Төмендегі анықтамаларды білу қажет: Өнімдердің сақталғыштығы (сохраняемость) – өнімді сақтау немесе белгілі бір уақыт ішінде тұтыну кезінде оның тұтынушылық қасиетін өзгертпеу.
Сақтау мерзімі(срок хранения) - белгіленген сақтау шарттарын сақтаған кезде өнімдердің нормативтік немесе техникалық құжатта көрсетілген қасиеттерін сақтау кезеңі. Сақтау мерзімі өтіп кеткенімен өнім мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болмайды.
Жарамдылық мерзімі (срок годности) – мерзімі өткеннен кейін өнімнің мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып есептелетін кезең.
Өткізу мерзімі(срок реализации) - тамақ өнімін тұтынушыға ұсына алатын кезең.
Дайындау күні (дата изготовления) – дайындаушының белгілейтін және тағамдық өнімді дайындаудың технологиялық процесінің аяқталған сәті туралы ақпарат беретін күні.
Буып-түю күні (дата упаковывания) (сұйық өнімдер үшін құю күні) - азық-түлік өнімдерін тұтыну ыдысына орналастыру күні.
Сақтау шарттары - сақтау қоймасына өнімдерді орналастыру және сақтау режиміне негізделген қоршаған ортаның сыртқы әсерлерінің жиынтығы.
Сақтау режимі - өнімдердің сақталуын қамтамасыз ететін, климаттық және санитарлық-гигиеналық талаптардың жиынтығы.
№2. Сақтаудың климаттық шарттары