1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Балл 1 м² жердегі дарақтардың саны



бет13/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Балл

1 м² жердегі дарақтардың саны

1-өте сирек

1-4

2-жиі емес

5-14

3-жиі

15-29

4-мол

30-99

5-өте мол

100 және жоғары

Ағаштарды санауға алынған алаңдар 1600 м² (20x80), бұталарды санауға алынған алаңдар 100 м² , ал шөптесіндер үшін 1 м² болуы керек. Бір рет белгіленіп алынған аймақтан фитоценоздағы кездесетін барлық түрлерді табу қиынға соғады, сондықтан орташа көрсеткішін анықтау үшін фитоценозды қамтитындай 25 алаңды таңдап алу керек.


Дарақтардың санын есептеу. Түрлердің санын санау таңдап алынған фитоценоздағы зерттеу алаңшаларында жүргізіледі; бұлай есептеу барлық өсімдіктердің молдығына немесе тығыздығына сандық салыстырмалы сипаттама береді. Оның дәлдігі сынамаға алынған алаңшаларға, олардың өлшеміне және санына байланысты. Салыстырмалы түрде ағаштарды, бұталарды және басқа ірі өсімдіктерді санау ұсақ шөптесін өсімдіктермен салыстырғанда оңайға түседі.
Шөптесін өсімдіктердің фитоценозының сандық көрсеткішін анықтауда В.В. Алехин графикалық әдісті ұсынды. Ол сынамаға алынған алаңшалардағы (площадка) өсімдіктердің вертикальды суретін салудан тұрады.
Жаңа зеландиялық фитоценологтарорман және далалық өсімдіктердің бұта-шөптесіндерінің санын есептеу арқылы пунктирлік (нақты) әдісті ұсынды. Бұл әдіс ділелдеп отырғандай, алынған мәліметтер нақты және аз уақытты қажет етеді. Жасалған аспап ауыл щаруашылығында пайдаланатын тырмаға ұқсас, тістерініңарақашықтығы бірдей. Аспапты топыраққа перпендикуляр орналастырады, әрбір тәсше аралығындағы өсімдіктер саналады. Аспапты бірнеше қайтара орналастырып санағаннан кейін барлық түрлердің орташа саны және сызықты өлшем бірліктері дарақтағы әрбір түрді анықтауға болады (аспап ұзындығына сәйкес).
Сынамаға алынған аймақтарды дарақтардың немесе әрбір түрдің өркендерін санап есептеудің пайдасы, біріншіден фитоценозда орналасқан барлық өсімдіктердіңжалпы қалыңдығы жер бетіндегі өркендердің немесе дарақтардың санын , екіншіден популяциядағы әрбір түрдің тығыздығын, өсіп тұрған тіршілік орындарына бейімделуін, өсімдіктердің бір-біріне қатынасын анықтайды.
Ормандардағыағаштарға жүргізілген зерттеулерде байқалғандай, бір жастағы әр түрлі топырақ жағдайында өскен ағаштардың діңдері га жерде кездесуі ірқилы болған.
Түрлердің тығыздық жағдайы. Түрлердің тығыздық жағдайы- бір түрдің бір данасы болса да кездесетін алаң. Мұнда солалаңда кездесетңн басқа түрлердің дараларына көңіл аударылмайды.
Өсімдіктердің тығыздық жағдайы формуламен анықталады: P= ,
Мұндағы P- түрлердің тығыздық жағдайы; S- зерттеліп отырған алаңның мөлшері; n-дарақтар саны;
Кері өлшемде алаң бірлігіне кіретін осы түр өсімдіктерінің дарақтар санымен сипатталады:
S =
В.Н. Сукачевтің ұсынған формуласы арқылы даралардың орташа қашықтығын және түрлердің тығыздық жағдайын анықтаға болады.
1= ,
Мұнда 1 – түр даралары арасының орташа қашықтығы; d - өсімдік сабағының ортага диаметрі.
Көлемді анықтау. Популяция құрайтын түрлерге, абсолюттік сандық сипаттама беретін әдістің бірі – өсімдіктердің көлемін бағалау
Орман шаруашылығында өсімдіктердің көлемін анықтау сүректің қорына сипаттама беруде кеңінен қолданылады. Белгілі бір сүректі өсімдіктерді анықтауға жалпы кесте арқылы сүректің санын, діңнің биіктігіндегі ораша диаметрінбіле отырып .
Орман шаруашылығында бонитет арқылы, осы мекен ортасындағы қалыпты өнімділіктің көрсеткіші арқылы барлық қауымдастықтағы өсімдіктердің массасын уақыт бірлігін есепке ала отырып анықтауға болар еді, бірақ бұл өлшемді анықтау өте қиынға түседі. Сондықтан өнімділіктің жанама көрсеткіші ретінде белгілі бір жастағы ағаштардың діңінің орташа биіктігі арқылы беріледі. Әдетте бонитетті бес классқа бөледі.
Ағаштардың жасын және орташа биіктігін есептеп, кесте немесе графикті құрай отырып, бонитетті оңай анықтауға болады. Сүректің көлемін басқа да әдістер бойынша анықтауға болады: формула арқылы, сонымен қатар модельді деп аталатын ағаштарды кесіп, оларды көлемін нақты анықтау арқылы. Шөптесін өсімдіктердің көлемін анықтауды алғаш рет В.В. Алехин (1910) ұсынды.
Өсімдіктерді іші бос арнайы ыдысқа орналастырады. Ыдыс ішіне су құяды белгіленген көрсеткішке дейін сыйымдылығы және құйылған судың мөлшеріне қарай өсімдіктің көлемі анықталады.
Белгілі бір алаңқайдағы (1 м² немесе 100 м²) тіршілік етіп жатқан өсімдіктердің жербетілік көлемін анықтаумен қатар , көтеріңкі тұрған өсімдіктердің биіктігі де анықталады.
Аланшадан жиналған өсімдіктерді оның биіктігіне көбейте отырып, өсімдіктің жербетілік бөлігінің ауадагы (немесе судағы) көлемі анықталады. Өсімдіктердің жербетілік көлемін ортаның көлемімен есептеу арқылы (пайызбен) өсімдікдің кеңістікте алып жатқан проценттік көрсеткіші немесе салыстырмалы көлемі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет