1.2. Өсімдіктерге қоршаған ортаның әсері Өсімдіктерде зат алмасу процесі жүру үшін су өте маңызды. Өсімдіктерде су фотосинтез реакциясына қатсады, минералды тұздар өсімдікке топырақтан суда еріген күйде ғана ене алады. Су өсімдік денесінің негізгі бөлігі (30-40%-дан 95%-ға дейін).Типті анабиоз кезінде де (тұқымның тыныштық кезеңінде) өсімдікте су болады. Әсіресе, жербетілік өсімдіктер үшін судың маңызы жоғары, ал суда өсетін өсімдіктер үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Жербетілік өсімдіктер үшін су көзі – атмосфералық ылғалдылық. Ол жергілікі аймақтың жалпы климаттық сипатына байланысты. Көпшілік жағдайда түсетін жауын-шашынның мөлщерімен буландын арақатынасына (бос су көздерінің булануы), сонымен қатар жер шарының бетінде жауын-шашынның түсуі төмен аймақтар аридтіге жатады (лат. «aridus» - құрғақ), бұл жерде өсімдіктерді вегетациялық кезеңінде ылғалдылықтыңтапшылығын көреді. Жергілікті мөлшерде ылғалдылықпен қамтамасыз етілген аймақтар гумид деп аталады (лат. «humidus» - ылғалды). Аридті және гумидті аймақтардың шекарасы шартты белгіленген, өте құрғақ аймақтарды экстрааридті аймақтар деп атайды.
Судың өсімдіктер тіршілігі үшін маңызды қажетті кезеңі вегетациялық даму кезеңінде.
Сумен қамтамасыз етілуі жағдайына қарай өсімдіктің морфологиялық және анатомиялық құрылытарында ерекшеліктер болады. Мысалы, эпифиттік орхидеяларда ауалық тамырларының сыртқы көп қабаты эпидермис веламемен қапталған, олар жаңбыр кезінде клеткалары ауаға толы болады. Көптеген эпифиттерде арнайы ауа қорын сақтайын ұлпалары болады.
Сұйық ылғалдылықты кактусардың тікендері орып ала алады. Олар капиллярлы микроскопиялық құрылысқа ие.
Бу тәрізді ылғалдылықты сору құрғақ аймақтың жапырақсыз сабақтары арқылы жүреді, мысалы, сексеуіл. Жалпы, өсімдіктердің ылғалдылыққа байланысты лептесіктердің мөлщері, олардың жапырақта орналасуы, жапырақ алақанының мөлшері, эпидермисінің қалыңдығы, мезофильде,сабақ, жапырақта айырмашылықтары болады.
Өсімдіктерге судың енуі. Тамыр арқылы судың өсімдікке ену мөлшері сирек анықталады. (ол үшін өсімдікті кесіп, тамыр қысымын анықтайды), әдетте өсімдіктің суды тарту күшімен есептеледі, яғни клетка шырынының осмос қысымымен өлшенеді (өлшем бірлігі Паскаль 1 атм=105 Паскаль (Па)=102кПа) оның экологиялық маңыздылығы өсімдік денесі осмос қысымына байланысты реттеледі.
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға біріктіруге болады. Суды реттеу режиміне байланысты екі топқа біріктіруге болады.
Пойкилогидридті өсімдіктер – бұл өсімдіктер су режимін белсенді реттей алмайтындар. Олардың анатомиялық құрылысында ерекшелік жоқ, көпшілігінде лептесіктері болмайды. Олар суды физикалық дене ретінде сорады, трансперация буланумен теңбе-тең болады. Клеткадағы судың мөлшері қоршаған ортадағы будың қысымымен тең болады. Оларды балдырлар, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер, тропиктік ормандағы жұқа жапырақты папортниктер, аз тобын гүлді өсімдіктер құрайды (иснерлер тұқымдасының өкілдері – Оңтүстік Арктика және Ортаазиялық тақырлардағы қияқтар). Олардың жапырақтары өте құрғақ, ылғалдық пайда болғанда қайта тіріледі және жасылданады.
Судың өсімдікке енуі топырақта тамыр жүйесінің жетілуіне және тамыр клеткаларының суды сору күшіне байланысты.
Су факторына байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары гидрофит, гигрофит, мезофит, ксерофит деп бөлеміз.
Гидрофиттер – өсімдік денесі жартылай немесе толықтай суға батып тіршілік ететіндер.
Гигрофиттер – ауада және топырақта ылғалдылығы мол аймақтарда кездеседі. Бұлардың биологиялық алуан түрлілігі оларды морфологиялық, анатомиялық жағынан тұтас жүйеге біріктіруге келмейді. Олар ашық күн көзі түскен жағдайда 2-3 сағатта ылғал жетіспеушіліктен тіршілігін тоқтатады.оларға тән морфологилық ерекшелік өте жұқа нәзік жапырақ тақталары, лептесіктері аз, жапырақтың борпылдақ ұлпасындаклетка аралықтары ірі, өткізу жүйесі әлсіз.
Топырақта ылғалдылық өте жоғары болған жағдада өсімдік бойындағы артық су арнайы гуттация жолымен шығарлады. Бұл құбылыс гигрофиттерге ғана емес, мезофиттерге де тән.
Гемеогидридті өсімдіктерге көптеген жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер жатады. Олардың ылғалдылықты өздері лептесікерін жауып ашу арқылы реттей алады.
Мезофиттер – гигрофиттер мен ксерофиттер аралық формасы; Мезофиттерге орташа ылғалдылыққа төзімді өсімдітер, астықтар, мәдени дақылдар, жеміс-жидектер, сәндік өсімдіктер, сонымен қатар бұларға эфемемерлер және эфемероидтар кіреді.
Ксерофиттер екіге бөлінеді:эуксерофиттер және суккуленттер.
Ксерофиттер – құрғақ, ыстық климатты аймақтарда кең таралған. Олардың тамыр жүйелері мықты дамыған, тамыры арқылы ылғалдылықты сорады. Жапырақтарында жүйкелері жиі, суда өткізу жүйесі тығыз. Бұл ксерофиттерге транспирациялық шығынды азайып, ылғалды үнемдеуге көмектеседі. Оларда бірінші бейімделу белгілері бар:
жалпы транспирациялық беттің азаюы, яғни олардың көпшілігінің жапырағы редукцияланған. Мысалы:тобылғы.
Вегетациялық кезеңінде маусымның ыстық, құрғақ жағдайларында жапырақ көлемінің кішіреюі.
Мықты жабындық ұлпасының болуы, түктер, өсінділеріндің болуы.
Механикалық ұлпалардың жылдам жетілуі.
Ксерофиттерді құрлымына және суды реттеу режиміне байлансыты былайша бөлуге болады:
Эуксерофиттер терең емес қарқынды тамыр жүйесі бар. Құрғақшылықта трансперация барынша қысқарады, сусыздануға төзімді (жусан).
Гемиксерофиттер терең тамырлы. Трансперация қарқынды жүреді, бірақ су шығыны тез қалпына келеді. Ұзақ сусыздануға ыстыққа төзімсіз (жантақ).
Пойкилоксерофиттер – құрғақшылыққа төзімді. Суды реттеуі пойкилогидридттер тәрізді.
Эуксерофиттердің денесінде су өте аз мөлщерде болады, тамыр жүйесі жаксы жетілген, ал суккуленттерде денесіне қор ретінде су сақталады.