1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет27/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

12- Дәріс
Шөлтану


1.1 Шөл туралы жалпы түсінік.
Шөлдер жіктелімі. Шөлдердің пайдаланылуы

Қалыптасуы және дамуы жер бетінде ылғалдылық пен жылудың таралуының біркелкі еместігіне бағынатын температура және атмосфера қысымының аймақтық таралуы желдің бағытын, атмосфераның жалпы айналымын анықтайды.


М. П. Петров (1975) бойынша шөлге климат өте құрғақ территориялар жатады. Жауын- шашын мөлшеріне жылына 250 мм- ден аз, булану мөлшері жауын- шашын мөлшерінен артық,егін шаруашылығы қолдан суарылмаса мүмкін емес.
1977 жылы ЮНЕСКО жасаған картада төрт биоклиматтық аймақ көрсетілген. Египет экологі М. Кассас континенттердегі шөлдерді (аридті және жартылай аридті) климат ерекшеліктеріне байланысты аудандарын есептеген. Бірақ та әдебиеттердегі мәлеметтер әр түрлі болғандықтан біз оны келтірмедік.


1. Аса құрғақ (экстра- арид) аймақ
Жауын- шашын мөлшері №13 кестеде келтірілген, өсімдік жабыны жоқ, тек су ағатын жылға бойларында эфемерлер және кейбір бұталар болуы мүмкін. Егін және мал шаруашылығымен айналысу мүмкін емес. Тек оазистерде (мәдени алқап) болмаса.
Экстра- арид аймағы бір жыл немесе бірнеше жыл құрғақшылық болатын шөл. Африкадағы Орталық Сахара, Азиядағы Такла- макан.


2. Құрғақ аймақ Такла- макан шөлі Батыс Қытайда Синьцзян –Ұйғыр автономиялық ауданында
Жауын- шашын мөлшері жылына 50-75 мм. Өсімдіктер жабыны өте сирек, кедей. Негізінен көпжылдық және біржылдық скукуленттер. Суарусыз егін шаруашылығы мүмкін емес. Бұл аймақта көшпенді мал шаруашылығымен айналысуға болады.


3. Жартылай құрғақ аймақ.
Жауын- шашын мөлшері 150-250 мм. Өсімдік жабыны бұталардан олардың араларында кейде шөптер болуы мүмкін. Суарылмайтын ауыл шаруашылығы дақылдарымен және мал шаруашылығымен айналысуға болады.


4. Субгумидті (ылғал жеткіліксіз) аймақ
Жауын- шашын мөлшері жылына 250-400мм. Бұл аймаққа кейбір тропикалық Саванналар, Жерорта теңізіндегі кейбір қауымдар (Маквис және Чапарал), қара топырақты далаларды жатқызуға болады.
Бұл картадағы мәліметтер бойынша құрғақ территориялар көлемі 48 млн. шаршы км яғни құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Шөлдерді бұлай бөлу әрине шартты түрде ғана.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет