Өріс.
Класс құрамында сипатталған деректерді өрістер дейді. Өрістер типтері кезкелген, мысалы, кластар болуы мүмкін:
type
TMyClass = class(TObject)
FCode: Integer;
FText: String;
FObj: TObject;
………….
end;
Әр объектінің өрістері бір-біріне тәуелсіз болғанмен кластың әдістері мен қасиеттері оларға ортақ қызмет етеді. Инкапсуляция принципі өрістерді пайдалануды әдістер мен қасиеттердің көмегімен жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен, Object Pascal тілінде өрістерді құрамды аттарының жәрдемімен тікелей пайдалана беруге рұқсат етіледі:
var
MyObject: TMyClass;
begin
.................
MyObject. FCode:= 1;
MyObject. FText:= ‘Object Pascal’;
………….
end;
Ұрпақ-класс барлық ата-кластарының өрістерін мұра ретінде пайдаланады және оған жаңа өрістерді қоса алады. Ата-кластардың өрістерін қайтадан анықтауға және жоюға болмайды. Осындай жолмен туындаған ұрпақ-кластардың пайдаланатын деректері барған сайын молая түсетіні анық
Әдістер.
Класс құрамында сипатталған процедуралар мен функцияларды әдістер дейді. Олар кәдімгі ішкі программалар сияқты анықталады:
type
TMyClass = class(TObject)
Достарыңызбен бөлісу: |