1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


кесте Шөлдер флорасындағы әртүрлі тұқымдастарға жататын түрлер саны



бет30/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

14 кесте


Шөлдер флорасындағы әртүрлі тұқымдастарға жататын түрлер саны

Тұқымдас


Түрлер саны %

А.В. Прозоровский бойынша %

Е.П. Коровин бойынша %

Алаботалар
(Chenopodiaceae)

126
9,5

256
16,0

Астралар
(Asteraceae)

250
14,7

160
12,0

Бұршақтар
(Fabaceae)

167
9,8

148
9,0

Крестгүлділер
(Cruciferae)

123
7,5

96
6,0

Лалагүлділер
(Liliaceae)

68
4,0

72
4,5

Қоңырбастар
(Poaceae)

-

63
4,0

Қорғасыншөптер
(Plumbaginaceae)

12
0,8

27
1,7

Шатыршагүлдер
(Apiaceae)

76
4,5

46
3,0

Егер де кейбір тұқымдастардың арақатынасын аймақтар бойынша салыстыратын болсақ (15 кесте).


15- кесте
Аймақтар бойынша негізгі тұқымдастардың арақатынасы (%)



Тұқымдастар

шөл

дала

Орман

Астралар

14,7

11,5

9,9

Алабұталар

9,5

3,9

1,2

Крестгүлділер

7,2

6,4

4,6

Бұршақтар

9,8

5,6

3,0

Қиякөлеңдер

1,4

4,0

6,4

Сүйсіндер

0,1

1,5

2,8

3- кестедегі мәліметтерден шөл аймағындағы жас және қарқынды дамып келе жатқан тұқымдастар (астралар, алабұталар, бұршақтар) рөлі артып, ал гигрофиттер (қиякөлеңдер, сүйсіндер) рөлі кемігенін көреміз.


Шөл флорасында алабұталар (сораңдар) басым екендігін көруге болады. Бұл тұқымдас өкілдері үшін шөлдер негізгі дүниежүзілік формалары пайда болатын орталық екендігіне көңіл аудару керек.
Шөл аймағында негізгі факторлар ылғалдың тапшылығы, ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы, топырақтың су- физикалық және химиялық қасиеттерінің қолайсыздығы. Осындай өте қолайсыз ортаға өсімдіктердің бейімделуі әртүрлі, мысалы, анатомиялық - морфологиялық бейімділуі.
Жапырақтың мөлшерінің азайып немесе тіпті редукциялануы (ондай жағдайда фотосинтез қызметін жас өркендер атқарады) қылың кутикула, устьицелердің көлемінің және санының азаюы және т.б. мұндай белгілер ерекше экологиялық тип- ксерофиттерге тән.
Бірақ та кейбір шөл өсімдіктерін «Ксерофиттердің» топ тармақтарына жатқызуға физиологиялық және биологиялық тұрғыдан дәлелденбейді.
Шөл өсімдігі – эремофиттің специфизикалық эколого-физиологиялық ерекшеліктері туралы айтуға болады. Ол ерекшеліктер әрине ыстық және құрғақ климатқа, қарқынды инсоляцияға, желге, субстрат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Ағаш- бұталарға жататын Эремофиттердің (грек. Eremos- шөл). Эколого- физиологиялық ерекшеліктеріне толығырақ талдауды С. А. Никитин (1966) жасады.

1. Эремофиттер өз тіршілігіндегі процестерді және зат алмасуды басқа аймақ өсімдіктерімен салыстырғанда, кеңірек диапазонда реттеуге қабілетті. Олардың зат алмасуы ылғалды тропика және тайна өсімдіктеріне қарағанда, қарқынды жүреді. Эремофиттердің зат алмасуына кенеттен айқын көрінетін маусымдық, күндізгі және тәуліктік ритмикалық тән. Олар ортаның маусымдық кенет өзгеруіне жақсы бейімделген.


Эремофиттердің энергетикалық балансында негізгі рөлді жылу беру және транспирация атқарады, фотосинтезге болғаны 5% энергия ғана жұмсалады.

2. Ылғалды маусымдарда эремофиттердің транспирациясының қарқындылығы гумидті райондардағы өсімдіктермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Сумен жеткілікті қамтамасыз етілгенде олардың суды жұмсауы физикалық булануға жақындайды, бірақ та ыстық, құрғақ маусымдарда транспирация өте төмендейді. Оларда устьицелік транспирация басым кутикулалық транспирация мөлшері 10% төмен. Соған байланысты эромофиттерде устьицелер саны өте көп болады. Эромофиттердің ыстыққа және құрғақшылыққа бейімделуінің мысалы ретінде олардың жапырақтарының құрылысын келтіруге болады. Шөл өсімдіктері жапырақтарына жоғалып кету- редукциялану тән көптеген бұталардың және аласа ағаштардың жапырақтары қабыршақтарға дейін редукцияланған, олар ассимиляциялық маңызын жоғалтқан деуге болады (құлан құйрық – Эремоспартон, Қылша- Хвойник- Ephedra, Жыңғыл- Гребенщик- Tamarix және т.б.).


Жапырақтардың редукциялануы өсімдіктің тіршілік әрекетінің, ассимиляциялық жүйесінің қайта құрылуына байланыста. Аэрофильді шөл өсімдіктерінде ассимиляция және транспирация қызметтерін жасыл жылдық өркендер орындайды. Ол өркендер жапырақ қабыршақтарының қолтық бүршіктерінен пайда болады.
Жапырақтардың қызметін жасыл өркендердің атқаруы оларда хлорофилді ұлпалардың дамуымен, устьицелерлің болуымен, өткізгіш шоқтардың болуымен қамтамасыз етіледі. Жапырақтар жалпы аудандарын азайтуды басқа жолмен де іске асыруы мүмкін, мысалы, олардың тікенектерге айналуы және т.б. эремофиттер трансформациясы шөлдердегі жарықтың өте мол болуына және күн радиациясының қарқындылығына байланысты жоғарылайды.

3. Эремофиттер бейімделушілік қабілеттілігі нәтижесінде су жеткіліксіз болған жағдайда оны реттей алады, сусыздану 40-50% болғанша шыдайды. Морфологиялық тұрғыдан бейімделу типтік «ксерофиттік» белгілермен көрінген. Соған байланысты кейбір ғалымдар эремофиттерді ксерофиттерге жатқызады.


4. Эремофиттер вегетациясы ыстық және құрғақ кезеңдерде ыстыққа, жоғары температураға төзімді болып ұлпалардың шектен тыс қызып кетуіне шыдайды. Эремофиттердің мұндай қабілеттілігі жасы ұлғайған сайын күшейеді.


Эремофиттердің мұндай қабіілеттілігі олардың ыстық кезеңдерде тіршілік қызметін минимумға дейін төмендете алатындығымен түсіндіріледі, яғни ыстықтағы толас күйге көшеді деуге болады.
Ыстықтағы толас күйі өсімдіктің сумен қамтамасыз етілетін ең қиын кезімен сәйкес келеді. Ыстықтағы толас күйінің алдында жапырақтар, сабақтар үзіліп түседі. Ыстықтағы толас күйі кезінде өсімдіктің барлық тіршілік қызметтері нашарлайды әсіресе транспирация, бұл кезеңнің қыстық толас күйіне ұқсастығы бар.
Ыстық толас күйінің бейімделушілік мәні ол- сол жоғары температуралық ұзақ құрғақшылықты басынан өткізу. Оңтүстік шөлдерде сол ыстық толас кейде тікелей қыстық толасқа ауысады.
Әртүрлі зерттеу жұмыстары ыстық толас кезеңінің табиғаты өсімдіктерде әртүрлі екендігін көрсетті. Кейбір өсімдік түрлері осы ыстық толасқа көшуге мәжбүр болады, өйткені оларды ылғалды жағдайға ауыстырғанда олыр ыстық толастығын жоғалтады. Ал басқа түрлер үшін бұл ыстық толас күй қажет. Мысалы, геофиттер (қызғалдақтар, пияздар) және көптеген монокарпиктер (мысалы ферулалар) мәдени жағдайдағы ботаникалық бақтарда ылғал жеткілікті болса да, олар толас күйіне көшеді.

5. Эремофиттердің көбісі галофиллдер, яғни олардың тұзы көп топырақтарда өсуге бейімделген морфо- физиологиялық ерекшеліктері бар. Галофиттер (грек. Hals- тұз және phyton- өсімдік) тұзға төзімді өсімдіктер. Галофиттер тұзды топырақтарда 5% кейде одан да артық суда еритін тұздары бар топырақтарда өсіп тіршілік ете алады.


Тұздардың өсімдік организміне спецификалық әсері оларды әртүрлі өзгерістерге ұшыратады. Галлофилиялық хлорофилдің мөлшерінің көп болуына байланысты. Соның нәтижесінде фотосинтез энергиясы көбейеді нәтижесінде жоғары молекулалық көмірсулар- гидрофильді биоколлоидтар, гигроскопиялық илеуші заттар, пектиндер және суды байланыстыратын қоймалжың заттар жинақталады. Клеткада мұндай заттардың және минералды тұздардың көп болуы онда жоғары осмостық қысымның және клетка шырыны концентрациясының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Соның нәтижесінде тамыр жүйесінің сорушы күші тұзды топырақтың суды ұстаушы күшінен артық болады. Галофиттерде тұздың жинақталуына байланысты олардың көбісінде структуралық өзгерістердің болып сабақта және жапырақтарда суккуленттік қасиеттер пайда болады. Ол әрине өсімдіктің ол мүшелерінде судың мөлшері 85-90% болатын су жиналатын паренхималар пайда болумен байланысты. Бұл ерекшеліктерге байланысты галофиттер құрғақшылққа төзімді өсімдіктер тобына жатқызылады.

6. Эремофиттер галофиттер тобына жатады. Олардың жарық сүйгіштігі, оларға күн сәулесі тікелей түсіп тұрғанда, өсіп дамуына мүмкіншілік береді. Эремофиттер аналық өсімдіктер қалқасынан тыс жерде жақсырақ өсіп жетіледі.


7. Эремофиттердің солтүстікке таралуы олардың суыққа төзімсіздігімен шектеледі. Олардың шығымы, көктеуі көктемдегі суыққа төзімсіз.


8. Эремофиттердің тіршілігі ұзаққа созылмайды олардың өсу және даму кезеңдері қысқа. Шөлдегі кейбір ағаш және бұталардың (эремофиттер) жыныс кәмелеттілігіне 2-5 жылда жетеді, ал олардың тіршілігінің жалпы ұзақтығы 40-50 жылдан аспайды.


9. Судың жеткіліксіздігіне байланысты эремофиттердің фитомассасы негізінен жер асты мүшелерінде жинақталады (80-90%), ал ағаштарда (50-65%).
Эремофиттердің тамырлары 4 типтен тұрады:
1) Қаңқа тамырлар (мөлшері және диаметрі өте үлкен);
2) Өсуші (олар сорушы тарымларды топырақтардың жаңа қабаттарына жеткізеді);
3) Сіңіруші немесе қоректендіруші (вегетациялық кезеңде бірнеше рет жаңарады);
4) Қосалқы тамырлар, діңнің төменгі бөлігін құм басып қалғанда немесе жалаңаштанып немесе жарақаттанып қалғанда дамиды;

10. Сүректенген эремофиттердің жер бетіндегі массасы өркендердің (симподияланды – су басым болғанда) 3 типімен қалыптасады:


1) көпжылдық өсуші- қаңқаға немесе тікенекке айналады,
2) ассимиляциялық, (біржылдық, көпжылдық)
3) біржылдық қысқарған генеративтік.
Е. Варминг (1901) гидрофиттерге, ксерофиттерге және мезофиттерге бөлген. И. Н. Бейдеман (1948, 1953, 1962) өсімдіктерді ылғалды пайдаланылуына байланысты 4 топқа бөлді:

1.Омброфиттер- тамыр жүйелері топырақтың жоғары қабаттарында таралған жер асты сулары тереңде орналасқан. Негізінен топырақта жиналған жаңбыр сулары, гравитациялық және капиллярлық суларды пайдаланады.


2. Трихогидрофиттер- тамыр жүйесі омброфиттермен салыстырғанда тереңірек. Жер асты сулары салыстырмалы онша тереңде емес. Трихогидрофиттер сол жер асты суларынан капиллярлы көтеріліп келе жатқан топырақ ылғалын пайдаланады.


3. Фреатофиттер- тамырлары топыраққа өте тереңге дейін еніп, жер асты суларын пайдаланады.


4. Гидрофиттер- тамыр жүйелері топырақтың жоғарғы қабаттарында орналасқан және беткі немесе жер бетіне жақын жер асты суларын пайдаланады.


С. А. Бедеревтің (1963) мәліметтері бойынша, Қазақстан флорасынан омброфиттерге – Salsola laricifolia
Artemisia terrae – albae Krasch- Полынь серая
Artemisis turanica Krash- Полынь Туранская
Artemisia sublessingiana Krach. ex Poljax.- Полынь Лессинговская
Salsola orientalis S.J.Jmel (= Salsola rigida Pall.)- Соленка жесткая - Күйреуік
Krascheninnikovia cerotoides (L) С. А. М.- Терескен
Caragana balchaschensis (Kom.) Pojark- Карагана жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет