1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Фитоценоз тіршілілігінде түрлердің маңызы



бет10/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

1.3. Фитоценоз тіршілілігінде түрлердің маңызы
Популяциядағы түрлерді сипаттағанда, сонымен қатар өсімдіктерге жүргізілген сандық есептеу әдісі нәтижелері көрсеткендей, алуан түрлердің фитоценоз тіршілігіндегі маңызы бірдей еместігін байқауға болады. Сондықтан қауымдастық тіршілігінде өсімдіктердің маңызын олардың популяциялардағы саны бойынша, биомассасы немесе қандайда бір басқа сандық көрсеткіштер арқылы анықтауға болмайды. Бұл жағдайда маусымдық фазада даму кезеңі және байқалатын экологиялық – морфологиялық ерекшелігі, түрлердің белгілі бір тіршілік формасына жатқызылуы басты негіз болып табылады.
А.А. Ниценко (1965) фитоценоз тіршілігінде түрлердің маңызын бағалауда екі көзқарасын көрсетті. Біріншісі, фитоценоз тіршілігінде ұқсас маңызды роль атқаратын, белгілі бір құрылымды сипаттайтын фитоценотип (цинотип) деп аталатын өсімдік топтарын бөліп қарады. Бұл түсінікте фитоценотип түрлердің тұрақты бірлестігін, әрбір түр тек бір фитоценотипке жатқызылады. Екінші көзқараста фитоценотип түрлердің бірлестігі емес, популяциядағы түрлердің шартты жиынтығы. Бұл жағдайда бір түрдің өкілдері әр түрлі жағдайда кездесетін болса, әр түрлі фитоценотипке жатқызылады. Мысалы, бір қауымдастықта эдификатор болуы мүмкін, ол басқасында бағынышты роль атқаруы мүмкін.
Бұл жағдайда бір авторлар түрлердің маңызын бағалауда сандық, сапалық көрсеткіштерді пайдаланса, ал басқалары фитоценоздағы өсімдіктердің молдығын сипаттауда фитоценотип градацияның синонимі деп түсінеді.
А.А. Ниценконың ұсынуы бойынша, фитоценотип түрлердің бірлестігі емес, популяциялардың бірлестігін «фитоценотиптің позициялық типін» көрсетеді немесе біріншісін түрлік фитоценотип, ал екіншісін популяциялық фитоценотип деп атауға болады.
Г.Н. Высоцкий өсімдіктер тобын екігі бөлді: превалид – көпжылдықтар және ингредит – бір және көпжылдықтар (1915).
Л.Г. раменский ценотипті үш топқа біріктіреді: виоленттер «территорияны тұтастай жаулап және ұстап тұратын түрлер», басқа өсімдіктердің энергиясын өзінің тіршілігіне пайдаланып, жаулап қысым көрсететін түрлер; патиенттер – «тіршілік үшін күресте өзгенің тіршілік энергиясын және өсуін пайдаланбайды», қатаң жағдайға өзінің төзімділігін қарсы тұра алатындар; эксплеренттер – бақталастық жағынан мықты емес, бос аймаққа тез өсе алатындар.
Фитоценотиптің мұнан басқа классификациялары популяциялық фитоценотипке жатады. Популяциялық фитоценотиптің бірлестігіне фитоценоздың тіршілігінде ұқсас роль атқаратын түрлер біріктіріледі.
Ж. Браун – Бланке және Ж. Павийар (Braun –Blanguet et Pfvillard 1922) қауымдастығы түрлерді эдификаторлар (құаушылар), консолидаторлар (нығайтушылар), нейтралды және деструкторлар (бұзушылар) деп бөлді. Г.И. Поплавская (1924) және В.Н. Сукачев (1928) фитоценотиптің төмендегідей классификациясын ұсынды (сол уақытта фитосоциялды тип атымен белгілі болған).
1. Эдификаторлар – қауымдастықты құрайтындар, түзетіндер.
А. Аутохтон – жануарлар мен адамдардың әсері жоқ аймақтарда тіршілік ортасын құрайтындар.
В. Дегрессивті – адамзаттың әсеріне байланысты өсімдіктер жамылғысының өзгеруі кезінде, қауымдастықты уақытша құрайтындар.
2. Ассектатор – қауымдастықтың ішінде ортаға әсері аз өкілдер (қауымдастықты уақытша құрайтындар).
А. Аутохтон – құрамына өзіндік ерекшелігі бар өсімдік жамылғысы кіреді.
1. Эдификатрофил – тығыз эдификатор арасында өсе алатын, олардың әсеріне қысым көрмейді, олар болмаған жағдайда өсе алады.
2. Эдификаторофоб – тығыз эдификатор арсында өсуден қашады, олардың әсеріне төзімсіз.
В. Адвентивті – адамдардың жануарлардың немесе басқа агенттердің тасмалдауымен ассоциацияға келген түрлер.
«Доминант» және «эдифкатор» түсініктерінің айырмашылығы эдификаторлар – өсімдіктер қауымдастығының ортасын анықтайтын доминанттар. Олай болса әрбір эдификатор доминант бола алады, бірақ әрбәр доминант эдификатор бола алмайды. Мысалы, емен арасындағы шөптесін жамылғы бидайықтар басымдық көрсететін өсімдіктер, мұндағы емен – доминант және эдификатор, ал бидайықтар тек доминант. Демек, «доминант» ұғымы «эдификатор» ұғымымен салыстырғанда кең мағынаны білдіреді.
Б.А. Быков доминанттарды бірнеше топқа біріктіруді ұсынады:
Коннектор – вегетативті жолмен жылдм көбейтіп, тұтас ну тоғай өсімдіктер.
Патулектор – сирек тұрақты, бірақ өзінің кең алқапты алып жатуына байланысты басқа өсімдіктердің арасында басымдық жасайтыны сөссіз.
Дензектор – бұл топтың басқа өсімдіктері. Белгелер санының сипатталуы жеткіліксіз болғандықтан, бұлмм классификациясының қолдану аясы шектеулі болды.
Күрделі өсімдіктер қауымдастығында екі түрдің бірдей эдификатор болуын кодаминанттылық деп аталады. Соңында А.А. Ниценко (1965) доминанттар жүйесін олардың ярустық жағдайын және молдығын ескере отырып құрастырады. Бұл классификация түрлердің фитоценотипіне арнап жасалған.
Бірінші санатқа жататын доминант – эдификаторлар. Бұл қауымдастықта негізгі ярусты құрайтындар, фитоценоздың құрамына және қоршаған ортаға тікелей әсері бар түтлер кіреді. Басты ярус жоғарғыны құрау міндетті емес. Мысалы, мүкті батпақта, бұлар төменгі ярусқа жататыны сөссіз.
Екінші санатқа жататын доминант – эдификаторлар. Ярустық басымдық көрсетеді, бірақ фитоценоздың құрылымына, құрамына және қоршаған ортаға ықпалы аздау.
Доминант – субэдификатор. Бұл екінші деңгейлік ярустағы эдификаторлар. Негізінде олардың барлығы екінші деңгейлік әсер етушілер.
Доминант – эдификатор еместер. Негізгі яруста доминантты, ббірақ олардың құрылымын және қауымдастықтың ортасын анықтай алмайды.
Кеңістікте субдоминанттылар. Екінші деңгейлі ярустағы эдификатор – доминанттар.
Уақытша субдоминантты. Белгілі бір мерзімінде доминантты, эдификатор және субэдификатор бола ламайды.
Серіктестер (спутник) қауымдастықта сирек және шашыраңқы кездесетін доминант бола алмайтын түрлер болыр табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет