1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет28/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Шөлдер классификациясы
А. Топырақ типіне байланысты шөлдерді бірнеше типтерге бөледі:
1. Құмды (песчаные)- борпылдақ шөгінділерде
2. Сары топырақты (лессовые)- сары топырақты шөгінілерде
3. Сазды топырақты
4. Саз балшықты (глинистые)- тақырлар
5. Саз балшықты
6. Майда тасты және құмды
7. Майда тасты гипстенген
8. Тасты
9. Кебірлі
Б. Жауын- шашынның динамикалығына байланысты:
1. Жалғаулық- ыстық жағалаулардың суық теңізбен шекаралас жерлері (Намиб, Атакама) жауын- шашыны мүлде жоқ, тіршілік те жоқ деуге болады.
2. Орталық Азиялық типтес (Гоби, Бетпақдала ) жыл бойында аз болса жауын- шашын тұрақты болады. Сондықтан тіршілік бар.
3. Жерорта теңіздік тпитес (Сахаора, Қарақұм, Австралиядағы үлкен құмды шөл).
Жауын- шашын мөлшері алғашқыдай, бірақ та жауын- шашын жыл бойы емес, бір- екі апта ішінде жауып өтеді. Сол кезде әртүрлі эфемерлер қысқа уақыт болса да қарқынды өседі. Сосын келесі жылға дейін латенттік күйге ауысады.


13-кесте




Шөлдердің шаруашылықта пайдаланылуы
Шөлдерді жайлымдық мал шаруашылығы дамыған. Егін шаруашылығ тек үлкен өзендер алқаптарында суарылатын жерлерде ғана мүмкін. Көптеген шөлдер әсіресе Азияда пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнай және газ өндіріледі.
ТМД территориясында шөлдер Қазақтанның, Түркменстанның, Өзбекстанның үлкен территорияларын алып жатыр. Ресейде шөлдер Калмыкияның шығысын және Астрахань облысының оңтүстік бөлігін алып жатыр.
Шөлдер арқылы өтетін Еділ, Ахтуба, Сырдария, Әмудария сияқты үлкен өзендердің атырауларында және жайылымдарында көкөніс, күріш, мақта кейбір жерлерде жүзім өсірумен айналысады.
Қарақұмда, Қызылқұмда, Арал маңайындағы Қарақұмда, Сарыесік- Атырауда жайлымдық мал шаруашылығымен (қой, түйе) айналысуға қолайлы жағдай бар.
Тасты және қиыршық тасты шөлдерде (Үстірт, Маңғыстау түбегі) табиғат жағдайы өте қолайсыз қатал. Өйтені, шөл деген атына қарай ол жерлерде өсімдік те, жануарлар да кездеспейді деп ойлап қалуға болады. Бірақ та ондай «абсолюттік» шөлдер бізде жоқ, бүкіл жер шарында өте аз.
«Абсолюттік» шөлге (яғни өсімдіктер де, жануарлар да кездеспейтін) мысалы, Сахара шөлінің, Арабия түбегінің, чилидің және Перудің мұхитпен шекаралас тар алқабын жатқызуға болады. Ол жерлерде жауын- шашын бірнеше жыл болмауы мүмкін. Сондықтан тіршілік те болмайды. Біздің шөлдерде жауын- шашын аз да болса болады. Ол жерлерде сондай жағдайларға бейімделген, тек кейбір өсімдіктер ғана тіршілік ете алады. Соған байланысты өсімдіктердің сирек және жеткіліксіз болуы шөлдердің сыртқы белгілерінің бірі болып саналады.
Орта Азия және Қазақстанда шөлдердің ауданы үлкен. Қарақұм 350 мың шаршы км, Қызылқұм 300 мың шаршы км, қиыршықтасты шөлдер (Үстірт , Маңғыстау)200 мың шаршы км, Бетпақдала 75 мың шаршы км.
Саз топырақты шөлдердің де ауданы айтарлықтай.
Шөлдер Европадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі.
Шөлдердің жалпы ауданы 31,4 млн шаршы км (құрылықтың 22%). Жер шарында 60 мемлекеттің территориясында шөлдер кездеседі. Тауларда шөлдер биікте белдеулер түзеді, тегістікте жартылай шөлдердің оңтүстігінде орналасқан табиғи аймақ түзеді.
Шөлдердің негізгі белгісі ол ылғалдың жеткіліксіздігі (50-200 мм жылына). Шөлдерде жауын- шашын болғанымен, олар топыраққа сіңбей буланып ұшып кетеді.
Шөлдер өзендерінің табиғаттағы орналасуына байланысты бірнеше типке бөлінеді:
1. Континентальдық шөлдер, яғни континент ішінде орналасқан шөлдер (Гоби, Такла- макан);
2. Жағалаудағы шөлдер материктердің батыс жағалауларындағы шөлдер (Атакама,Намиб).
Құрғақтылығының дәрежесіне байланысты шөлдер:
1. Экстра- аридті (өте құрғақ) тұрақты құрғақшылық болуы 75-100% құрғақ;
2. Аридті (құрғақ ) 50-75% құрғақ;
3. Жартылай аридті (жартылай құрғақ) 20-40% бөлінеді.
М.П.Петров (1923) бойынша, өте құрғақ климатты территорияларды шөлдерге жатқызуға болады. Жауын- шашын мөлшері жылына 250мм аспайды, булану мөлшері жауын- шашын мөлшерінене бірнеше есе артық. Егін шаруашылығы қолдан суару арқылы болуы мүмкін. Топырақта органикалық заттар өте аз, суда еритін тұздардың жердің бетіне қарай жылжуы басым.
Құрғақ территориялар ауданы 48810мың шаршы км, яғни олар жер шарының 33,6% алып жатыр. Оның ішінде экстроаридті шөлдер -4%, аридті шөлдер- 15%, жартылай аридті- 14,6%.
Шөлдерде органикалық дүниенің дамуына шек қоятын факторларына профессор М.П. Петров (1979) мыналарды жатқызады:
1. Құрғақ климат (жауын- шашын мөлшерінің аз болуы, өте жоғары дәрежеде жүретін булану);
2. Жаз айларында температураның жоғары болуы және қыста өте төмен болуы;
3. Жер асты суларының өте терең қабаттарда болуы және топырақтың жоғарғы қабаттарында ылғалдың жеткіліксіз болуы;
4. Топырақтың беткі қабаттарының шектен тыс қызуы;
5. Субстраттың жылжымалылығы;
6. Субстраттың тұздылығы.
Барлық шөлдерге тоқталуға мүмкіншілік жоқ. Сондықтан біздер тек Орта Азия және Қазақстан шөлдеріне жеке қысқаша тоқталып өтейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет