Николай I Бернулли (1687-1795) – Якоб және Иоганн I Бернуллилардың жиені, ықтималдықтар теориясымен және интегралдық есептеулермен айналысқан, Падуа университетінің математика профессоры, кейіннен Базель университетінің логика және заң профессоры.
Николай II Бернулли (1695-1726)- Иоганн I Бернуллидың баласы, 1725-26 жж. Петербургте математика профессоры қызметін атқарған, «Петербург парадоксы» мәселесін шешкен.
Даниил Бернулли (1700-1782) - Иоганн I Бернуллидың баласы, 1725-33 ж.ж. Петербург Ғылым Академиясында әуелі физиология, кейіннен механика саласында қызметтер атқарған, 1733-1782 жж. Базель университетінің меңгеруші-профессоры, Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі. Математикадан бірқатар жаңалықтар ашқан: алгебралық теңдеулерді қайталама қатарлар арқылы шешу әдісі, e санының анықтамасы, идеал сұйықтың қозғалысының теңдеуі, т.б. Ол математика мен физика саласындағы маңызды еңбектері үшін берілетін Париж Ғылым Академиясының сыйлықтарын 10 рет алған.
Достарыңызбен бөлісу: |