1 ДƏріс. Кіріспе. Қазақстан Республикасында, тмд мемлекеттерінде жəне шет елдерде мұнай өндіру саласының даму болашағы жəне негізгі бағыттары



бет4/6
Дата04.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189599
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1-4

Газ факторы бұл еркін күйінде мұнай қабатынан алынатын, сондай-ақ мұнайды айырудың əртүрлі сатыларынан соң бөлініп шыққан жалпы газ мөлшерін көрсетеді. Əдетте газдың бірлік көлемінен немесе массасынан бөлініп шығатын газ мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді (Р=0,1 МПа жəне Т=273 К). Газ факторының өлшем бірлігі (м33 немесе м3/т). Терең жатқан өнімді қабаттардан өндірілетін жеңіл мұнайлар жоғары газ факторымен сипатталады. Шамалы тереңдіктен алынатын ауыр асфальтты-шайырлы мұнайлардың құрамында газ мөлшері көп болмайды. Мұнай газы - бұл С1-ден С4 -ке дейін жəне одан да жоғары метан қатарының көмірсутектерінің күрделі көпкомпонентті қоспалары, сондай-ақ онда көмірсутек емес газдар - азот, көмірқышқыл газы, күкіртсутек жəне инертті газдар болуы мүмкін. Əртүрлі кен орындарынан өндірілетін мұнай газы компоненттік құрамы бойынша едəуір ерекшеленеді. Мұнайгазының неғұрлым бағалы компоненттеріне С3 жəне одан да жоғары көмірсутектерінің фракциялары жатады. Газда қышқыл компоненттер деп аталатын Н2S жəне СО2-нің болуы, сондай-ақ су буының болуы мұнайхимиясы үшін мұнайгазын отын жəне шикізат ретінде қолдануды қиындатады жəне оны алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде қиындықтар туғызады, сондықтан кəсіпшілікте оны дайындау: кептіру жəне тазарту жүзеге асырылады.
Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды: rқос/22,41 ;
мұнда r - газ қоспасының тығыздығы, кг/м3;
Жоғары сығымдылық коэффициент - газды есептеу барысында қолданылатын ең маңызды параметр. Ол реалды (нақты) газдың идеалды газдан ауытқуын сипаттайды жəне Браун-Катц графигі бойынша бойынша келтірілген қысым Ркел мен температура Ткел негізінде анықталады (келтірілген параметрлер - газдың нақты параметрлерінің критикалықтан қаншалықты есе ерекшеленетіндігін көрсететін өлшемсіз шама).
Газдардың тұтқырлығы - газдың құрамына, температурасына жəне қысымына байланысты болады. Мұнайгазы үшін меншікті жылусыйымдылығы мұнайдікіне ұқсас (1,7-2,1 кДж/кг×К) аралығында болады. Метандық газ үшін ең жоғарғы меншікті жылусыйымдылық 2,48 кДж/кг×К. Пропан мен бутанның болуы жалпы жылусыйымдылықты төмендетеді. Көмірсутек емес газдардың меншікті жылусыйымдылығы 1,0 аралығында болады. Мұнайгазының жылуөткізгіштік коэффициенті 0,01-0,03 Вт/м×К аралығында болады. Мұнай кен орындарының қабат сулары ұңғы өнімінің ажырамас құрам бөлігі болып саналады жəне кəсіпшілікте мұнайды жинау жəне дайындау кезінде едəуір қиыншылық туғызады. Əртүрлі кен орындарындағы ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілетін қабат суларын, əдетте олардың құрамында еріген минералды тұздардың концентрациясына, газдар мен микроорганизмдердің болуына байланысты ажыратады. Қабат суларын негізгі екі топқа бөледі:
1) қатты - хлоркальцилі жəне хлормагнилі; 2) сілтілі - гидрокарбонатнатрилі.
Көбінесе қабат суларының негізгі басты құрамына: хлорлы натрий NaCL, хлорлы кальций CaCL2 жəне хлорлы магний MgCL2 жатады. Қабат суларында аниондар мен катиондарға ыдырайтын көптеген тұздар еріген.
Аниондарға жататын иондар: OH- , Cl-, SO4-, HCO3-, CO3-.
Катиондарға жататын иондар: H+, K+, Na+, NH4+, Mg++, Ca++, Fe++, Ba++, Lі+.
Қабат суларының құрамында коллоидтар болуы мүмкін: кремнидің қостотығы SіO2, алюминий тотығы Al2O3, темір тотығы Fe2O3, сондай-ақ газдар: көмірқышқыл газы, күкіртсутек, азот, сутек, инертті газдар, көмірсутектері де кездеседі. Олардың арасындағы сандық (мөлшерлік) қатынас қабат суларының түрін жəне қасиетін анықтайды. Бірлік көлемге келтірілген қабат суында еріген заттың мөлшерін жалпы минерализация деп атайды.
Қабат суының минерализациясы 1кг/м3-тен 200кг/м3-ке дейінгі аралықта болады, көбінесе қабат суының минерализациясы г/л өлшенеді.
Табиғи суларды құрамындағы тұздардың массалық үлесі (%) бойынша былай бөледі:
- құрамында 0,001-0,1% тұз болса - тұщы су; - құрамында 0,1-5% тұз болса - минералды су; - құрамында 5-35% тұз болса - ащы су.
Қабат суларының ең маңызды сипаттамасының бірі, бұл сулы ерітіндінің қышқылдық немесе сілтілік ортада екендігін көрсететін сутегі иондарының рН концентрациялық көрсеткіші.
Практикада суды рН шамасы бойынша бес топқа жіктейді:

  1. 3-ке дейін - қышқылды;

  2. 4-6 - əлсізқышқылды;

  3. 7 - бейтарап;

  4. 8-10 - əлсізсілтілі; 5) 11-14 - сілтілі.

рН шамасы жəне суда еріген оттегінің болуы жабдықтардың коррозиясына едəуір əсер етеді. Қабат суындағы еріген тұздар металл коррозиясын үдетеді. Сонымен қатар қабат суларында күкіртсутек пен көмірқышқыл газының болуы оның коррозиялық қабілетін арттыра түседі. Қабат суының жоғары температурасы да оның коррозиялық əрекеттілігін арттырады.
Тұщы судың жылусыйымдылығы - 4,19 кДж/кг×К, кристалды NaCl - 0,88 кДж/кг×К, сондықтан минерализацияны ұлғайтқан кезде, оның жылусыйымдылығы төмендейді.
Қабат суларының жылусыйымдылық коэффициенті 0,54-0,65 Вт/м×К аралығында болады.
Негізгі əдебиеттер: 1[19-34].
Қосымша əдебиеттер: 2[33-35, 163-165].
Бақылау сұрақтары:

  1. Мұнай құрамына қандай көмірсутектері кіреді?

  2. Мұнайгазы дегеніміз не?

  3. Мұнай құрамын қалай жіктейді?

  4. Мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы неге байланысты?

  5. “Газ факторы” түсінігіне анықтама беріңіз?

  6. Табиғи газдың жоғарысығымдылық коэффициенті нені сипаттайды? Оны қалай анықтайды?

  7. Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады?

  8. рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет