1-дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны. Мүшелер, мүшелер жүйелері. Аппаратттар, біртұтас организм


А. Везалий ғылыми анатомияның негізін салды. XVII ғасырда Антон ван Левенгуктың



бет3/7
Дата22.10.2023
өлшемі34,6 Kb.
#187421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-1693979813789
Қысқамерзімді жоспар-emirsaba.org 2
А. Везалий ғылыми анатомияның негізін салды. XVII ғасырда Антон ван Левенгуктың (1632-1723) микроскопты жетілдіре түсуі нәтежиесінде адам денесінің ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы зерттеле басталды.
XVIII-ХIХ ғасырларда жаратылыстану ғылымында іргелі жаңалықтар ашылды. М. Шлейден, Т. Шванн және Р. Вирхов клеткалық теорияны ашты. Ал, Ч. Дарвин эволюциялық ілімнің негізін қалады.
Адам анатомиясы ғылымның дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. Олардың ішінен М.В.Ломоносовты, А.П.Протасовты, А.М.Шумлянскийді, Е.О.Мухинды, Д.Н.Зерновты, П.А.Загорскийді және т.б. атауға болады.
Көрнекті орыс ғалымдары Н.И.Пирогов, П.Ф.Лесгафт, И.М.Сеченов, И.И.Мечников, С.П.Боткин, И.В.Павловтың анатомия ғылымының дамуына сіңірген еңбектері ерекше.
Анатомия ғылымына зор үлес қосқан қазақ ғалымы Халел Досмұхамедов (1883-1939). Ол “Оқушының денсаулығын сақтау” (1925), “Адамның тән тірлігі” (1927) деген еңбектер жазып, анатомия, физиология және гигиена мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Адам тірі организмдердің тарихи дамуында ең жоғары сатыдағы биологиялық түр. Адам жануарлар дүниесіне (Animalia) жатады. Оның ішінде желілілер (Chordata) типіне, омыртқалылар тип тармағына (Vertebrata), сүтқоректілер класына (Mammaliа), нағыз аңдар класс тармағына (Theria), ұрықжолдастылар инфракласына (Eutheria), приматтар отрядына (Primates), адамтектес маймылдар отряд тармағына (Anthropodea), тартанаулы маймылдар инфраотрядына (Catarrhini), адамдар тұқымдасына (Hominidаe), адам туысына (Homo), саналы адам түріне (Homo sapiens, L, 1758) жатады.




Тірі ағзалар жүйесіндегі адамның орны



Р/с

Жүйелік топтар

Қазақша атаулары

Орысша атаулары

Латынша атаулары

1

Империя

Жасушалық құрылысы айқын ағзалар

Клеточные организмы

Imperium

2

Патшалық үсті (надцарство)

Ядросы айқын ағзалар

Ядерные организмы

Eukaryota

3

Патшалық (дүние) – (царство)

Жануарлар

Животное

Animalia

4

Патшалық тармағы (подцарство)

Көпжасушалы жануарлар

Многоклеточные организмы

Metazoo

5

Тип

Хордалылар (желілілер)

Хордовые

Chordata

6

Тип тармағы (подтип)

Омыртқалылар

Позвоночные

Vertebrata

7

Класс

Сүтқоректілер (аңдар)

Млекопитающие (звери)

Mammalia

8

Класс тармағы (подкласс)

Нағыз аңдар

Настоящие звери

Theria

9

Инфракласс

Ұрықжолдастылар

Плацентарные

Eutheria

10

Отряд

Маймылдар

Приматы (обезьяны)

Primates

11

Отряд тармағы (подотряд)

Жоғары сатыдағы маймылдар

Высшие обезьяны

Anthropoidae

12

Инфраотряд
(секция)

Тартанаулы маймылдар

Узконосые обезьяны

Catazhina

13

Тұқымдас үсті (надсемейство)

Адамтектес маймылдар

Человекообразные обезьяны

Hominoidae

14

Тұқымдасы (семейство)

Адамдар

Человеки

Hominidae

15

Туысы (род)

Адам

Человек

Homo

16

Түрі (вид)

Саналы адам

Человек разумный

Homo sapiens

Адамның жануарлар дүниесінің әрбір жүйелік топтарына тән ұқсас белгілері:

Р/с

Жүйелік топтар

Адам ағзасындағы ұқсастық белгілер

1

Хордалылар (желілер) типі

Ұрығының дамуында хорданың (желінің), жүйке түтігінің, жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларының болуы.

2

Омыртқалылар тип тармағы

Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы. Миының бес бөлімге (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми және мишық) бөлінуі; екі жұп (алдыңғы және артқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ жағында орналасуы.

3

Сүтқоректілер класы

Терісінде тер, май және сүт бездері мен түктерінің болуы; ми қыртысының күрделі дамуы, тістерінің жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер) жіктелуі; кеуде қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұратын көкеттің (диафрагма) болуы; қалдық белгілер (рудимент) мен арғы ата тегінің белгілерін (атавизм) қайталауы және т.б.

4

Нағыз аңдар класс тармағы

Етті еріндерінің болуы; ұрпағын тірі туып, сүтпен асырауы; сүт бездерінің ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т.б.

5

Ұрықжолдастылар инфракласы

Жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын ұрықжолдасының (плацента) болуы; ұрығының аналық ағзадағы арнайы мүше – жатырда дамуы және ұрығының ұрықжолдасы арқылы қоректенуі және т.б.

6

Маймылдар отряды
(приматтар)

Кеуде тұсында бір жұп сүт бездерінің болуы; саусақтарының ұштарында мүйізді тырнақтары мен алақанында бедерлі өрнектерінің болуы; алдыңғы аяқтарындағы басбармағының басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы; етеккір кезеңінің ұқсас болуы; жүктілік мерзімінің 9 айға дейін созылуы т.б.

7

Жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағы

Көпшілік түрлерінде құйрығының болмауы; миының мөлшерінің төменгі сатыдағы маймылдардан едәуір үлкен болуы; алдыңғы ми сыңарларында көптеген сайшалар мен иірімдердің болуы; саусақтарындағы тырнақтарының жалпақ (үшкір емес) болуы; қан топтары мен қан құрамындағы резус-факторлардың ұқсас болуы және т.б.

8

Тартанаулы маймылдар инфраотряды

Мұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бөлінуі; танау тесіктерінің бір-біріне жақын, әрі төмен қарай орналасуы. Миының жақсы дамуы және т.б.

9

Адамтектес маймылдар тұқымдас үсті

Тұлғасының ірі болуы; ұртының жақсы дамуы; шонданайында сүйелді түзілістің болуы; құлақ қалқанының ұқсастығы; үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігінің жақсы дамуы; көптеген ішкі мүшелерінің (бүйрек, өкпе, т.б.) құрылысының ұқсас болуы; қалдық мүшелердің (аппендикс, т.б.) сақталуы; иммундық қасиеттерінің ұқсастығы; көптеген жұқпалы аурулардың таралуының ұқсас болуы және т.б.

10

Адамдар тұқымдасы

Екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуі; аяқ-қол бұлшықеттерінің жақсы дамуы, табан сүйектерінің күмбезденіп орналасуы, бесбармақтарының өте күшті дамуы; қолбасы сүйектерінің күрделі қозғалыстар жасауға икемділігі; омыртқа жотасында 4 иілімнің пайда болуы; жамбас қуысының кең болуы; бассүйегіндегі ми сауыты бөлімінің бет бөлімінен едәуір үлкен болуы, көзінің бинокулярлық көру ерекшелігі; иық буынының әр түрлі бағытта қозғала алуы және т.б. Еңбек құралдарын жасауға қолының икем болуы; қоғамдық еңбек етуіне байланысты санасының жетілуі, сөз арқылы қарым-қатынас жасауы және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет