1 дәріс. Кіріспе. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері Дәріс жоспары



бет8/18
Дата07.02.2022
өлшемі113,5 Kb.
#86425
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
№ 1 дәріс Сақтау

Қалыпты(умеренные)

не выше +10…+12

Алкоголді және алкогольсіз сусындар, арақтан басқа, сыра (2 ºСтан төмен емес)

Кең
диапазонды
температура

-30…+30

Нанбөлішке өнімдері, құрғақ бакалеялы тауарлар(ұн, жарма, қант, макарон және кептірілген өнімдер), спирт, арақ (тоңазыту температурасынан төмен емес)

Кең
диапазонды
оң температура



0…+25

0…+18


Консервілер, шарап, ликерлі өнімдер, тосап, джемдер, повидло

Өсімдік майы, кондитер өнімдерінің көпшілігі

Әр ассортимент немесе тұтыну тауарлары түрінің шекті температурасы белгіленеді (жоғары және/немесе төмен емес).


Ерекше тез бұзылатын тауарлардың сақтау мерзімі және шарттары (оның ішінде температура және ауаның салыстырмалы ылғалдығы) өнім стандарттарында немесе санитарлық ережелерінде көрсетіледі.
Тамақ өнімдерін тасымалдау кезіндегі температуралық режимі көлік органдарының тиісті ережелерімен белгіленеді (кодекстерінде немесе жарғыларында).

2.2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (АСЫ) - относительная влажность воздуха ОВВ)
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (АСЫ) – ауаның су буларымен қанығу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш.
АСЫ белгілі бір ауа көлеміндегі су буларының шын мәніндегі мөлшері мен бірдей температурада сондай көлемдегі ауа мөлшерін қанықтыруға кететін су буларына қатынасымен анықталады.
АСЫ қоршаған ортадағы су буларының тапшылығын білдіретін шама. Өйткені, тепе теңдік жағдайы неғұрлым тұрақты болып табылады, ал су буларының жетіспеген кезінде тұрақсыз жағдай түзіліп, анағұрлым ылғалды объектілерден судың булануы жүреді.
Тауарлардан судың булануы сандық және сапалық шығындарға әкеледі, атап айтқанда кебу және солу есебінен салмақтың табиғи кемуі жүреді, соның салдарынан қалдықтардың мөлшері ұлғаяды.
Тауарлардың ылғалдылығы жоғары мен АСЫ төмен болған сайын, соғұрлым олардың шығыны жоғары болады. Сондықтан, ылғалдылығы жоғары тауарларды жоғары АСЫ сақтау ұсынылады.
Алайда, мұндай ылғалдылық режимі құрғақ тауарлар үшін жарамсыз, өйткені олар су буын сіңіріп алып, ылғалданады және микробиологиялық бүлінуге ұшырауы мүмкін.
Сақтаудың ылғалдылық режимін таңдауға сондай-ақ қоршаған ортаның температурасы және тауардың қорғаушы, ылғал өткізбейтін қабықшаларының болуы әсер етеді.
АСЫ температурамен кері тәуелді байланыста. Температураның артуымен ауаның ылғалсыйымдылығы артады, демек, АСЫ төмендейді. Бұл жағдайда абсолюттік ылғалдылық(ауадағы су буларының нақты мөлшері) артады.
Шық нүктесінен төмен температурада абсолюттік ылғалдылық қанығуға қажетті су буларының мөлшерінен жоғары болады. Осының салдарынан артық булар конденсат түрінде ыдыста, өнімдерде, сондай-ақ, сақтау қоймаларының қабырғалар мен төбелерінде пайда болады. тауардың бетінде сұйық-тамшы сулар пайда болған кезде микробиологиялық бұзылу, сондай-ақ металл беттерінде коррозия жылдам жүреді.
Оңтайлы ылғалдылық режиміне қойылатын талаптарға байланысты барлық тұтыну тауарларын төрт топқа бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет