11- Дәріс Фитоциноз систематикасы және негізгі таксономиялық бірліктер. 1.1. Өсімдіктердің таксономиялық бірліктері Көптеген фитоценоздардың арасынан өсімдіктер жамылғысы бір-біріне ұқсас жерлерді кездестіруге болады. Мысалы,ауқымды жерді алып жатқан өзен жағасындағы шалғындық жерлерден торсиған қияқ-өлеңдерді кездестіруге болады. Бұл аймақтың өсімдіктері ұқсас және бірдей типтегі фитоценозды иемденіп жатады.
Фитоценозды жүйелеуде ұқсас қауымдастықты топтастырып, тұтас жүйе бірліктерін әр түрлі деңгейлік синтаксонға бөледі.
Фитоценоз жүйесінің ең төменгі бірлігі –ассоциация. Бұл сыртқы құрылымы,флористикалық құрамы жәнедоминантты түрлері салыстырмалы ұқсас болып келетін фитоценоздар. Мысалы, ассоциациялық бірлікке топырағында итбүлдіргені басым барлық қарағайлы орманды жатқызуға болады(7.1-сурет).
Мұндай ассоциацияны қарағайлы-итбүлдіргенді немесе қарағайлы-итбүлдірген деп атайды. Әр түрлі ассоциацияларды біріктіру үшін фитоценоздағы белгілі бір ярусты алып жататын доминантты өсімдігі бірдей болу керек. (біздің мысалымызда ағаш тектестерден қарағай және шөптесін-бұталар жамылғысынан итбүлдірген).
Ұқсас қауымдастықтар топ құрайды. Мысалы, қарағайлы итбүлдіргенді жерде мүктер жамылғысы жақсы өсе алады.
1.2. Қауымдастықтардың номенклатуралары Қауымдастықтартобы қауымдастықтар класына біріктіріледі,ал соңынан формацияға бірігеді.Формация- бұл қауымдастықтардың жиынтығы ,яғни қауымдастықтардың барлығының жоғарғы ярусында бір өсімдік доминантты болатын аймақтар. Мысалы,жоғарғы ярусы кәдімгі қарағайдан тұратын барлық орман қауымдастықтары,қарағай формациясын құрайды. Формацияның басқа мысалына шыршалар,қарағайлар,қайыңдар т.б жатады. Мысалы,шалғындық жерлерде мынандай:қылтанақсыз арпабас ,шалғындық бетеге формацияларын ажыратуға болады.
Жоғарыда аталған классификацияларға бөлу үшін негізге басты доминантты өсімдіктер алынады. Бұл доминанттық принциптегі классификация болып табылады. Бірақ барлық уақытты мұндай бағытта қарауға болмайды,яғни кейбір фитоценоздарды доминантты өсімдіктерге қарай топтастыруға болмайды.
Ассоциация және формациялардың атын құрастыру. Доминантты түрлердің классификациясын құрастыруда ассоциация аты екі жолмен беріледі. Олардың бірі фиоценоздағы доминантты түрлердің жоғарғы ярусынан бастап біртіндеп өсімдіктер аттарына тоқталады. Әр түрлі ярустағы доминантты өсімдіктердің арасына сызықша қойылады. Мұндай қауымдастықтар жүйесі төмендегідей болды:
Кәдімгі қарағай+еуропалық шырша – итбүлдірген + қаражидек-мүк.
Қауымдастықты атаудың басқа әдісінде өсімдіктер систематикасындағы түрлердің,туыстардың аттары беріледі. Мысалы,орманда ағаш тектестерден шыршаның ярусы жоғары болса ,шөптесін-бұта тектестер жамылғысынан саумалдық ,онда қауымдастық шырша-саумалдық деп аталады. Егер ағаш тектестерден шырша мен қарағай болып,егер қарағай шыршадан басымырақ болса ,онда былай жазылады:шыршалы-қарағайлы(басым өсімдік соңынан жазылады). Осы тектес күрделірек атаудың көрінісі мынадай болады: шыршалы-қарағайлы – итбүлдіргенді-қаражидекті. Егер өсімдіктердің латынша атауларын пайдаланатын болсақ,қауымдастықтың атауы төмендегідей болады:
Pinus sylvestis + Picca abies-Vaccinium myrtillus- Pleurozium schreberi
Басқа әдіспен мысал келтіретін болсақ , Piceetum vacciniosum (шырша итбүлдірген). Picca(шырша) және Vaccinium (итбүлдірген жататын туыстың атауы).Бірінші сөзден а-жалғауы алынып тасталынған және etum жалғауы жалғанған.Екінші сөзден –um жалғауы алынып және osum жалғауы жалғанған. Күрделілек қауымдастықтың атауын жазатын болсақ:
Piceeto – Pinetum vaccinioso-myrtillosum (шыршалы-қарағайлы итбүлдіргенді-қаражидекті).
Бұл үшін Pice түбір сөздерге –eto жалғауы,ал vaccinium –oso жалғанған.
Фитоценоздарды классификациялаулда синтаксондардың деңгейлері қатаң сақталады. Ең жоғарғы деңгей (мысалы ,формация) одан төменгі деңгей (қауымдастық класы),ал ең соңғысы қауымдастық топтары.
Браун-Бланке әдісі бойынша, фитоценозды классификациялау әдісі.Мұндағы фитоценозды классификациялаудың негізіне доминантты өсімдіктер алынбайды. Мұнда фитоценоздың атауы негізгі сипаттағы деп аталатын өсімдіктермен беріледі. Егер әр түрлі фитоценозда бірдей өсімдіктер кездесетін болса,онда бір бірліктегі классификацияға жатады.Төменгі бірлік қауымдастық,одан кейін бірлестік,қатар,класс болып бірігеді. Барлық бірлестіктердің атаулары тек қана латын тілінде беріледі. Негізге қандайда бір өсімдіктің атауы алынады (Fraxinus ,Fagus,Ouereus).Әр түрлі бірлік деңгейдегі классификацияларды олардың жалғаулары арқылы ажыратады. Ассоциация соңына –etum (мысалы,Fraxinetum) жалғауы ,бірлестіктің соңына –ion (мысалы,Fagion),қатардың соңына –etea жалғауы (мысалы,Ouereetea) жалғанады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.Өсімдіктер ассоциациясы жөнінде түсінік беріңдер.
2.Орман формациясына мысал келтіріп сипаттаңдар.
3.Ассоциация және формациялардың атын құрастыруды негіз болатын белгілер қандай?
4.Өсімдіктердің таксономиялық бірлектері дегеніміз не?