1-дәріс: Мәдениет морфологиясы



бет5/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1

Мәдениет теориялары
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениеттi қазiргi кезеңдегі түсiнігі оның дағдарысын, адам мен табиғат арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу мүмкiндiгiне жол ашылды.
Тiкелей мәдениетке арналған алғашқы жұмыстардың бiрi ағылшын тарихшысы Э. Тайлордың «Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Тайлор үшiн эволюционист ретiнде басты мақсат (яғни мәдениеттi кенеттен болатын өзгерiстер мен күйзелiссiз, оның бiртiндеп дамуы мен өгеруi процесiнде қарастыруды қолдайтын) “Жабайылықтан” “өркениетке” жету жолында адамзаттың мәдени бiрлiгi мен бiркелкi дамуын көрсету болды. Бiрақ эволюциялық процестi түсiндiру оның мәдениеттi қалай түсiнетiндiгiмен анықталады. Өркениетпен теңдесетiн мәдениеттi Тайлор былай анықтайды: “Мәдениет, немесе өркениет кең этнографиялық мәнде бiлiмнен, сенiмнен, өнерден, адамгершiлiктен, заңдардан, әдет-ғұрыптардан және адамның қоғам мүшесi ретiнде игерген басқа да қабiлеттерi мен әдеттерiнен құралады”.
Бiлiмнiң ерекше саласы ретiнде мәдениеттiң жалпы теориясын кұру мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi бiрнеше қайтара ұғынылды. “Мәдениеттануды” құруға талаптанған алғашқы зерттеушiлердiң бiрi (ол мәдениет туралы ойлаудың даму феноменiн белгiлеу үшiн осы терминдi ғылыми айналысқа енгiзу кажеттiлiгiн арнайы негiздейдi) белгiлi американ мәдениет антропологы Лесли Уайт болды. Ол “мәдениет туралы ғылымның синонимі ретінде” мәдениеттану терминін қолданудың негізін қалады. (Л. Уайттың негiзгi еңбегi осылай аталады). Оның мәдениет ұғымы болмыстың ерекше объектiсiн, әлеуметтiк кұбылыстардың ерекше тобын қамтиды. Жүйе ретiндегi мәдениет индивидтен кейiн тұрады: “Мәдениет” өзiне тән терминдермен түсiндiрiлу керек, алайда бұл әдеттен тыс болып көрiнуi мүмкiн, адамзатты зерттеудiң тiкелей объектiсi адам емес, мәдениет болады».
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi:
— біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
— екінші (ресми) қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез–құлық типтерінен, туыстық жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т.б. қатынастардан тұрады;
— үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады;
Жеке авторлардың еңбектерінде мәдениет әртүрлі көзқарас жағынан қарастырылады.
Көптеген ағартушы–философтар, мысалы, неміс ақыны және философы Ф. Шиллер мәдениетті ішкі, рухани байлығын сөз ете отырып, адамдағы адамшылық дәрежесі ретінде түсінген. Ф. Ницше мәдениетті халықтың өмір стилі ретінде анықтаған. Жоғарыда айтылған Л. Уайт оған дәстүрлер призмасынан қараған. Орыс философы Н. Бердяев үшін мәдениет “халықтың тірі тағдыры” , “адам мен адамзаттың заңды жолы”, “шығармашылық пен бостандықты жүзеге асыру ретінде” болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет