Друде бойынша
|
Алты балдық жүйе бойынша
|
сандық
|
Сөздік түсіндірме
|
Socialis (Soc)…
|
6
|
Жиі, мол ( өте көп)
|
Copiosus cop3…
|
5
|
мол
|
Cop2…
|
4
|
Жеткілікті мол
|
Cop1…
|
3
|
сиректеу
|
Sparsus (sp)
|
2
|
Сирек ( аз)
|
Solitarius (sol)
|
1
|
Санаулы (өте аз)
|
Жиілікті Друде бойынша көзбен өлшеу шөптесін өсімдіктерді, олардың ярустарын 100 метрлік алаңкайлар арқылы анықтауда пайдаланылады.
Друде бойынша көзбен өлшеп бағалаудың оңды жағы фитоценозға кіретін барлық түрлер қамтылады, теріс жағы субъективтілігіне, яғни екі геоботаник бір фитоценозға 2 түрлі баға беруі мүмкін. Друде шкаласындағы көзбен өлшеу әдісінің бір кемшілігі бір, шкаладан екіншісіне өт кезінде шектулер белгіленбеген.
О. Друде шкаласынан басқа балдық шкала А. Тэнсли және Чипп, Ж. Браун-Бланке, Хэнсон, Лава және Вебердің 10 балдық шкаласы бар. Хэнсон өзінің шкаласында 1 м² жердегі кездесу негізінде түсіндірді. Өсімдіктердің алаңда қанша дана екендігін санау, олардың арақашықтығын есептеу, олардың молдығын анықтау әдісіне ауысуды білдіреді. Шөптесін, бұта, ағаштарға санақ жүргізу үшін таңдап алынған аймақтардың мөлшері әр түрлі болуға тиіс (4-кесте).
4-кесте
Хэнсон шкаласы бойынша фитоценоздың молдығын бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |