6- Дәріс 1.1. Биомасса және өнім.Тұқым және жемістің өнімділігін анықтау. Өлшеу сипатының негізгі принциптері алғаш рет су биоценоздарына сипатталып жазылған.Планктондық организмдерді санау үшін планктондарды сүзіп алатын,планктондық торлар пайдаланылады.Планктондардың санын микроскоп астында санау камералары арқылы санап,мұнымен қатар планктондарды өлшеу жұмысы жүргізіледі.
1.2. Өсімдіктер арақашықтығын өлшеу. Фитоценозда өсімдіктердің таралу ерекшеліктерін бағалау Жербетілік өсімдіктерін өлшеу практикалық және теориялық мақсатқа қажет белгілі бір алаңшадағы және ортадағы көлемдік бірлігін анықтауда қажет болады.
Практикада өлшеу әдісі шөптесін өсімдіктердің фитоценозының шығымын анықтауда,жабайы және үй жануарларының жеуге жарамдылығын,ал орман өсімдігі үшін сүрегінің шаруашылыққа маңыздылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.Соңғы жағдайда алдымен көлемін анықтайды,сонан соң оның көлем мен салмақ бірлігі арқылы сүректің салмағы анықталады.Сонымен қатар,фитоценоздағы барлық өсімдіктердің массасы өсімдіктердің құрылым бөлшектеріңің салмағын,мысалға, ярус дарақтардың массасы популяцияны құрайтын түрлерді,фитоценоздың маңызын бағалауға,зат алмасуға қатысатын жеке түрлердің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.Массаны үш бірлікпен бағалауға болады.Жаңа кесілген жас массаны немесе ауада құрғатылған,сонымен қатар толықтай кептірілген массаны анықтау.Бірінші жағдайда өсімдіктің жасыл бөлігі кесіп алғаннан кейін ылғалдығын тез жояды.Ауада құрғатылған массаның салмағы ауаның ылғалдылығына және құрғату әдісіне байланысты.Үшінші жағдайда салыстырмалы түрде нақтырақ кептіргіш шкафта кептіруді қажет етпейді,кесінділер гигроскопиялық ылғалдықты сорып алғанға дейін өлшеу керек.
Өсімдіктердің жарасты бөлігін анықтау үшін топырақтан ұя жасап қазады.Қазып алынған қабырғалардан монолит жасап,қабаттарды бөліктерге (мысалы,0-10, 10-20, 20-30 см және т.б) немесе топырақтың генетикалық қабаттарына бөледі,тамырларды жуып ылғал кезінде ауада құрғатылған немесе абсолюттік құрғақ күйінде өлшейді.Дегенмен өсімдіктердің тамыр жүйесін зерттеуде қазақстандық ғалымдардың еңбектері жоғары.Тамыр жүйесін зерттеуде өсімдіктің қандай жағдайда өсіп тұрғанына байланысты зерттеу әдістеріде әртүрлі болады.Олар:
1.Ауа жағдайында өсірілген дақылдардың тамыр жүйелерін зерттеу әдістері.
2.Минералды заттардың судағы ерітіндісінде өсірілетін өсімдіктердің тамыр жүйесін зерттеу.
3.Топырақ салынған немесе табиғи жағдайдағы қабаттары сақталған топырақ монолиті салынған жәшіктерде өсірілген тамыр жүйелерін зерттеу әдістері.
4.Қазылған орда немесе құлама жарда өсірілген өсімдіктердің тамырын зерттеу әдістері.
5.Табиғи жағдайда немесе ашық грунтта өсірілген өсімдіктердің тамырын зерттеу әдістері.
Аталған соңғы екі әдісті 2 топ тармаққа бөлуге болады.
1.Морфологиялық әдіс.
2.Сандық есептеу әдісі.
Өсімдік организмнің өнімділігін және массасын анықтауға байланысты негізгі түсініктерге тоқтатылатын болсақ;