Зарядтар жүйесінің өріс потенциалы әр жеке зарядтың туғызатын өріс потенциалдарының алгебралық қосындысына тең:
Электростатикалық өрісте электр зарядын кез-келген L тұйық контур бойымен орын ауыстырғандағы атқарылатын жұмыс нөлге тең:
Электростатикалық өріс кернеулігі мен потенциал арасындағы байланыс мына теңдеумен өрнектеледі:
Барлық нүктелеріндегі потенциалдың мәндері бірдей беттерді эквипотенциалды беттер деп атайды.
6 Дәріс
Металлда, вакуумдегі және газдардағы электр токтары.
Электр зарядтарының реттелген (бағытталған) қозғалысы электр тогы деп аталады. Электр тогы пайда болуы үшін екі қажетті шарттың орындалуы тиіс:
1. қарастырылып отырған денеде токтың еркін тасушыларының, яғни бүкіл дене шегінде қозғала алатын зарядталған бөлшектердің бар болуы;
2. дененің ішінде электр өрісінің бар болуы.
Токтың бағыты ретінде шартты түрде оң зарядтардың қозғалыс бағыты алынған.
Электр тогының сандық сипаттамасы ретінде екі шама пайдаланылады: ток күші және ток тығыздығы.
Ток күші I – бірлік уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядымен анықталатын физикалық шама:
I = dq/dt .
Егер токтың күші және бағыты уақытқа орай өзгермесе, мұндай ток тұрақты деп аталады. Тұрақты ток үшін
I = q/t .
Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А).
Бірлік уақыт ішінде тоқтың бағытына перпендикуляр орналасқан бірлік бет арқылы өтетін зарядпен анықталатын физикалық шаманы тоқтың тығыздығы деп атайды:
Тоқтың тығыздығы зарядтардың реттелген қозғалысының (дрейфінің) v жылдамдығына байланысты:
мұндағы n және q - ток тасушыларының шоғыры мен зарядына сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |