1-дәріс: Мәдениет морфологиясы



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1

Мәдениет және өркениет
Мәдениет ұғымымен тығыз қарым-қатынаста жүретін және маңыздылығы жағынан кем түспейтін «өркениет» ұғымының болмысын қарастыратын болсақ, оның белгілі бір дәрежеде мәдени мәнге ие екенін байқауға болады. Сонымен қатар, өркениет дегеніміз мәдениетті толықтырушы және осы мәдениеттің қайталанбас, дара, қажетті сәті. Олай болса, өркениет шекарасының мәдениет негізінде айқындалары сөзсіз. Мәдениет ұғымын онтологиялық тұрғыда алып қарайтын болсақ, өркениеттен жоғары екенін көреміз. Неміс ғалымы және мәдениеттанушысы Освальд Шпенглердің пікірінше, әрбір мәдениеттің өзіндік жеке өркениеті болады. Оның ойынша, өркениет мәдениеттің құтылмас, шарасыз тағдыры болып табылады. Және өркениет жоғары адамдар типінің қол жеткізе алатын ең соңғы және өте жасанды мәні. Олар – соңы, бірақ та олар ішкі қажеттілік үдеріс барысында әрқашанда шынайылылықпен сипатталады.
Мәдениет және өркениет ұғымдары көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар. «Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Фергюссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған: кең және тар мағынада. Біріншісі, Фергюссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы, «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы Париж салондарына жол ашты.
Өркениет негізін мәдениет құрайды, яғни өркениет мәдениеттің сыртқы формасы, қабығы. Жер жүзіндегі мәдениеттердің барлығы құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Кез келген мәдениеттің белгілі бір ерекше тұсы келесі мәдениетте әлсіздік танытса, дәл осы әлсіздік өзге мәдениет өркендеуінің басты себебі болуы мүмкін. Демек, мәдениеттер әрдайым өзгерісте, олардың өзіндік ерекшеліктері мәдени белгілер жиынтығының ұдайылығы мен екпінінен айқын көрінеді. Өзгермелі мәдениеттің орны мен уақыты ауысқан сәтте, мәдениет субъектілері – этнос, социум, тұлғалар да өзгеріп отырады. Ол үшін біз мәдениет динамикасын өте жақсы меңгеруіміз қажет, тек осындай білім ғана бізге константты анықтауға жәрдем береді. Үздіксіз үдерісті меңгеру феноменнің үстемдік етуші белгілерін анықтайды, әрі бейімделуге қолайлы қозғалмалы-иілгіш қалыпқа келіп, терең зерттеуді талап етеді. Аталмыш өзекті мәселе біздің зерттеу жұмысымызда әлемдік мәдени-философиялық идеялар тұрғысынан талданып, өркениеттік негіздер арқылы көрініс тапты.
Өркениет өзін-өзі бұзбай, жүйе ретінде қалыптасып, тұтастықты сақтау мақсатында міндетті түрде қажет. Өркениет дами отыра өзгереді, себебі даму ұғымының дұрыс мағынасы – Өзгеріс. Өркениет өзгеріске ең бірінші ішкі негіз бойынша ұшырайды, өйткені ол ашық жүйе. Ашық жүйе әрқашан жаңа ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу үзіліссіз үдеріске тән. Сонымен қатар, ол табиғи аймақтан да көптеген жаңалықтар мен мәліметтер ала алады.
Өркениеттің ең маңызды белгілері мыналар: 1) мемлекеттің құрылуы, 2) жазудың пайда болуы, 3) егін шаруашылығының басқа кәсіп түрлерінен бөлініп шығуы, 4) қоғамның таптарға жіктелуі, 5) қалалардың пайда болуы. Алғашқы екі белгінің болуын міндетті деп санайды, ал қалғандардың қажеттілігі күмән тудырады. Ал мәдениетке келсек, онда ұлттық ерекшелік пен бірегейлік, қайталанбастық пен сонылық, құбылмалық пен жаңашылдық, өзіне-өзі қанағаттанбау, сыни және шығармашылық бастау, бағалылық, биік идеалға ұмтылу бірінші кезекте орын алады.
XVІІІ ғасырда «өркениет» ұғымы ғылыми айналымға француз ағартушыларының ықпалымен еніп, ақыл-ой мен әділетілікке негізделген қоғам мағынасында түсіндірілді. Кейіннен өркениетті қоғам жетістігінің рухани және материалды-техникалық бірлігі уақыт пен кеңістікті шектеулі шеңбер деп түсіне бастады. Қайта Өрлеу кезеңінде өркениет термин ретінде пайда болып, өз ауқымына өнер, ғылым, философия және т.б. заңдылықтарды енгізді. Бұған өркениеттің уақыттық және кеңістіктік өлшемі қосылып, нәтижесінде Еуропалық континент қалыптасты. Демек, Қайта Өрлеу кезеңі өркениетті барлық этностар мен бүкіл кезеңге тән парасатты абсолют және белгілі тығырықтан шығуға бағытталған іс-әрекет ретінде қарастырды. Өркениет ұғымын осы мағынада түсіну кейінірек еуропоцентристік идеяның қалыптасуына түрткі болды. Ал ХХ ғасырда «өркениет» ұғымы жаңаша сипатқа ие болды. Ендігі жерде бұл ұғым абсолют ретінде емес, тарихи тұрғыдан кеңістік пен уақыт аясында қарастырыла бастады. Біз өркениет мәселесіне тоқталғанда бұл ұғымды көбінесе адамзат қоғамының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырамыз.
«Өркениет» ұғымы антиктік қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды. XIX ғасырдың Ағарту дәуірінде әлеуметтік мәдени дамудың ең биік сипаттамасы ретінде қолданылады. XX ғасырда О. Шпенглер мен А. Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген ерекшелігі бар жергілікті қауымдастық мағынасы, яғни «тарихи өркениеттер» (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, ортағасыр, т.б.).
«Өркениет» («civilization») сөзі батыс қоғамының интеллектуалды және ғылыми айналымына «мәдениет» («culture») терминінен кейін енді. Бұл жағдайдың себебі – діни дүниетанымның ықпалы әлсірей бастаған соң, адам баласы Құдай ықпалынан біртіндеп шыққаннан кейін, Әлем адам баласы әрекетінің ортасы мен нәтижесі сипатына айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет