Фитоценоз құрамы: Континуум – өсімдіктер қауымдастығы(фитоценоз) құрамы біртіндеп бір-біріне ауысады (уақытқа жіне кеңістікке байланысты бір-біріне ауысады).
Фитоценоз- шикізат жүйесі.
Фитоценоз – динамикалық жүйе, яғни уақытқа және кеңістікке байланысты өзгереді.
Фитоценоз –күрделі жүйе, вертикальді және горизонтальды сипаты біркелкі емес.
Фитоценозға эмергенттік тән күрделі жүйенің қарапайым және элементтер деңгейіне сәйкес келуі (осы фитоценозға кіретін өсімдік түрлерінің популяциясы). Әртүрлі қауымдастыққа эмергенттілік деңгейі алуан түрлі: жабық шөлді қауымдастықта (тақыр) ол нөлге жақын және қауымдастықты қарапайым популяциялардың жиынтығы ретінде қарауға болады; жабық фитоценоза интерфрация (б»секелестік) қарқынды жүреді және қуыстардың эмергенттік жүктелуі қарқынды жүреді.
Фитоценоздың өзіне тән қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына салыстармалы тұрақты болуы популяциядағы түрлкрдің бейімделуі есебінен жүреді.
2- Дәріс 1.1. Геоботаниканың ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңдері. Концепциялардың ауысуы. Тарихқа дейін ( парадигмальды кезеңге дейін). Бұл кезеңде геоботаника ботаникалық географияның бір бөлігі болды, оның негізі түсініктері және алдына қойған мақсаты қалыптаспаған. Бұл кезең XVI ғасырда басталып, XX ғасырдың 1910 жылға дейін жалғасты, яғни Ботаниктердің III халықаралық конгресі Брюссель қаласында алғаш рет негізгі синтаксондар ( классификация бірліктері )- өсімдіктер ассоциациясына анықтама бергенге дейін жалғасты.
Тарих кезеңі (өсімдіктердің, организмдердің дискреттілік парадигма кезеңі )(1910-1960 жыл). Бұл кезеңнің парадигма деп аталу себебі – оның негізі фитоциноз және организм жөнінде ойлардың ұқсастығында ( фитоценоз органзмнің аналогі тәрізді). Өсімдіктер қауымдастығы коэволюция нәтежиесі ретінде қаралды, түрлердің эволюция барысында бір-біріне бейімделуі негізге алынады.Фитоценоздың табиғи шекарасын нақты көрсету, барлық фитоценоздарды объективті түрде санау, сонымен қатар фитоценоздың табиғи классификациясын жасау болып табылады.
Қазіргі кезең (континуум парадигмасы кезеңі) (1970 жылдан осы кезеңге дейін). Өсімдіктердің дискреттілігі туралы ұғымды сынау 1910 жылы орыстың геоботаник-шалғындықтаушысы Леонтий Григорьевич Раменскийдің «Өсімдіктер жамылғысының үздіксіздігі туралы» баяндамасында жәнеамерикан ботанигі Г.Глинзон еңбектерінде жазылған. Л.Г.Раменскийдің айтуы бойынша, қауымдастықтағы әрбір түр жеке таралды және өзгеру барысында қауымдастықтан жойылады, яғни табиғи өсімдіктер –бұл үздіксіз таралу ретінде қаралуы керек, яғни қоршаған ортаға байланысты континуум парадигмасымен қорытындыланады.Екі концепциясының негізгі айырмашылығы мынада: дискреттілік концепциясы фитоценоздың объективті табиғи классификациясын жасау жасау жолдарын қарастырды, әрине фитоценоздар арасында нақты шекаралар бар, ал континуалистер тек жасанды субъективті өсімдіктер классификациясын жасауға болады деп қарастырды,яғни ол өсімдіктер қауымдастығымен жұмыс істеуге қолайлы фитоценоз біртіндеп бір-біріне ауысады (уақытқа және кеңістікке байланысты бір-біріне ауысады), сондықтан олардың арасындағы шекара уақытша және фитоценоздың қандай да бір масштабын қамтумен байланысты деп түсіндірілді.