1-Дәріс
Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер
Геоботаникалық білім әрбір биолог үшін қажет, әсіресе организм деңгейінде, популяция, түр деңгейінде және қауымдастық деңгейінде жұмыс жасайтындарға өсімдіктер құрылымын («өсімдіктер қауымдастығы қалай құрылған?» деген сұраққа жауап береді), өсімдіктер қауымдастығы және өсімдіктер қауымдастығының динамикасы қалай құрылғандығын («неліктен осы жерге осындай қауымдастық тән және келешекте бұл жер қандай болады?» деген сұраққа жауап береді) анықтайды. Сондықтан «Геоботаника» («Фитоценология», «Фитосоциология») пән ретінде әлемнің барлық университеттерінің биология факультеттерінде оқытылады.
Геоботаника – жер бетіндегі өсімдіктер қауымдастығының немесе фитоценоздың біртұтастығы жөнінде өсімдіктер жамылғысы туралы ғылым. Геоботаника XVIII-XIX ғасыр аралығында алдымен өсімдіктер географиясы және экологияс негізінде ғылым болып қалптаса бастады. Неміс ғалымы Александр Гумбольдт өзінің ұстазы К.Вильденовтың ұсынған ұғымын жетілдіру негізінде жаңа ғылым қалыптастырды. Ол қалыптасқан жаңа ғылымды (өсімдіктер географиясы) деп атады.
Осы кезеңмен қатар Францияда орман және ауыл шаруашылығымен тікелей тығыз байланыста жұмыс істеген Огюст Декандоль алғаш рет өсімдіктер экологиясы оқулығын жазды.
Бірақ арнайы геоботаникалық әдістер мен зерттеу жұмыстарын жүргізу XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты. Алғашқы зерттеушілердің бірі О. Геер өз жұмыстарында (1835 жыл) Швейцарияның Глярус кантонындағы әр түрлі өсімдіктер қауымдастықтарын сипаттап жазды.
1849 жылы швейцар ботанигі Ж. Турман ( J. Thurmann,1849) флора және өсімдіктер арасындағы айырмашылықты анықтан көрсетіп, олардың зерттеу объектілерін ботаника және ботаникалық география деп бөлді.
XIX ғасырдың екінші жартысында өсімдіктер әлемі қарқынды түрде зерттеле бастады. 1866 жылы неміс ғалымы А. Гризебах ( Grisebach, 1866) және орыс топырақтанушы ботанигі Ф. И. Рупрехт «геоботаника» терминін ғылымға енгізді.
Ресейде геоботаникалық зерттеу жұмыстарын 1837 жылы Асканией-Нова Теетцман жүргізді. Бұл істе Асканией-Нова Теетцман шалғын өсімдіктерін зерттеп қана қоймай бақылау алаңшаларын және топырақты өсімдіктің жабуын сипаттады, алғашқы болып фитоценоздың профилінің суретін салды. Басқа зерттеушілер Асканией-Нова Теетцман жұмыстары Ресей академиялық журналына жарияланғанымен, ұзақ уақыт белгісіз болып қала берді. XIX ғасырдың 60-жылдары Ресейде геоботаника қарқынды дами бастады. Оның дамуына өзіндік үлес қосқан академик Ф. И. Рупрехт пен Киев университетінің профессоры И. Г. Борщовтың еңбектерін атап өтуге болады.
Сол кезеңде капитализмнің дамуы, жаңа шикізат көздерінің қорын іздеу мәселесі көтеріліп, ғылыми экспедициялар ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Ғылым академиясының 1857-1858 жылдары Арал теңізі және Сырдария бассейінінің жағасына жүргізілген экспедицияның қатысушысы болған И. Г. Борщов «Арал – Каспий өлкесінің ботаникалық география материалдары» еңбегін жариялады. Бұл еңбекте «Геоботаника», «өсімдіктер қауымдастығы», «өсімдіктер формациясы» деген сөздер айтылған жоқ. Дегенмен, жеке немесе тұтас облыстың флорасына сипаттама берілген.
И. Г. Борщов еңбегі жарық көргеннен кейін бір жылдан соң Ф. И.И Рупрехттың «Қара топырақты геоботаникалық зерттеу» еңбегі жарыө көрді. Ол осы еңбегінде тұңғыш рет «геоботаника» терминін қолданды, ол бұл ұғымның өсімдіктер жамылғысының қоршаған ортамен байланысын түсіндіретінін ұқты.
Алғаш методологиялық маңызы бар геоботаникалық зерттеулердің қатарына австрия ботанигі К. Лоренцтың (1858) Зальцбург ( Альпі маңы) биік тауының батпақты жерлеріне жүргізілген геоботаникалық зерттеулерін жатқызуға болады. Ол тек батпақ өсімдіктерін сипаттап қана қоймай оларды микротоптарға немесе микрофитоценозға бөлген. Геоботаниканың дамуына үлес қосқан басқа да Австрия ғалымдарының қатарына «Донай өлкесінің өсімдіктерінің тіршілігі» атты еңбекті жазған А.Кернерді (1863) жатқызуға болады. Мұнда автор өсімдіктердің тіршілік формаларын формацияға бөліп оларға терең талдау жасады.
1863 жылы орыс профессоры агроном А. М. Бажанов «шалғынды жасанды жолмен егу» деген еңбегінде жербетілік және жерастылық деген терминді қолданбағанымен, шалғындық өсімдіктерді биіктігіне қарай бөліп, олардың жарық, жылу және ауаны бірдей мөлшерде қабылдау мүмкіндіктерін көрсеткен. XIX ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басында С. И. Коржинский, И. К. Пачоский, П.Н.Крылов, А.Н.Краснов, Д.И.Литвинов, Г.И.Танфильев, Г.Ф.Морозов, А.Я.Гордягин, В.Н.Сукачев, Б.А.Келлер және т.б. өздерінің алғашқы зерттеу жұмыстарында өсімдіктер қауымдастығын үлкен, тұтас, жаңа сапаларға ие дарақтардың жиынтығы ретінде қарады.
И.К.Пачоский өзінің «Флораның даму кезеңдері» атты мақаласында (1891) өсімдіктер қауымдастығын жеке ғылым ретінде «флорология» деп атауды ұсынды. Кейінірек И.К.Пачоский өзінің «флорология» терминін қабылдамай «фитосоцилогия» терминін ұсынады. «Фитосоцилогия» терминімен қатар «фитоценология» термині қолданылады, оны ғылымға енгізген Австрия ғалымы Хеллмут Гамс (1918 жыл) болды.
Геоботаниканың дамуына топырақтанушы В.В.Докучаевтың сіңірген еңбегі зор. Оның еңбектері топырақты зерттеу арқылы ондағы өсімдіктердің таралу заңдылығын түсініп қана қоймай, көптеген мәліметтер жинауға мүмкіндік береді. В.Л.Комаров атындағы Ғылым академиясының Ботаника институтының геоботаника бөлімінде геоботаник-картографтар мектебі құрылды. Онда алғашқы болып геоботаникалық карта құрастырылды. 1828 жылы Ленинградта (Санкт-Петербург) өткен ботаниктердің ІІІ съезінде В.И.Талиев «фитосоцилогия» терминін сынға алды. Л.Г.Раменский «фитоценология» терминін пайдалануды ұсынғанымен сол кезде ол өзгеріссіз қалды. Бірақ ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап «фитоценология» терминін қолданысқа кеңінен ене бастады. Қазіргі кезде «геоботаника», «фитоценология» терминдері синоним сөздер ретінде қатар қолданылады.
Фитоценология – салыстырмалы жас ғылым. Оның қарқынды дамуы ХХ ғасырдың басында басталды. «Фитоценоз» түсінігінен «фитоценология» ұғымы қалыптасты.
Фитоценология өсімдіктер қауымдастығын (фитоценоз), оның құрамын, құрылымын және қызметін, өсімдіктерді қарым-қатынасын және ортамен байланысын зерттейді. Фитоценоздың зерттеу объектісіне табиғи фитоценоз (орман, шалғындық, батпақ) және жасанды (егіндік жерлер және мәдени өсімдіктер) өсімдіктер қауымдастығы жатады. Фитоценоздың дамуына үлес қосқан ғалымдардың қатарына Леонтий Григорьевич Раменский, Василий Васильевич Алехин, Владимир Николаевич Сукачев, Тихон Александрович Работнов және т.б. болды. Шетелдік ғалымдардан Жозья Браун-Бланке, (J.Braun-Bianguet) (Франция), Фредерик Клементс (F. Clements) (АҚШ), Роберт Хардинг Уиттекер (R.Whittacker) (АҚШ) фитоценоздың дамуына үлес қосты.
Ботаника жер шарындағы өсімдіктерді зерттейтін ғылым ретінде мақсаты мен зерттеу әдістері жағынан айырмашылығы бар екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімге жеке өсімдіктерді және олардың мүшелерінің пішіндерін, құрылысын, қызметін және эволюциялық немесе систематикалық бірлік деңгейінің ( түр, тұқымдас және т.б.) таралуын, генетикалық байланысын, тарихын зерттейтін пәндер жатады. атап айтатын болсақ, морфология, анатомия, цитология, эмбриология және өсімдіктер генетикасы, өсімдіктер экологиясы және физиологиясы, даму бтологиясы, өсімдіктер географиясы, фитопалентология, флористика, өсімдіктердің филогенетикалық және экологиялық систематикасы және т.б. Аталғандардың барлығы бірігіп, өсімдіктер туралы ғылымға немесе фитологияға кіреді. Бұл терминді ботаник В.ВАлехин (1925) ұсынған болатын. Фитологияның мақсаты өсімдікті басқара білуге үйрену, олардың құрамы мен қажеттілігін ескеру, оларды тиімді пайдалану.
Екінші бөлімді геоботаника құрайды. Бұл пән флора немесе жеке өсімдіктерді емес, жер шарындағы өсімдіктер қауымдастығын, өсімдіктер топтарын зеттейді. Мысалы, орман, дала, шалғындық, батпақ өсімдіктері, олардың бір-бірінен айырмашылығын қалыптастырады.
Ал геоботаниканың өзі екі бөлімнен тұрады: фитоценология (фитосоциология – батыс әдебиеттерінде) және өсімдіктер географиясы. Фитоценология – фитценоз туралы ғылым. Өсімдіктер географиясы – жер шарының беткі қабатындағы синтаксондардың (өсімдіктер қауымдастығының әр түрлі рангасы) географиялық таралу заңдылықтары туралы ғылым. Геоботаникаға экология да кіреді (дэмэкология және синэкология), яғни қоршаған ортадағы өсімдіктер қауымдастығы және популяциядағы түрлер арасындағы өзара байланысты анықтау кезінде геоботаника бөлімінде экологиялық бөлімі қарастырылады.
Геоботаника сонымен қатар жалпы (өсімдіктер қауымдастығының географиясы және динамикасы, құрамы, құрылымы туралы жалпы заңдылықтар қаралады) және арнайы ( фитоценоздағы өсімдік типтерін жеке қарайды: орман қсімдіктерін ормантану анықтайды, тундра өсімдіктерін - тундратану, шалғындық – шалғындықтану, батпақ – батпақтану, өсімдіктер арқылы қоршаған орта жағдайын анықтау индикациялық геоботника анықтайды) болып бөлінеді. Геоботаникаға пәнаралық ғылыми кешендер кіреді. «Өсімдіктер туралы ғылым» «vegetations Science», яғни кеңістікке және уақытқа байланысты өсімдіктердің арақатынас заңдылықтарын индивидум және популяция деңгейінен бастап, инфраценотиптік деңгеймен аяқтайды (флора, өсімдік кешені). Бұл ғылым кешеніне, сонымен қатар өсімдіктердің экологиялық физиологиясы, популяциялық биология және өсімдіктер эколологиясы (дэмэкология), синэкология (қауымдастық экологиясы), ботаникалық география ( өсімдіктер географиясымен қоса) флористика, флорогенетика (флора тарихы), хорология (ареал таксоны туралы ғылым) кіреді.
Жоғарыда тоқталғанымыздай, геоботаника өсімдіктер морфологиясы, экологиясы, географиясы, систематикасы, эволюциясы, болып бөлінеді. Осы аталғандардың ішінде геоботаникаға өсімдіктер экологиясы және географиясы жақынырақ.
Көптеген ботаниктер геоботаниканы өсімдіктер географиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Басқа ғалымдар өсімдіктің экологиялық фитоценозына жатқызады. Негізінде дұрысы, геоботаника өсімдіктер экологиясы және географиясынан фитоценоз табиғаттың арнайы бөлшегі екендігі аныөталғаннан кейін бөлініп шықты.
Геоботаника ғылым ретінде зоология пәндерімен байланысты, әсіресе жануарлар экологиясы жәнегеографиясымен. Жануарлар фитоценозда тіршілік етіп, ондағы өсімдіктерге әсер етеді.
Геоботаника физикалық, географиялық ғылымымен байланысты. Өсімдіктерді тұтас бірлік ретінде қарастыру арқылы олардың физикалық, географиялық жағдайға әсері немесе ортаның өсімдіктерге әсері анықталады.
Геоботаника топырақтанумен, метерология мен климатология, гидрологиямен, геморфологиямен байланысты. Фитоценоздағы өсімдіктердің таралын анықтауда климатты, рельефті, субстратты анықтау қажет. Өсімдік өсу ортасымен тікелей байланысты.
Фитоценология немесе геоботаника ірі төрт бөлімнен тұрады:
1. Синморфологиялық фитоценоз фитоценоздың құрылымын, пішінін және оның құрылымы мен пішінінің өзгеруін зерттейді.
Нақты тоқталғанда, синморфология фитоценозда қоныстанған организмдердің таралуын, фитоценоздың өнімділігін зерттейді.
2. Синбиология бөлімі фитоценоздағы организмдердің өзара қарым-қатынасын, осы қарм-қатынастан туындайтын өзгерістерді зерттейді.
Синбиология организмдердің өзара күресін, өзара бірлесіп тіршілік етуін, фитоценоздыңқайта жандануын, фитоценоздың ауысуынң сонымен қатар фитоценоздың қайта жандануы кезіндеосы заңдылықтардың жүруін зерттейді.
3. фитоценоздың синэкологялық бөлімі фитоценозға қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Нақты айтқанда, синэкология фитоцензға қоршаған ортаның әсерін, фитоортаның ценобионттардың түзілуіне әсерін, ценоздың климаттық және маусымдық өзгерістерін, фитоортаның және сыртқы ортаның өзгеру жолы мен фитоценоздың қайта жаңаруын зерттейді.
4. ценогеография фитоценоздың кеңістікте таралуын және олардың таралу кезіндегі өзгеруін зерттейді.
Цитогения салыстырмалы ұзақ уақыттың ішінде фитоценоздың қалыптасуын, уақытқа және кеңістік генезисіне байлансты фитоценоздың жіктелуі немесе жүйеленуі жөнінде зерттейді.
Ценогеография, ценогения және олардың жіктелу салаларын тұтастырып фитоценогения деп атайды.
Геоботаниканың кез-келген теориялық мәселелері практикаға енгізіледі немесе керісінше практикадағы зерттеулер теорияға енгізіледі.
Кейбір ғылыми әдебиеттерде (Марков М.В.) жершарының беткі қабатындағы өсімдіктерді зерттейтін ғылымды географиялық ботаника деп атады. Географиялық ботаника шартты түрде бір-бірімен байланысты екі бөлімге бөлінеді.
1. флорология немесе өсімдіктердің географиялық флорасы;
2. фитоценология және геоботаника.
Флорогенетика
Өсімдіктер
Географиясы
Фитоценология
Геоботаника
Хорология
Флористика
Өсімдіктер географиясы
Географиялық ботаника
Флорология немесе өсімдіктердің флористикалық географиясы жер шарының бетінде флораның оның ішінде тұқымдастардың, туыстардың, түрдің систематикалық бірлігін зерттейді.
құрашы ғылымдар
1910 жылы геоботаника географиялық ботаникадан
жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.
1.1-сурет. Географиялық ботаника бөлімдері
(М.В.Марков бойынша)
Геоботаниканың мақсаты- өсімдіктерді топтастырудағы заңдылықтарды, топтастырылған өсімдіктердің сапасы мен құрылысын, қолдану жолдары (өнімділігін жоғарылату жіне жақсарту, жаңасын қалыптастыру) мен тиімді пайдалану жолдарын зерттеу. Бір жағынан геоботаника фитологияның ғылыми жетістіктерін пайдалана отырыпқарқынды дамыды, кінші жағынан фитология ғылымының салалары белгілі бір және әртүрлі өсімдік топтарын зерттей отырып жаңа даму қарқынына ие болады. Геоботаниктерге флористер тәрізді флораны ғана біліп қоймай, кқптеген жақтарын тереңірек білуге тура келеді. Атап айтқанда өсімдіктер жамылғысындағы әрбір түрдің орны мен маңызын, тіршілігін және құрылымын білу қажет. Флористер осы уақытқа дейін өсімдіктердің тамыр жүйесіне, өсімдіктер фенологиясы мен экологиясына, вегетативті мүшелердің морфологиялық өзгерісіне, көбею биологиясына және таралуына көп мән бере бермеді.
Геоботаника (фитоценология) құрылымына төмендегідей міндеттер кіреді:
1) Табиғи және адам қолымен жасалған фитоценоз типтерін зерттеу
(өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамын анықтау);
2) Фитоценоздың құрылысын және флористикалық құрамын анықтау;
3) Өсімдіктер жамылғысының фитоценологиялық құрамының фитоценоздардың флористикалық құрамы және олардың құрылысының, топографиялық және климаттық жағдайға байланысты таралуын және кеңістік байланыстылығын, ортаның биотикалық факторы және адамзат қызметімен байланыстылығын (таралу заңдылығы, фитоценоз топографиясы және географиясы, геоботаникалық аймақтарға бөлу, өсімдіктерді картаға түсіріу) анықтау;
4) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты (генезис және өсімдіктер
эволюциясы, фитоценоз динамикасы, сукцессиялық қатар) фитоценоздың ауысуы және өзгеруін, қалыптасуын зерттеу;
5) Әсер етуші жағдайларға байланысты фитоценоздағы өсімдіктердің өзара әсері, өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері (өсімдіктердің өзара фитоценотикалық арақатынасына талдау);
6) Фитоценоз және орта арасындағы өзара бірлестік және өзара әсер жөнінде зерттеу (фитоценоз синэкологиясы);
7) Өсімдіктер жамылғысының географиялық және тарихи өткен жағдайларын қазіргі өсімдік жамылғысымен салыстыру (өсімдікиер тарихы);
8) Әртүрлі деңгейдегі және түрлі систематикалық топтағы фитоценоздарды тұтас классификациялық бірлікке біріктіру (өсімдіктерді жүйелеу және жіктеу);
9) Өсімдіктерді экономикалық бағытта қарастыру және оларды жақсарту жолдары, салыстырмалы тиімді орналастыру және пайдалану (қолданбалы геоботаника).
Достарыңызбен бөлісу: |