрлерінде жербетілік (жатаған иістішөп – Ajuga reptans) немесе жерастылық (кәдімгі бежір – Aegopodium podagraria) столондар бар (2.8, 2.9- суреттер).
3. Розеткалы гемикриптофит – бұл топқа ұзарған өркендері тек қана гүл беретін, ал жапырақтары өркен негізіне жинақталған түрлер жатады. Мұндай өсімдіктер тіршілігінің бірінші жылы розеткалы жапырақтарын береді, екінші жылы жапырақсыз вертикалды жербетілік өркені шығады. Қарлы аймақтарда өседі, көбінде жапырақтары мәңгі жасыл. Розеткалы гемикриптофиттерде столондар түзілмейді, кермек (Statice), шықшөп (Drosera), бақ – бақ (Taraxacum) және т.б.
Криптофит – жандану бүршігі немесе өркендердің ұшы топырақ астында немесе су түбінде болады.
Бұл тіршілік формасын үш тармаққа бөлуге болады:

  1. Геофиттер – жандану бүршігі және өркен ұшы мезгілдің қолайсыз жағдайына бейімделген, терең қабатта орналасқан жерастылық өркеннен дамып жетіледі. Олар қолайсыз құрғақшылық және суық кезеңдері болатын далалы жерлерде, сонымен қатар басқа зоналардада кездеседі. Әдетте өсімдіктердің қоректік заттар қоры болады.

Геофиттер ішіне төмендегідей өсімдік топтары кіреді.
Тамырсабақты геофиттер әдетте көлбей орналасқан тамырсабақтары бар (қырлышөп – Polygonatum, қарғакөз – Paris, қасқыржем – Asparagus, елекшөп – Juncus, кейбір қияқөлеңдерде – Сarex, астықтарда, мысалы, жасаған бидайықта - Agropyron repens, қамыс - Phragmites communis және т.б.).
Түйнекті геофиттер, қолайсыз мезгілдерге төзімді қоректі заттар қорын жинайтын түйнектері бар. Түйнектер сабақтан түзіледі (мысалы, картоп – Solanum tuberosum, жер алмұрты – Helianthus tuberosus), тамырлық (таушымылдық – Paeonia tenuifolia, кейбір сарғалдақтарда - Ranunculus), қосарланған (бұл жағдайларда олардың құрамына тамырдан басқа бүршіктен шығатын үлкен түйнек түзіледі – көптеген орхидеяларда, көктем фикария – Ficaria verna және т.б.).
Түйнекжуашық геофит (Раункиер геофиттің бұл тобын бөлген жоқ). Түйнекжуашықтар түйнектің түр өзгерісі, жоғарғы жағы ассимилациялаушы жапырақтар және оларды қоршаған қабыршақты жапырақ өкілшелері бар. Мысалы бәйшешек (Crocus), гладиолус – (Gladiolus).
Жуашашықты геофит. Қоректі заттар қоры жуашық түзетін қабыршақты жапыраққа жинақталады. Жуашағында қолайсыз кезеңге төзімді бүршігі болады. Бұл топқа жуа (Allium), қаз жуа (Gagea), қызғалдақ (Tulipa), нарцисс (Narcissus) жатады.
Тамырлы геофит. Қолайсыз кезеңге тамырында орналасқан бүршігі төзімді келеді, өсімдіктің қалған бөліктері, сонымен қатар тамырының да қалған бөліктері, сонымен қатар тамырының да қалған бөліктері қолайсыз кезеңде өледі. Оларға далалық шырмауық (Convolvulus arvensis) қылшықты және егістік сарықалуен (Cirsium setosum, C. arvense) жатады.

  1. Гелифит. Бұл өсімдіктер суға қаныққан топырақта немесе суда өсетіндер, олардан жапырақ беретін өркендері көтеріліп өседі. Бұларға андыз тамыр айыр (Acorus calamus), кірпібас (Sparganuim), қоға (Typha), өлеңшөп (Scirpus), алисма (Alisma), жебе жапырақ (Sagittaria) және т.б. жатады.

  2. Гидрофит. Бұл тип тармаққа суда тіршілік ететін қолайсыз кезеңге судың түбінде бос жатқан тамыр сабағындағы бүршігі немесе негізгі бүршігі арқылы төзімді келеді. Олардың ішінде бөлінеді:

а) су түбінде тамырсабағы бар өсімдіктер, оларда қыстық бүршіктер болады (канадалық элодия – Elodea Canadensis, көптеген шылаң – Potamogeton, тұңғиық - Nymphaea) жатады.
с) су түбіндегі қыстайтын бүршігі немесе қысқа өркенінен басқа бөліктерінің барлығы өлетін өсімдіктер (дүңгіршек – Utricularia, көптеген шылаң – Potamogeton, кәдімгі жауқияқ – Stratiotes aloides және т.б.).
Терофиттер – біржылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз кезеңдерін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет