1-дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны. Мүшелер, мүшелер жүйелері. Аппаратттар, біртұтас организм


Адам эволюциясының негізгі кезеңдері: австралопитектер, архантроптар, палеонтроптар және неоантроптар. Антропогенездің қозғаушы күштері



бет4/7
Дата22.10.2023
өлшемі34,6 Kb.
#187421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-1693979813789

Адам эволюциясының негізгі кезеңдері: австралопитектер, архантроптар, палеонтроптар және неоантроптар. Антропогенездің қозғаушы күштері.

Ч. Дарвиннің эволюциялық іліміне сәйкес адам да ұзақ уақыт тарихи дамудың нәтежиесінде, әрі табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған. Сонымен бірге, адамның пайда болуында өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және сыртқы орта жағдайларына бейімделушілік қасиеттер де ерекше рөл атқарған.


Адамның шығу тегі мен даму кезеңдерін антропология ғылымының антропогенез саласы зертейді.
Адамның пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасқан. Оның ішінде Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми шындыққа сәйкес келеді. Палеонтологиялық, салыстырмалы-эмбриологиялық, салыстырмалы-анатомиялық және т.б. ғылыми мәліметтер адамның өзіне жақын өте ертеде өмір сүрген кейінннен жойылып кеткен адамтектес маймылдардың бір тармағынан пайда болғандығын дәлелдейді. Неміс ғалымы Э.Геккель қазіргі адамтектес маймылдар мен ежелгі адамдардың арғы тегінің бір екендігі туралы өз көзқарасын ұсынды. Соңғы кездегі палеонтологиялық (антропологиялық) жаңалықтар африкалық адамтектес маймылдар мен ежелгі қаңқа қалдықтары табылған адамдардың бір-біріне туыстық жақын екендігіне дәлел болып отыр.
Шамамен бұдан 60 млн. жыл бұрын пайда болған жартылай маймылдардан ұзақ уақыт тарихи даму кезінде дриопитектер (ағаш басындағы маймылдар) пайда болған. Олар бұдан 25-30 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Олардың бір тармағынан проконсулдар пайда болған. Проконсулдардың бір тармағынан ертедегі адамтектес маймылдар бөлінген. Бұдан 17 млн. жылдай бұрын Африкадағы адамтектес маймылдар Европаға, Индияға, Орталық Азияға тарала бастаған.
Ғылыми деректер бойынша бұдан 7-8 млн. жыл бұрын африкалық адамтектес маймылдардан адамның ежелгі топтары бөлінген.
Адамның пайда болуы мен тарихи дамуында негізінен 4 кезеңді ажыратады. Ең алғашқы кезең - австралопитектер (оңтүстік маймылдары) деп аталады. Бұлардың қаңқа қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка өңірінен табылды. Олар бұдан 7-8 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Олардың бассүйектері Африкадағы адамтектес маймылдарға (шимпанзеге, гориллаға) ұқсас екендігі дәлелденді. Австралопитектер екі аяғы мен тік жүріп тіршілік еткен. Олардың миының салмағы 530 грамдай болған. Олардың бір тармағы епті адам (Homo haвilis) деп аталады. Олардың қаңқа қалдықтары бойынша миының салмағы 680-700 г. болған. Австралопитектер де, епті адамдар да адамдар (Hominidаe) тұқымдасына жатқызылады.
Адамның пайда болуының 2-кезеңі – архантроптар (ежелгі адамдар) деп аталады. Кейде оларды тік жүретін адам (Homo erectus) деп бір түрге ғана жатқызады. Олар бұдан 1,9 млн. – 600 мың жылдай бұрын өмір сүрген. Олардың миының салмағы 850-900г. болған. Олардың қаңқа қалдықтары Африкадан, Европадан және Азиядан табылған. Архантроптардың жеке топтары – питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы деп аталады.
Адам эволюциясының 3 кезеңі - палеоантроптар (ертедегі адамдар) деп аталады. Кейде оларды неандерталь адамдары деп те атайды. Олар Африкада, Азияда және Европада кеңінен таралып, бұдан 1,5 млн. – 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олардың миының салмағы орташа есеппен 1400 г. болған.
Адам эволюциясының 4 кезеңі – неоантроптар (жаңа адамдар) деп аталады. Кейде оларды кроманьон адамдары деп те атайды. Олар бұдан 50-30 мың жыл бұрын өмір сүріп, жер шарында кеңінен таралған. Олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет (1868) Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан кроманьон адамдары деп аталған. Олар қазіргі кезде тіршілік ететін саналы адамдардың тікелей арғы тегі деп есептелінеді.
Австралопитектердің, епті адамдардың, архантроптардың, палеоантроптардың және кроманьон адамдарының тек қаңқа қалдықтары сақталған.
Адамның пайда болуында және оның тарихи дамуының алғашқы кезеңдерінде негізінен биологиялық факторлар (тіршілік үшін күрес, тұқымқуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу) шешуші рөл атқарған. Ал, адамның тарихи дамуының соңғы кезеңдерінде (палеантроптарда, неоантроптарды) әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, ақыл-ой, сана, қоғамдасып тіршілік ету, сөз) әсері күшейе түскен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет