1.2. Өсімдіктер жамылғысының сукцессиясы және ауысуы Өсімдіктер жамылғысының ауысуы бағытталған немесе бағытталмаған болып бөлінеді.
Бағытталмаған ауысу - фитоценоз шеңберіндегі өзгеріс процесі жыл сайын (әр жыл сайын) тереңдей түсетін көрініс береді.
Бағытталған ауысу – өсімдіктер жамылғысындағы өзгеріс қайтымсыз көрініс береді, осының әсерінен қауымдастықтың бір түрі екіншісіне ауысады. Бұл құбылыс сукцессия деп аталады.
Сукцессия – (латын сөзі: «succession» - орын басушылық, жалғаушылық) – биоценоздардың өз қалпынан біртіндеп басқа қалпына ауысуы, яғни белгілі бір территорияда бір пішіндік сипаттан, алғашқыдан айырмашылығы бар келесі пішіндік сипатқа өтуі. Ол – көбінесе табиғи факторлардың әсерінен, биоценоздардың ішкі қарама-қайшылықтағы байланыстарынан немесе антропогендік әсерлердің ықпалынан туындайтын процесс. Осы кездегі үйреншікті болып кеткен мәселе ол табиғи және антропогендік фактордың бірігуі негізінде пайда болған күрделі байланыстардың әсер-ықпалдарынан болатын баяу жүретін климакстік бірлестіктерімен аяқталады.
Нәтижесінде экожүйе бастапқы қалпына келеді және климат, рельеф, гидрологиялық режим, өрт, тағы басқа апаттар болмаса осы қалпын сақтайды. Сонан соң қайта сукцессия басталуы мүмкін. Қорытындысында бір тіршілік ортасында ғы өсімдіктер қауымдастығының қайта қалпына келуін геоботаниктер климакс деп атайды. Климакс – (грек сөзі: «klimax» - ең жоғарғы нүкте, деңгей) биогеоценотикалық сукцессияның (өзгерістердің( соңғы фазасы, яғни биотоппен толық бірліктегі жағдайы немесе жергілікті жердің климаттық жағдайымен ғана толық үйлесімділікте, бірлікте болатын күйі.
Барлық сукцессиялар тұтастай алғанда серия деп аталады (американдық авторлар бойынша). Сукцессия процесі кезінде бір-біріне ауысатын әрбір қауымдастықтық сукцессия сатысы немесе қауымдастық сериясы деп аталады.
10- Дәріс 1.1. Сукцессияның даму фазалары және даму типтері Өсімдіктер жамылғысының даму типіне қарай сукцессия бірінші және екінші болып бөлінеді (6.1, 6.2-сурет). Өсімдіктердің ұрықтық тұқымдары сақталмаған және өсімдіктер жамылғысынан толықтай босап қалған аймақтарда сукцессия басталуы мүмкін (бірінші сукцессия).
Өсімдіктер жамылғысының толықтай жанып кетуі,жел эрозиясы немесе су шаюдан жойылу, жануарлардың жеп қоюы, орманның шабылуы, жердің жыртылуы, т.б., яғни климаттық эдафикалық, биотикалық және антропогендік факторлардан кейін өсімдікердің алғаш қалыптаса бастауы.
Фитценоздағы флюктуациялық өзгерістер (қайтымды) мен сукцессия (бір фитоценоздың екіншісіне қайтымсыз ауысуы) арасындағы айырмашылықты анықтау қиын. Сукцессия өсімдіктер қауымдастығындажүріп жатқан өзгерістерге (тәуліктік, маусымдық, әр жылдық түрлердің микроэволюциясын айқындайтын онтогенетикалық және жандану), әр жылдардағы өсімдіктер қауымдастығының ауысуына негіз бола алады. Өсімдік тіршілігіне олардың қандай ықпал тигізетінін ажырату үшін фитоценоздарды салыстыратын стационарлық зерттеулер жүргізу керек.
6.4. Бірінші сукцессия
а) Жалаңаштанған территорияларда өсімдіктердің дамуын анықтайтын факторлар бірінші сукцессия фазасы болып табылады. Өсімдіктер бос территорияларға диаспоралардың (тұқым, спора, өсімдік кесінділері) таралу арқылы, жел, су, жануар немесе адамның көмегімен, сонымен қатар жалаңаштанған территорияның шекарасына жақын жерлердегі өсімдіктердің вегетативті жолмен біртіндеп таралуынан өсе бастайды. Жалаңаш жаңа территорияларға шекаралас аймақтарда өсімдіктердің жер бетілік және жерастылық органдары арқылы қоныстануы диаспора арқылы таралып, енумен салыстырғанда бірнеше есе екені байқалады.
Жалаңаштанған территорияларда өсімдіктердің қайта өсуі көптеген факторларға байланысты:
Тақырланған аймаққа жақын қандай өсімдіктердің өсуіне;
Олардың санына;
Желдің басым бағытына;
Алаңқайлар субстратының сапасына;
Ылғалдылық сипатына және т.б.
б) Эцезис және оның ерекшелігі Жалаңаштанған территорияға енген өсімдік жаңа жағдайға бейімделе бастайды. Өсімдік дарақтарының жаңа ортаға бейімделу процесі эцезис деп аталады. Ол тұқымнан өнгеннен бастап өсімдік жеміс және тұқым бергенге дейін созылады. Жалаңаш территорияға түскен барлық диаспоралар бірден өніп кете алмайды. Көптеген өсімдіктердің тұқымдары ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы өнгіштігін сақтайды. Сондықтан олар бір жылдың ішінде емес, қолайлы сәт туғанда ғана өнеді. Өнген өскіндердің өсуі сыртқы ортаға тікелей тәуелді. Өскіндер ерте даму кезеңіне кештеу дамитын сатысына өткен кезде, оған су және қоректің қажеттілігі өседі, бұл кезде тұқымдағы қоректік заттар қоры тасылады, өсімдіктер тұтастай сыртқы ортаның қоректік ресурсына тәуелді болады. Сондықтан өсімдіктердің өсуінде бәсекелестік артады.