Sмен =VS =ppdd23 =d6
6
яғни, меншікті бет бөлшектер өлшеміне (размеріне) кері пропорционал. Эмульсияның тұтқырлығын мұнай мен судың жалпы тұтқырлығы ретінде қарастыруға болмайды mэ¹mм+mс яғни ол мұнайдың яғни ол мұнайдың тұтқырлығына, эмульсияның түзілу температурасына, судың мөлшеріне, дисперсті ортадағы дисперсті фазаның тамшылар диаметріне байланысты болады. Мұнай эмульсиясының тұтқыр-лығы парафинді мұнайлардың тұтқырлығы сияқты Ньютон заңына бағынбайды да, ал жылдамдық градиентіне -dw/dx байланысты өзгереді жəне мүмкін тұтқырлық- m* деп аталады.
Эмульсия тұтқырлығының аномалдылығының негізгі себептері болып кернеу ұлғайған кезде ұсақталған (дисперленген) бөлшектердің деформациясы болып табылады. Берілген күш өскен сайын тамшылар ұзарады, яғни шарикті түрден эллипсоидты түрге айналады.
Мұнай эмульсиясындағы су құрамының көбеюі, мүмкін тұтқырлықтың инверсия нүктесіне дейін ұлғаюына əкеледі, яғни эмульсияның бір түрден екінші түрге өтуі. Эйнштейн эмульсияның тұтқырлығын анықтау үшін келесі формуланы ұсынды:
h0 =h(1+ 2,5j),
мұнда h0- дисперсті жүйенің тұтқырлығы; h-дисперсті ортаның тұтқырлығы; j- ұсақталған (диспер-ленген) зат көлемінің жүйенің жалпы көлеміне қатынасы (мұнайдағы су (М/С) түріндегі эмульсия үшін бұл сулану пайызын көрсетеді). Тəжірибеде мұнай эмульсиясының тұтқырлығын вискозиметрдің көмегі арқылы анықтауға болады.
Эмульсияның тығыздығын сұйықтар үшін қабылданған əдістер арқылы мұнайдағы судың пайыздық құрамын ескере отырып, олардың белгілі тығыздықтары бойынша келесі формула арқылы анықтайды:
rЭ= 1 ,
0,01q 1-0,01q +
rс rм мұнда rэ, rм, rс - эмульсияның, мұнайдың жəне судың сəйкесті
тығыздықтары; q -эмульсиядағы судың жəне еріген тұздардың массалық үлесінің құрамы, qмына формула бойынша анықталады: q=
1- 0.01x мұнда qо- эмульсиядағы таза судың құрамы; х- судағы тұздардың
пайыздық құрамы.
Эмульсиялардың электрлік қасиеті. Мұнай мен су таза күйінде - электр тогын өткізбейді (диэлектрлі болады). Бірақта, судағы еріген тұздардың немесе қышқылдардың елеусіз құрамының өзі, оның электрөткізгіштігін бірнеше есеге арттырады. Сондықтан мұнай эмульсиясының электрөткізгіштігі: су мөлшеріне, дисперстік дəрежесіне, қышқылдар мен тұздардың мөлшеріне негізделеді. Күштік өріс бойында орналасқан мұнай эмульсиясындағы су тамшылары күш сызығының бойында орналасып, осының əсерінен электрөткізгіштіктің тез ұлғаюына əкелетіні эксперименталды дəлелденген. Эмульсияның осы қасиеті оны бұзу үшін электр өрісін қолдануға негізгі себеп болады.
Инверсия – бұл фазалардың, яғни эмульсиялардың бір түрден екінші түрге өтуі.
Коагуляция – дисперсті бөлшектерді молекулярлық күштер арқылы жабыстырып, біріктіріп үлкейту, ірілендіру.
Коалесценция - су немесе мұнай тамшыларының бір бүтін болып қосылуы, яғни бөлшектердің коагуляциясы ең терең түрде жүретін кезеңі, бұл кезде беттердің жанасуы толығымен жойылады.
Негізгі əдебиеттер: 1[35-44].
Қосымша əдебиеттер: 2[92-102].
Бақылау сұрақтары:
Мұнай эмульсиясы дегеніміз не?
Мұнай эмульсиясының түзілуіне жəне беріктігіне қандай факторлар əсер етеді?
Мұнай эмульсиясының тұтқырлығы неге байланысты болады?
Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура жəне қандайын кері деп атайды?