1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет11/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Фитоценоз және оның тіршілк ортасы дегеніміз не?

  2. Фитоценоздың анықтамасы?

  3. Өсімдіктердің тіршілік формасы?

  4. Доминантты жәнеэдификатор түрлерге мысал келтір?

  5. Фитоценотип сипаттамасы?

  6. Фитоценозда түрлердің тұрақтылығын қалай анықтауға болады?

  7. Фитоценозды зерттеп, оның морфологиялық құрылысын анықтаудың маңыздылығы неде?

  8. Тұқым өсімдіктердің жастық кезеңдері және тіршілік күйі?

  9. А.Т. Работнов бойынша популяциядағы түрлерді жастық қатынасына қарай топтарға бөлу қалай жүргізіледі?

  10. А. Раункиер бойынша өсімдіктердің тіршілік формалары қандай?


5- Дәріс
Фитоценоздағы түрлер арасындағы сандық қатынастар. Биомасса және өнім. Проективті жабын.
1.1.Түрлердің сандық қатынастарын анықтадың маңыздылығы
Фитоценоздағы түрлердің жалпы тізімі осы аймақта қандай өсімдіктер кездесетінін анвқтайды. Фитоценоздағы түрлердің және топтардың арақатынасын анықтау фитоценоздың қоршаған ортамен, ондағы өсімдіктердің, олардың ұқсастық немесе айырмашылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осы белгілер фитоценоздың шаруашылық сипатын, ондағы түрлердің құндылығын немесе аз маңыздылығын, тіпті паразитті өсімдіктердің сандық мөлшерін анықтауға береді.
Фитоценоздығы өсімдәктердің (немесе түрлер тобының )сандық қатынасы төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
1)әрбір түрдің молдығын көзбен салыстырмалы бағалау (дарақтардың барлығы қосылып, осы фитоценоздың түрлерің құрайды);
2)әрбір түр алып жатқан алаңшалардың жабынын анықтау (немесе түрлер тобының);
3)салмақтық арақатынасын анықтау ( түрлердің жербетілік және жерастылық массасын);
4)түрлердің көлемдік арақатынасын анықтау;
Фитоценоздағы түрлердің жиілігін анықтау әдістері: субъективті (көзбен өлшеу) бағалау, аймақтардың жеке түр бірліктерінің санын (тығыздығын) анықтау , өлшеп талдау және көлемін анықтау әдістері.
Фитоценозға толықтай стпаттама беруде түрлердің сандық қатынасы жиілігі, жабыны және фитоценоздың әрбір аймағында орналасу сипаты берілуі керек.
Фитоценоздағы түрлердің жиілігі 3 әдіс бойынша анықталады:
1. Субъективті (көзбен өлшеу) бағала әдісі.
2. Аймақтағы жеке түр бірліктерінің санын (тығыздылығын) анықтау әдісі.
3. Өлшеп талдау әдісі.
Көзбен өлшеу әдісіне жиілінін анықтауда арнайы шкала пайдаланылады. Қазіргі уақытта фитоценоздағы түрлердің жиілігін анықтауда геоботаник О. Друде шкаласы бойынша белгілеу жиі қолданылады (2-кесте).
2-кесте
Друде шкаласы бойынша фитоценоздың молдығын бағалау

Socialis (soc)

Өсімдіктер фон түзеді, олардың жербетілік үлестері өте көп

Copiosus (cop)

Фитоценозда өсімдік өкілдері жиі кездеседі, яғни саны көп

Sparsus (sp)

Өсімдіктердің кездесуі салыстырмалы түрде көп емес

Solitarius (sol)

Өсімдік сирек кездеседі

Төрт балдық Друде шкаласы кейде үш деңгейде алты балдық жолмен анықталады. Мысалы: сор1 , сор2 , сор3 .Кейбір авторлар Друде шкаласын пайдалана отырып unicusn (un) бағалауын енгізіп, яғни есепке алу алаңында өсімдіктердің бір ғана данасы болған жағдайда. Друде бойынша түрлердің молдығын бағала шкаласы (3-кесте).


3-кесте
6-балдық Друде шкаласы бойынша фитоценоздың молдығын бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет