1.1. Шөл өсімдіктерінің тіршілік формалары жәнс оларды жіктеудің жобалары Шөлдер өсімдіктері жэне оларды жіктеу туралы эртүрлі көзқарастар бар.
Биоморфологиялық тәсіл Л. Е. Родин (1958), Л. Я. Курочкина (1966) жұмыстарына тэн. Олар шөл өсімдіктерінің жеке типтері ретінде жартылай бұташықтар, жартылай бұгалар, бұталар,бір жылдықтар жэне т.б. деп бөледі.
Экологиялық тұрғыдан қарау туралы Өзбекстан ботаниктері (Коровин, 1961; Растительный покров Узбекистана, 1974; К.З. Закиров, П.К., Закиров, 1978) жұмыстарынан көруге болады. Озбекстан ботаниктері Сурзорһуіа, Рзатторһуіа, Сеаіорһуіа жэне і.б деп бөледі. Бірақ та шөлдер өсімдіктсрін Қызылқұм, Үстірт рсгиондары шекарасында ғана қарау Е. И. Рачковская жэне т.б. (2003) бойынша жеткіліксіз.
П. И. Овчинников (1947, 1955, 1957) өсімдіктердің шығу тегіне байланысты өз жіктелімін ұсынды. Бұп концепция бойынша осімдіктер типтері өсімдіктер формацияларының жиынтығы ретінде болінеді. Ол формациялар эдификаторлары физико-географиялық жағдай әсеріне жалған адаптациялық эволюциядан өгкен деп саналады.
П. И. Овчинниковтың идеясын ары дамытқан Р. В. Камелин (1974) Қазақсган жэне Орта Азия жазықтары өсімдіктерін бірнеше
флороценотиптерге бөледі.
Тұран жартылай бұташықтар шөлі, фригиноидтар, тұран псаммофитон, гилофитон, псаммосаванналар деп.
А. В. Прозоровский (1940) сүректену дәрежесін жэне су режимінің ерекшеліктерін негізге алып өз жіктелімін ұсынды:
Сүректі өсімдіктер: барлық өркендері көпжылдық жэие сүректенген, биіктігіне қарай агаштар. бұталар. бұташыктар деп бөлінеді.
Жаргылай сүректенген өсімдіктер: өркендерінің біраз бөліктері біржылдық жэне жылда жерге үзіліп түседі, ал қалған бөліктсрі көпжылдық сүректенеді: жартылай ағаш,жартылай бүталар, жартылай бұташықтар болып бөлінеді.
Жартылай шөптесін өсімдіктер: біржылдық томенгі жагы сүректенген жер үсті өркендері жэне сүректенетін көгіжылдық жер асты өркендері пайда болады.
Көпжылдық шөптесін өсімдіктер: біржылдық шөптесін жер үсті өркендерімен жэне көпжылдық шөптесін жер асты өркендерімен.
Біржылдық шөптесін өсімдіктер: вегетациялық кезеңнін соңында толық өледі.
Мүктер.
Талломды өсімдіктер: қыналар және көпклеткалы балдырлар.
Бірклеткалы өсімдіктер.
И. М. Культиасовтың (1977) ойынша, А. В. Прозоровскийдін жіктелімі пайдалануға өте қолайлы бірақта шөлдердегі жағдайды толық қамтымайды.
Е. П. Коровин (1960) шөлдер өсімдіктерінің тіршілік формалары11 былайша топтастырды:
Шөптесін өсімдіктер тобы: бір-екі жылдықтар, геофиттер, кіндік тамырлылар, тамыр сабақтылар, шым түзетіндер;
Сүректенген өсімдіктер тобьпжартылай бұталар, бұталар, ағаштар;
Сулы-шырынды өсімдіктер тобы: сабақты-суккуленттер жэнс жапырақты-суккуленттер;
Мүктер тобы;
Талломды өсімдіктер тобы (қыналар және балдырлар) бұларі а көк-жасыл балдырлар,жапырақ бетіндегі қабыршақты қыналар, тастағы қыналар;
Топырақтағы микробтар тобы (бактериялар жэнс
саңырауқұлақтар);
Шөл өсімдіктерін зерттеуші кейбір ғалымдар Раункиердің ұсынған тіршілік формалары классификациясын пайдаланады.
Г. Нечаева, В. К. Василевская, К. Г. Антонова (1973) тек Қарақұм шөлі өсімдіктерін неғізге алып өз классификацияларын ұсынды:
бөлім. Сүректенген өсімдіктер: ағаштар - 1,8%, бұталар -10,1%, бұташалар - 1,4%.
бөлім. Жартылай сүректенген өсімдіктер: жартылай бұталар - 5,1%, жартылай бұташалар - 9,0%.
бөлім. Жер үсті шөптесін өсімдіктер: көпжылдық өсімдіктер - 21,6%, екіжылдық өсімдіктер - 0,8%, біржылдық өсімдіктер - 50,2%.