Жалпыланған математикалық модель Математикалық модель бастапқы міліметтер мен ізділетін шамалар арасындағы тәуелділікті өрнектейді. Жалпыланған математикалық моделдің элементтері (7-сурет):
кірістегі мәліметтер (айнымалылар) X, Y; X – вариацияланатын айнымалылар жиынтығы; Y – тәуелсіз айнымалылар (константалар);
кірістегі және шығыстағы жиындар арасындағы сандық немесе логикалық қатынастарды бейнелейтін ,математикалық амалдар жиыны ретінде ұғылатын, берілген мәліметтерге жа-салатын амалдарды анықтайтын математикалық оператор L;
қажет кезінде мақс ат функциясын қамтитын, критерийлік функциялар жиынтығын білдіретін шығыстағы мәліметтер (айнымалылар) G(X,Y)
Математикалық модель – жобаланатын нысанның математикалық аналогы. Оның нысанға адекват тылық дәрежесі жобалау есебінің қойылымы мен түзіктігінен анықталады.
Моделдердің қарапайымдылығы көбіне олардың сызықтығымен байланысқан. Математикалық тұрғыдан бұл суперпозиция қағидатына сай келеді.
Суперпозиция қағидаты орындалмағанда математикалық моделдер үшін бейсызықтық құбылысты нысаның қалпы туралы білу тұтас нысакн туралы толық ақпарат бере алмайды. Нақты үдерістер мен оларға сай математикалық моделдердің көпшілігі бейсызықты. Сызықты моделдер нақты нысанның қайбір жуықтауы саналып, тек дербес жағдайда ғана шешіледі.