1.2.Фитоценоздағы өсімдіктер жабынын бағалау: жалпы проективті жабын, ярустық жабын, проективті молдық Алаңшалардың жабыны немесе проективті жабын дегеніміз – топырақтың бетіндегі барлық өсімдіктердің немесе популяциядағы түрлердің, жеке өсімдіктердің көлденең (горизогтальды) проекциясы. Ол жербетілік алаңшаның жалпы жабынының пайыздық 100% көрсеткішімен есептеледі. Шөптесін өсімдіктер үшін проективті жабынды анықтау әдісін Л.Г. Раменский ұсынды.
Проективті тығыздық немесе жалпы проективті жабын – топырақты жауып тұрған өсімдіктердің проценттік мөлшері.
Ярустық жабын – өсімдіктің жербетілік және жерастылық жабынының деңгейі. Мысалы, біз өсімдіктің төменгі ярусы-13% , ал жоғарғы ярусы 7%, яғни жлғарғы және төменгі ярустардың жабыны 6%-ды құрайды.
Проективті молдық – жеке түрлердің немесе топтардың проективті жабыны.зеркальды тор немесе тармалық әдіспен нақты зерттеледі. Өте нақты зерттеуде нақтылығы 0,1-0,05% немесе 0,3-0,5-1,0% анықталады. Түрлерді немесе топтардың проективті молдығының жиынтығы, проективті тығыздық пен ярустық жабынға сәкес келу керек. Шалғындық 1 м² жердегі өсімдіктердің проективті молдығына Раменский бойынша анықтау үшін шамамен 30 минут , ал бірнеше алаңшаны қарау үшін 5 сағаттай уақыт керек. Сондықтан көптеген зерттеушілер көзбен өлшеу әдісін пайдаланады.
Аған тектес өсімдіктерді көзбен және проекциялық өлшеуде 10 балдық шкаламен анықтауға болады. Проекцияның жалпы қосындысы 100% көрсеткішпен белгіленеді
5-кесте
Өсімдіктер жамылғысының проективті жабынын анықтау көрсеткіші