4-Дәріс 1.1. Фенологиялық бақылау және түрлердің тіршілігі Табиаттағы маусымдық өзгерістерді бақылау фенологиялық, ал өсімдіктердің маусымдық өзгерістері фенофаза кезеңдері деп аталады. Бақылау объектілеріне және алға қойылған мақсаттарға байланысты фенофазаның әр түрін байқауға болады
Біржылдық өсімдіктердің фенофазасын бақылауда төмендегі кезеңдерді тіркеуге алу белгіленген: 1) тұқымның пісуі; 2) тұқымның жарнақты жарып шығуы (жербетілік өркеннің өсуінде); 3) өркеннің өсуі және келесі жапырақтардың жарып шығуы; 4) тұқым жарнақтың құрғауы; 5) гүлшанақтың шығуы (бұтақтану); 6) гүлдеу; 7) тұқымның жетілуі және пісуі (жеміс); 8) өсімдіктің өлуі.
Көпжылдық өсімдіктер үшін фенофазаның екі циклі қатар қаралады - вегетативті және генеративті. Вегетативті фенофаза: 1) көктемгі вегетациясының басталуы (ағаштарда ол шырынның жылжуы) шөптесіндерде бүршіктің жаңарып ашылуы немесе өркеннің белсенді өсуі; 2) өркеннің ұзаруы (олардың бүршіктен тыс өсуі); 3) жазғы вегетация; 4) вегетативті мүшелерінің өлуі (жапырақтың өсуі, шөптерде жербетілік өркеннің өлуі).
Генеративті фенофаза: 1) бүршіктің ашылуы және генератативті өркеннің өсуі; 2) гүлдеу; 3) жеміс салу; 4) тұқымның пісуі және таралуы (немесе жемістің пісуі).
Фенологиялық карта. Арнайы фенологиялық картаның көмегімен бір аймақтағы фенологиялық фазаның көрінісін суретпен бейнелеуге болады. (2.3-сурет). Мысалы, осындай карталардың қатарына Еуропа аймағындағы сирень өсімдігінің гүлдеу мерзімін көрсетуді айтуға болады, аймақта бұл өсімдік өте кең тараған. Бұл үшін картада сызықша арқылы бір мезгілде, бір күнде гүлдеген нүктелердің арасы қосылады. Мұндай картаны жасау үшін бірнеше мемлекеттің территориясын алып жатқан, көлемді географиялық бақылау жүргізу керек. Фенология ғылымы XX ғасырдың басында дамыды. ол жалпы табиғаттану ғылымында экологиялық жүйенің уақытқа байланысты және оның ырғақтылығы біркелкі еместігін корсететін ғылым ретінде орын алады. Кез келген геоботаниалық оқулықтың арнайы бөлімінде "Фенологиялық бақылауды" көруге болады. Фенологиялық бақылаудың кішкентай бөлігі метеорологиялық станцияларда жүргізіледі. Нақты фенологиялық зерттеулер мемлекеттік қорықтарда және биологиялық стационарларда жүргізіледі. Экологиялық тапсырмаларды орындау үшін ұйымдастырылатын фенологиялық зерттеулер кеңістіктің біркелкі емес заңдылықтарын бақылағанға қарағанда қиындау. Әсіресе географиялық деңгейде бақылаулар өте аз. Әдетте геоботаникада өсімдік түрлерінің маусымдық ырғағын ажыратуда төмендегідей фазаларға тоқталады: қысқы тыныштық кезеңі, гүлденгенге дейінгі кезең, гүлшанақтың шығуы, гулдеу, жемістің және тұқымның түзілуі, жемістің және тұқымның пісуі, жемістің және тұқымның таралуы, жеміс және тұқым бергеннен кейінгі вегетатциялық кезең. Геоботаникалық фенология әдетте таңдап алынған тұрақты бір аймақта, сонымен қатар күніне 2 - 5 рет осы аймақтағы барлық өсімдікке жүргізіледі. Мұндай фенологиялық бақылаудың әдісін жүргізу арқылы осы ландшафт аймағының "ерекше" фенологиялық белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы: талдың гүлдеуі (Salix caprea), қайыңның жапырақтарын тастау кезеңі (Betula platiphylla), жөке ағаштарының жаппай гүлдеу кезеңі (Tilia amurense) және т.б. Әрбір жыл сайын фенокөрсеткіштер нақты жазылып отырады, әсіресе қорықтарда. Қәзіргі кезеңде интернет желісі және электрондық пошта арқылы зерттеушілер бірге отырып, бір мезгілде бірнеше аймақтың нәтижесін алуға болады, салыстырмалы қорытынды шығарылады. Мұндай жұмысқа тек мамандар ғана емес, барлық табиғат қызығушылары, үйірме натуралистері, мектеп оқушылары , биология және экология мамандығының студенттері қатысуына болады. Жаппай фенобақылау негізгі халықаралақ фенологиялық жүйе жасап, әр түрлі фенологиялық карта жасауда қолданылады. Мұндай фенологиялық карта арқылы үлкен көлемде жер шарын жеке континенттер мен мемлекеттерді фенологиялық аймақтарға бөлуге болады, сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыруға қажет. Бір өсімдіктің фенологиялық даму кезеңдерін фенологиялық спектр арқылы көрсетуге болады (2.2-сурет).
Түрлердің тіршілігі Фитоценоздағы түрлердің тіршілік жағдайы олардыңөсу деңгейідеп аталады. Ж. Браун - Бланка, Ж. Павийар және В.Н. Сукачевтар ұсынған 4 балдық шкаланы пайдалана отырып шартты түрде төмендегідей модификациясын ұсыеуға болады:
3а - бұл фитоценозда, дамудың барлық сатылары өтеді және қалыпты дамиды, жеміс береді;
3б - бұл түрлерде барлық даму сатыларынан өткеніне қарамастан, қалыпты мөлшерге жете алмайы;
2 - түрлердің вегетативті дамуы жаман емес, бірақ жеміс бермейді.;
1 - түрлер тұқым бермейді, вегетатциялық кезеңі өте әлсіз.
Осы белгілермен маршруттық және жартылай стационарлық зерттеулер жүргізген кезде түрлердің тіршілік жағдайын белгілейді.
Түрлердің тіршілік жағдайын бағалау үшін реттік сипаттама жеткіліксіз болады. Бұл тек өсімдік түрлерінің гүлдеп немесе жеміс беріп, болмаса кері қысым болғаны көрінген жағдайда ғана мүмкін. Егер өсімдік вегетациялық кезеңде болса және кері қысым байқалмаса, онда бір реттік сипаттаудан олардың гүлдеу және тұқым беру ерекшеліктерін сипаттау мүмкін емес, сондықтан барлық өсімдіктердің немесе фитоценоздың тіршілігін сипаттауда маусымдық бірнеше қайтара бақылаудан кейін қорытындылау қажет.