1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі


Қосалқы программаның сипаттамасы



бет19/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
ОББ

Қосалқы программаның сипаттамасы.

Object Pascal тілінде ішкі программалар деп аталатын, белгілі бір қызмет атқаратын шағын программалық бөліктер – функциялар және процедуралар кеңінен пайдаланылады. Олардың екі түрі бар: стандартты және пайдаланушының ішкі программалары. Қызметтері алдын ала анықталған дайын стандартты функциялар мен процедуралар әртүрлі стандартты модульдерде топтастырылған. Олардың кейбіреуін ілгеріде қолданған болатынбыз.

Қажет болса, пайдаланушы ішкі программаны өзі жасақтай алады. Ол үшін ішкі программа сипатталуы тиіс. Ішкі программаны қолдану программа құруды жеңілдетіп қана қоймай, оның оқылуын да түсінікті етеді. Процедураны орындату үшін шақыру операторында, ал функцияны орындату үшін өрнекте аты аталуы тиіс. Функциялар және процедуралардың сиптталуы мен пайдалануында азғана айырмашылық бар. Өрнек сияқты, функцияның бір ғана мәні болады, сондықтан оны программада тұрақты немесе айнымалы тәрізді пайдала беруге болады. Ал, процедураның мәні болмайды, дегенмен, өзінің параметрлері арқылы бір не бірнеше мәндерді бере алады.

Ішкі программаның құрылымы жай программаға өте ұқсас, өзгешелік олардың тақырыптары мен модульдерді пайдалану не пайдаланбауында ғана.

Ішкі программалармен байланыс қызметі басқару және деректер бойынша жүзеге асырылады. Басқару бойынша байланыс қызметі басқаруды программадан ішкі программаға және керісінше беру, ал деректер бойынша байланыс қызметі ішкі программаға қажетті деректерді жеткізу болып табылады. Деректерді жеткізу, көбінесе, параметрлер мен аргументтер арқылы іске асырылады. Параметрлер ішкі программаның, ал аргументтер орындаушы программаның элементтері болып табылады. Параметрлер ішкі программада орындалатын амалдарды сипаттаса, аргументтер ішкі программаны шақырғанда параметрлерді ауыстырады. Параметрлер мен аргументтердің аттары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, олардың саны мен жазылу реті бірдей, ал типтері сәйкес болуы шарт.

Ішкі программаны негізгі программадан шақырып қана қоймай, кезкелген басқа ішкі программадан да шақыруға болады. Ішкі программа өзін-өзі шақыра алады, бұл тәсілді рекурсия деп атайды. Ішкі программаның жұмысын аяқтап, басқаруды шақырушы программаға беру үшін Exit процедурасы қолданылады.

Егер A ішкі программасында B ішкі программасы сипатталған болса, онда A-ның айнымалыларын B-да пайдалануға болады, ал керісінше болмайды. Жалпы, тәуелсіз сипатталған екі ішкі программаның айнымалылары да тәуелсіз болады, яғни, олардың айнымалыларының бір-біріне ешқандай қатынасы жоқ деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет