1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет8/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
Фанерофиттер - жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см жоғары орналасқан, олар қыстайды және құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылған. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар - ылғал тропикалықорман өсімдіктері. бұл тіршілік формасы 15 тип тармаққа бөлінеді.
1. Тұрақты тропикалық климатта өсетін шөптесін фанерофиттер. Олар бойы биік шөптесіндер, бірнеше жыл тіршілік етеді, ағаш емес, сабақтары ағаштарға қарағанда әлсіз өсімдіктер. Оларға бегония, қалақайлар тұқымдасының көптеген түрлері, бальзаминдер, сүттігендер және т.б. жатады.
2. Мәңгі жасыл мегафанерофиттер - өсімдіктердің бойының биіктігі 8 - 30 м, бүршігі қабыршақпен жабылмаған.
3. Мәңгі жасыл мезофанерофиттер - өсімдіктердің бойының биіктігі 8 - 30 м, бүршігі қабыршақпен жабылмаған.
4. Мәңгі жасыл микрофанерофиттер - өсімдіктердің бойының биіктігі 2 - 8 м, бүршігі қабыршақпен жабылмаған.
5. Мәңгі жасыл нанофанерофиттер - өсімдіктер бойының биіктігі 2 м, бүршігі қабыршақпен жабылмаған.
2 - 5 топқа ылғалды тропикалық ормандардың ағаш өсімдіктері кіреді.
6. Эпифитті фанерофиттер - тропикалық және субтропикалық ормандардың гүлді және папоротник тәріздіэпифиттер.
7. Мәңгі жасыл мегафанерофиттер - бүршігі қабыршақпен жабылған.
8. Мәңгі жасыл мезофанерофиттер - бүршігі қабыршақпен жабылған.
9. Мәңгі жасыл микрофанерофиттер - бүршігі қабыршақпен жабылған.
10. Мәңгі жасыл нанофанерофиттер - бүршігі қабыршақпен жабылған.
7 - 10 топқа суптропиктік лавр және қатты жапырақты ормандарының ағаш өсімдіктері, сонымен қатар қылқан жапырақты ағаштар мен бұталар жатады. 10 - топқа сонымен қатар салыстырмалы салқын және суық аймақтың мәңгі жасыл бұталары кіреді (қаражидек, жасаңшөптер және т.б.).
11. Сабақты суккулентті фанерофиттер - кактус, кактус тәрізді сүттігендер және т.б.
12. Жапырағын түсіретін және бүршігі қабыршақпен қапталған мегафанерофиттер.
13. Жапырағын түсіретін және бүршігі қабыршақпен қапталған мезофанерофиттер.
14. Жапырағын түсіретін және бүршігі қабыршақпен қапталған микрофанерофиттер.
12 - 14 топқа автор жылдың құрғақ және суық кезеңдерінде жапырақтарын тастайтын ағаштарды және бұталарды, сонымен қатар савананың ағаш өсімдіктерін жатқызды.
15. Жапырағын түсіретін және бүршігі қабыршақпен нанофанерофиттер. Салқын және суық аймақтардың жапырақтарын тастайтын бұташықтары (қаражидек, қортық қайың).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет