Өсімдіктер ресурстары және шөлдерді игерудің кейбір мәселелері Орга Азия және Қазақстан шөлдері бұрын да, қазір де негізінен мал шаруашылығына байланысты пайдаланылуда. Шөлдердің кейбір жерлері ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланылуда. Бірақ та мал шаруашылығы әлі де жетекші рөл атқаруда.
Сондықтан шөлдердің өсімдіктер ресурстарына жайылымдық жэне малазықтық қоры ретінде қарау керек.
Жайылымдық жэне шабындық Орта Азияда - 70%, ал Қазақстанда - 85% территорияны алып жатыр, бұл кеңістіктің жартысынан астамы шөлді облыстарға жатады.
Өнімділігі жағынан жэне жалпы ауданы жағынан құмды шөлдер маңызды орын алады. Олардан кейін сазды (глинистые) шөлдер (жусанды жэне соранды) одан кейін эфемерлі шөлдер. Құмды шөлдерде шөптесін өсімдіктерден басқа бұталар да үлкен рөл атқарады. Сондықтан бұл шөлдерді шөпті-бұталы жайылымдар деп айтуға болады.
Құмды шөлдерде үлкен рөл атқаратын өсімдіктер қатарына үрмежеміс қияқөлеңді (Сагех рһузоісіез) жатқызуға болады.
Үрмежеміс қияқөлең оңтүстік-шығыс Қарақұмда гектарына 3 ңентнер құрғақ масса береді. Екінші орынды маусымдық маңызы бар эртүрлі біржылдық қоңырбастар жэне бұршақтар, жазда жетекші рөлді бұталар атқарады (сораңдар, жүзгіндер, сексеуілдер). Ол бұталарды қойлар, түйелер жэне жылқылар жейді. Құмды шөлдер оге құрғақшылық жылдарда да өзінің маңызды рөлін сақтайды, ойткені өсімдіктер бұл жерде ылғалдың конденсацияланған қабатын пайдаланады.
Құмды шөлдер жайылымдық, малазықтыққа қосымша отынның козі болып табылады. Бұл тұрғыдан бірінші орынды, әрине ақ сексеуіл (Наіохуіоп регзісит)мен қара сексеуіл (Наіохуіоп арһуііит} алады. Сексеуілдердің өсетін территориясының азаюына қарамастан олардың тұқымдарының шығымдылығының жоғарылығына байланысты соңғы кездері қалпына келтірілуде. Отын ретінде жергілікті халық сексеуілден басқа жүзгіндерді, кандильді (жүзгіннің ағаш формалары), черкезді (Заізоіа гісһіегіІ), қоянсүйекті (Аттосіеп сігоп солоііуі) пайдаланады.
Шөлдер өсімдіктері ішінде практикалық түрғыдан өте маңызды өсімдіктері бар. Мысалы, тағамдық, илеуші, дэрілік, алкалоидты жэне т.б.